Реферат Тақырыбы:Әлеуметтанушы ғалымдар Орындаған: Ерхатайызы Дана Тобы: кя 19-3 Мұғалім: Жунусова Ж



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі26,5 Kb.
#88638
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8апта
Lifting The Exponent Lemma - Amir Hossein Parvardi - Version 3 (1)
Георг Вильгельм Фридрих Гегель
1770 жылдың 27 тамызында Штутгарт қаласының, жоғары қызметтегi шенеулiк Георг Людвиг Гегель (1733 -1799 ) жанұясында дүниеге келдi. Гегельдің арғы ата тегі – контрреформация кезінде XVI ғасырда Аустриядан қуылған Каринтиилік лютерандық болған.
1788 - 1793 Тюбинген теологиялық университетiнің философиялық және теологиялық курстарын тыңдап, магистрлiк диссертациясын қорғады. Өз курстастарынан ішінде Шеллингпен және Гельдерлинмен тату болды. Олармен бірге Француз төңкерiсiнiң идеясымен шұғылданған студенттiк саяси клубтiң мүшесi болды.
1793 жылы дін ілімі кандидатының толық курсын аяқтау барысында Гегель жақсы қабілетті болғанымен, басқалардан ешқандай айырмашылығы жоқ, сөзде озат емес те, философияның мұғалімі атала алады деген аттестат алған.
1793 - 1796 Бернде үй мұғалiмi
1797 - 1800 Майндағы Франкфуртте үй мұғалiмi
1799 – әкесінiң өлiмiнен кейiн алған мұра мен меншiктi жинақтар, оған сабақ беруден бас тартып, академиялық қызметке кiруге мүмкiндiк бердi
1806 — 1816 Нюрнберг гимназиясының директоры
Гейдельберг университетінің (1916) және
Берлин университетінің профессоры (1818) болған.
Гегельдің философиялық ілімінің қалыптасуы
Гегелдің ілімі әртүрлі көзқарастарды ұстанатын жазушыларға әсер еткен. Солардың арасында Гегельді қолдайтындар да (Бруно Бауер, Карл Маркс Фрэнсис Герберт Бредли, Жан-Поль Сартр, Ганс Күнг), оның ілімін сынайтындар да (Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллинг, Сөрен Киркегард, Артур Шопенгауер, Фридрих Ницше, Мартин Гайдеггер, Бертран Расселл) бар.
Гегелді философ ретінде қызықтырғаны — табиғат пен азаттықтың арасындағы қатынас, имманенттік, трансценденттік, және осы жұптардың екі бөлігінің біреуін жоймай немесе біреуін екіншісіне тәуелді етіп жібермей отырып біріктіру. Оның кең танымал және ықпалды ұғымдары: спекулятивті логика, яғни «диалектика», «абсолютті идеализм», «Рух», «Қожайын-құл» диалектикасы, «этикалық өмір» және тарихтың маңыздылығы. Гегельді кейбіреулер нацизмнің пайда болуына ықпал жасағандардың қатарына жатқызады, бірақ басқалар бұнымен келіспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет