Реферат тақырыбы: Заң психологиясының практикалық және теориялық байланысы


Оның ойынша барген жауап мүмкіндігі нақты шынайылыққа сәйкес келеді. Мұндағы мүмкіндік элементтері мыналардан тұрады



бет2/2
Дата19.03.2022
өлшемі28,6 Kb.
#136439
түріРеферат
1   2
Байланысты:
заң психологиясының практикалық және теориялық байланысы
1588618276, ПЕДАГОГИКА, ПЕДАГОГИКА, Өндіріс жарық, Адамның киіну мәдениеті. Киіну стильі мен тазалық., Адамның киіну мәдениеті. Киіну стильі мен тазалық.
Оның ойынша барген жауап мүмкіндігі нақты шынайылыққа сәйкес келеді. Мұндағы мүмкіндік элементтері мыналардан тұрады:

  • куә сипаттап айтып отырған оқиғаның мүмкіндігінен;

  • жауап алынып отырған тұлғаға қатысты гипотеза мүмкіндігінен;

  • куә жалған жауап беруде, бірақ қателесіп отыр;

  • куә қателеспейді, бірақ жалған жауап беріп отыр;

  • куә қателесіп те, жалған жауап беріп те отыр.

Лаплас мұндай жолмен куәнің жауабының жалған не рас екендігін анықтау фактілердің нәтижесі болып танылатын мән-жайлардың көптігінен қиын екендігін түсінді, білді. Сонда да, ол судья процесті жүргізу барысында, істі шешу барысында математикалық нақты есептеулерге емес, тек мүмкіндікке ғана сүйену қажет деп есептейді. Дегнмен де, Лапластың бұл сызбасы куә жауабын бағалаудың ғылыми әдісін құруға талпынған жұмысы тәрізді қызығушылық тудырды.
Сот психологиясында туындайтын мәселелерді зерттеу көп уақыт бойы осы алғашқы талпыныстардан кейін қолға алынбады. XiX ғ. екінші жартысында тек табиғи ғылымдардың да ғана емес, тіпті жетекші ірі капиталистік елдерде қылмыстылықтың тез дамып өсуі сот психологиялық зерттеулердің одан әрі тез дамуына ықпал еттті
XiX ғ. соңы мен XX ғ. басы психологияның, психиатрияның және т.б. құқықтық пәндердің интенсивті дамуымен байланысты. Мұнда бірінші кезекте қылмыстық құқық алда тұрды.
Бұл ғылымдарды сол кезеңде зерттеген ғалымдар прогрессивті позицияларды иеленді. Олар: И.М. Сеченов, В.М. Бехтерев, С.С. Корсаков, В.П. Сербский, А.Ф. Кони және т.б.
Құқықтың, психиатрия мен психологияның дамуы заң психологиясын жеке ғылыми пән ретінде негізделу қажеттілігіне алып келді. П.И. Ковалевский 1899 жылы психопатология мен құқық психологиясын ажырату жөнінде және осы ғылымдарды заң білімінің курсына енгізу туралы мәселені көтерді. Шамамен нақты осы кезеңдерде қылмыстық құқықтың антропологиялық және социологиялық мектептерінде қарама-қайшылықтар туындады. Бұл жерде антропологиялық мектептің негізін қалаушы, антропологиялық мектептің қолбасшысы, «Қылмыскер болып туады» және өзінің атавистік мінездеріне, гендеріне байланысты түзелуге келмейді деген теорияны құрған, Ч. Ломброзо болды
Әлеуметтік мектепті қолдаушылар утопиялық социализм идеясын қолданды, сонымен қатар, қылмыстылықтың себептерін түсіндіруде әлеуметтік фактілерды алға тартты. Осы уақытқа дейін әлеуметтік мектептің кейбір идеялары прогрессивті элементтерді қамтыды. XX ғ. басында заң психологиясында зерттеудің экспериментальді әдістері пайда бола бастады. Осы кезеңда жарық көрген еңбектердің көбісі куәнің жауап беру психологиясына арналған. Олар И.Н. Холчеваның «Мечтательная ложь», Гр. Португалованың «О свидетельских показаниях» (1903), Е.М. Кулишердің «Психология свидетельских показаний и судебное следствие» (1904) еңбектері болды. Сонымен қатар, осы тақырыпта М.М. Хомяков «К вопросу о психологии свидетеля» (1903), А.В. Завадски и А.И. Елистратов «О влиянии вопросов без внушения на достоверность свидетельских показаний» (1904), О.Б. Гольдовским «Психология свидетельских показаний» (1904) деген баяндамалар жасады. Аталған кезеңнің тағы бір ерекшелігі, қылмыскердің жеке тұлғасы зерттелген Л.Е. Владимировтың, Г.С. Фельдштейннің, М.Н. Гернеттің және т.б еңбектері шықты.
Сот психологиясы бойынша үлкен жетістіктерге Ганс Гросстың еңбегі жетті. Оның 1898 ж. жарық көрген «Криминальная психология» атты еңбегінде сол кезеңнің психологтарымен жүргізілген жалпы патологиялық экспериментальді зерттеулердің нәтижелері қолданылды. Қылмысты зерттеу психологиясын оқып үйренуде психологиялық экспериментальді әдістерді қолдану дұрыс қадам болып саналды. Осы әдісті ойлап шығарушылардың бірі француз психологы Альфред Бинэ, ең бірінші болып экспериментальді жолды қолдана отырып кішкене баланың жауабына ықпал ету туралы сұрақты қарастырды. 1900 ж. Ол «Внушаемость», атты кітабын шығарды, онда кішкене баланың жауабына ықпал ету туралы мәселелерге арнайы тарау арналған. Еңбегінде А. Бинэ қызықты қорытындылар жасаған: 1) сұрақтарға берілетін жауаптар әрқашан да қателерімен бірге болады, 2) сот отырысының хаттамаларындағы жауаптарды дұрыс бағалау үшін, тек сұрақтарды ғана емес берген жауаптарды да толық жазу қажет.
1902 ж. куәлардың жауаптарының дұрыстылығы мен нақтылығын анықтау бойынша эксперименттерді неміс психологы Вильям Штерн жүргізді. Оның мақсаты А. Бинэ сияқты куәлардың жауабында ғылыми негіздерді іздеу емес, берілген жауаптардың нақтылығын анықтау дәрежесі болды. Өзінің сүйенген мәліметтеріне жүгіне отырып В. Штерн куәнің жауаптары нақты емес болуы мүмкін, себебі, «еске түсіруді айтпағанда, ұмыту бұл ереже» деп тұжырымдады. В. Штерн өзінің зерттеуінің қорытындысын Берлиндік психологиялық қоғамда баяндады, оның қорытындылары Еуропаның көптеген елдерінде кызығушылық тудырды. Соңында В. Штерн идеалистік сипаттағы есте сақтаудың персонализациялық концепциясын құрды. Бұл концепцияға сәйкес адамның есте сақтау қабілеті объективті шындықтың көрінісі болып табылмайды, тек жеке тұлғаның эгоистік мүддесінің, менмендігінің көрінісі ретінде шығады. В. Штерн баяндамасы Ресей юристерінің де қолдауына ие болды. В. Штернді Ресейде жақтаушылар болып келесілер танылды: Петербург университетінің профессоры О.Б. Гольдовский, Қазан университетінің профессоры А.В. Завадский және А.И. Елистратов. Олар Штерн тәжірибелеріне ұқсас өздері жеке тәжірибе жүргізе отрып, ұқсас қорытынды жасады. Бұл мәселеге қатысты О. Гольдовский былай деді: «Қателердің психологиялық негіздері әртүрлі және куәмен жеткізілген фактілі дерекетерді шынайы болған оқиғамен салыстыра қарайтын болсақ, қайғылы қорытындыны көруге болады. Куә нақты көшірмесін бермейді». А.В. Завадской мен А.И. Елистратовтың пікірлері бойынша: «В. Штерн куәлардың жауаптарының дұрыстығына қатысты бірнеше тәжірибе жасады. Осы тәжірибелер оған былай деп тұжырымдауға құқық берді: қатесіз жауап бе рілу мүмкін емес, жауаптар тек қателесіп қана беріледі».
Сот психологиясының мәселелері бойынша Германияда О. Липпман, А. Крамер, В.Ф. Лист, С. Яффа және т.б. болды. 1903 ж. бастап В. Штерн Лист және Гросспен бірлесе отырып «Доклады по психологии показаний» деген журнал шығара бастады. Криминалистикалық психология бойынша зерттеулер көптеген елдерде жүргізілді. Францияда – Клапаредпен, АҚШ-та – Мейерспен, сонымен қатар Микином Кеттелмен, М. Кеттел 1895 ж. студенттердің есте сақтау қабілетімен эксперимент жүргізіп, куәнің жауабының дұрыстылығы мен нақтылығы дәрежесін көрсетушіні құрастыруды ұсынды. Ресейде куәнің жауабының психологиясына қатысты мәселелер бойынша М.М. Хомяков, М.П. Бухвалова, А.Н. Берштейн, Е.М. Кулишер және т.б. еңбек етті. 1905 ж. «Проблемы психологии. Ложь и свидетельские показания» деген жинақ шықты. Жинақтың көптеген мақалалары куә жауабының толық және дұрыс еместігі төңірегінде болды.

XiX ғ. аяғы мен XX ғ. басы криминологиялық білімнің социологиялануымен сипатталады. Бұл кезеңде қылмыстылықтың себептерін әлеуметтік құбылыс ретінде буржуаздық социологтар Ж. Кетле, Э. Дюркгейм, П. Дюпоти, М. Вебер, Л. Леви-Брюль және т.б. зерттеді. Олар қылмыстық әрекеттің табиғатын антропологиялық тұрғыда зерттеуді теріске шығаратын әлеуметтік статистика әдісін қолданып, қоғамның әлеуметтік шарттарына қатысты қылмыс жасалатынын дәлелдеді. Тарихи қысқа мерзімде Жан Кетле, Эмиль Дюргейммен жүргізілген әртүрлі аномальді көріністердің (қылмыстылық, өзін өзі өлтіру, жезөкшелік) статисткалық анализі жеке тұлғалардың бойында соғыс, экономикалық тоқырау кездерінде өсіп, өсы көріністердің тамыры әлеуметтік жағдайларға қатысты екендігі дәлелденді. Бұл «қылмыскер болып туылады» деген теорияны толығымен теріске шығарды. Осы фактілер нақ осы кезеңнің америкалық әлеуметтік психологтар Р. Мертон, Ж. Старленд, Д. Матс, Т. Сайкс, Э. Глюк және т.б. еңбектерінде, қылмыстылықтың әлеуметтік психологиялық теорияларында көрініс тапты. Аталған авторларлың еңбектерінде топтарда адамдардың тәртібі мен арақатынасын реттейтін әртүрлі әлеуметтік психологиялық механизмдер мен феномендер есебінен деликвентті тәртіптің табиғатын зерттеудің әртүрлі жолдары көрсетілген. Қылмыстылықтың әр түрлі буржуазды әлеуметтік психологиялық теорияларға тән сипаттама – бұл қылмыстылықтың әлеуметтік экономикалық детерминациялануын жоққа шығару мен біріңғай методологиялық әдістердің болмауы. Бүгінгі таңдағы криминологиялық білімнің еркшелігі – бұл ауытқыған тәртіптің факторлары мен себептерін оқып, білу бойынша жүйелі түрдегі талпыныста. Сонымен қатар, бір уақытта ғылымның әр саласының өкілдерінің (медиктер, заңгерлер, психологтар, экономистер және т.б.) аталған мәселені шешу бойынша жасаған әдістемелік нұсқаулары. Бұл өз кезегінде қылмыстың алдын алу тәжірибесіне кешенді түрде қарауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жерде құқық қорғаушы, первентивті, пенитенциарлық қызметті жүзеге асыратын институттарды психолого-педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету жетекші рөл атқарады. Қазіргі таңдағы биологизаторлық криминологиялық теориялар аргументтерін бүгінгі таңдағы ғылымдардың (генетика, психология, психоанализ) жетістіктеріне сүйене отрып құрайды. Сонымен, сенсациялардың бірі ретінде 70-жылдары Клайнфельтер синдромы пайда болды. Ол бойынша хромосомды бүлінулер әдеттегі ер адамдардың хромосомаларына қарағанда отыз алты есе жиі кездеседі.


Заң психологиясының дамуына ерекше үлес қосқандардың қатарына атақты мамандар В.М. Бехтерев пен А.Ф. Кони болды. Криминальді психология, криминалистикалық рефлексология секциялары психоневрология бойынша Жалпы Ресейлік съездердеің бірінші және екінші этаптарында құрылды. Совет үкіметінің алғашқы жылдарынан бастап заңгерлер мен психологтар қылмыстылықпен күрестің жаңа нысандарын іздестіре бастады. Дәлелдеуге қатысты сұрақтарды заңды жолмен реттеудің бұл гуманистік принципі, қылмысты дұрыс әрі толық шешу үшін қылмыстық сот өндірісіндегі тұлғалардың қызығушылығын түсіндірді.
Қорыта келгенде, заң психологиясының ғылым ретіндегі қалыптасып, дамуы құқықтық сана мен мәдениеттің дамуына, құқық қорғау органдарының қызметтерінің сапалы әрі жүйелі түрде жүзеге асырылуына үлкен ықпалын тигізеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет