Реферат Тақырыбы:Ішек ауруларында емдік азықтандырулар Орындаған:Әбдікәрімов Әділет Топ: вм-208 ​​​​​



бет6/14
Дата07.02.2022
өлшемі44,22 Kb.
#97101
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
диет Әбдікәрімов Әділет
диет Әбдікәрімов Әділет, дана сож 2
Странгуляциялық илеус 

Ішектердің тұзағы мен шажырқайы қысылуынан пайда болған әртүрлі механикалық бітелу. Жылқыларда, ірі қара малда және шошқаларда (ішектердің қысылуы, бұралуы және ширатылуы) жиі кездеседі. Негізгі ішектердің қысылуларына ішкі және сыртқы жарықтар жатады ішек тұзағының қысылуы [10,12,13,14].
Странгуляция түрінде ішек тұзағы ұзын ен бауға ширатылуы, бүйрек-көкбауыр, асқазан-көкбауыр және орақ тәрізді бауыр байламдарына, дәнекер ұлпалы таспаларға ширатылуы кездеседі. Ішектердің қысылуы негізінен аш ішектерде, бұралуы мен ширатылуы аш және тоқ ішектерде кездеседі. Жылқыларда үлкен жиек ішектің сол жақтұзағы (ұстыны) жиі бұралады.
Себептері. Ішектердің қысылуы, бұралуы және ширатылуының негізгі себептері-секірген кезде құрсақ қуысы қысымының күрт көтерілуі, ауыр жүк тартып келе жатып кенеттен тоқтау, күрт бұрылыс жасау, малды жығу немесе аудару, айғырлардың биеге шабуы, ұрғашы малда тууы кезінде қатты күшену (толғату), таудан төмен түсу жолы ұзарғанда ж.т.б.
Ішектердің инвагинациясы ішек тұзағы бөгде затпен рецепторлардың тітіркенуінен, суық су, үсіген азық катаральді энтеритте, энтералгияда ішектердің түйілмелі бұлтылдауынан туындайды.
Дамуы. Ішектің қысылған, бұралған немесе ширатылған, зақымдалған ішек тұзағында қан тамырлары қысылғандықтан қан айналымы бұзылады және ішек қабырғасы инфильтрацияланады, ал соңында толық гемостаздан некроз дамыйды.
Ішек рецепторлары мен шажырқай қатты қысылғандықтан, бітелген жерде жіті, күрт және қатты ауырсыну болады. Бітелген жердің алдында жиналған газдар мен жынның жиналуынан ішек қабырғасы созылғандықтан оған түйілмелі және дистензионды ауырсынулар қосылады. Ішектерде жын тез арада ыдырап, улы заттар пайда болады, олар қанға сіңіп, жалпы улану туғызады. Организм сусыздана бастайды, асқазанның туындаған созылуы болуы мүмкін, малда жалпы әлсіздік басым түседі, кан коюланғандықтан оның тұтқырлығы кетеріледі, онда нәруызсыз (белоксыз) азот және билирубин көбейіп, ал хлоридтер мен сілті қоры азаяды.
Симтомдары. Странгуляциялық илеусте ауру үдей түседі. Тек алғашқыда мал аздап мазасызданады, жатады және аунайды. Кейінірек катты «шаншу» пайда болады. Мал қалай болса солай жерге құлап түседі, аунайды. арқасына жатып, аяқтарын аспанға көтеріп жатқысы келеді. Дене қызуы 39-39,5°С, ал аурудың аяғында қалыптан төмендейді. Тамыр соғуы минутына 80-100, тынысы 30-40, қатан, азыққа тәбеті жоқ. Мал катты терлейді. Туындаған асқазаннын созылуы мүмкін, жынның исі шірікті, сүт қышқылы мен ет пигмемттеріне оң реакция береді. Қанда плейхромия және эритроцитоз, нейтрофилия болады және ЭШЖ бәсеңдейді.
Өтуі. Аш ішектердін странгуляциялық бітелуінде жылқы алғашкы тәулікте өледі, ал басқа малдар - 2 тәуліктен соң, ал тоқ ішектердін странгуляциясы 2-4 күнге созылады.
Балау. Шаншу синдромына және тік ішек арқылы зерттеу нәтижелеріне байланысты қояды. Аш ішек странгуляциясында зерттеуге ыңғайлы жерде ішектік қысылған тұзағының кеуіп, қатайғанын, ауырсынатын түйінге немесе таспаға айналғанын байқаймыз.
Үлкен жиек ішектің сол жак үстінінің жамбас иіні кепкен және ауырсынады, бұралған жері өте жіңішкерген. Аш ішек странгуляциясында зерттелетін жерде қатты, цилиндр пішінді жерді ұстап көруге болады. Страмгуляциялық бітелуде ішектің инфильтрацияланған қызыл жерін және қабырғасының қалындағанын байқайды. Құрсақ куысында 5-10 л қызғылт немесе қою қызыл түсті трансудат болады.
Емі. Шаншу синдромын басу үшін венаға 10 %-ды хлоралгидрат немесе анальгин ерітінділерін 30-50 мл немесе 0,5 %-ды новокаин ерітіндісін 1 кг дене массасына 0,5 мл есебінде енгізеді. Малдын жағдайын жақсарту үшін газдар мен азық жынын шығару мақсатында зонд енгізеді. Ірі малдарда кейде ішектің бұралған, инвагинацияланған немесе қысылған жерін тік ішек арқылы қолмен түзеуге болады. Бірақ странгуляциялық илеустің барлық түрлерінде радикальді емдеу әдісіне хирургиялық операция жатады. Улануды, организмнің сусыздануын бәсеңдету және қан айналымын жақсарту үшін венаға 200-500 л глюкоза мен кофеин қосылған 10 %-ды натрий хлориді ерітіндісін, 500-700 мл гемодез, тері астына строфанта тұнбасын, эффедрин, кордиамин енгізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет