Реферат тақырып : Оқушылардың білім бағалауда пайдаланатын портфолио мен тест түрлері


І деңгей (жеке, дара және дербес), оны мұғалім жүзеге асырады. (Сынып оқушыларының даму динамикасын белгілі бір бағытта белгілеу.) ІІ деңгей



бет7/7
Дата14.12.2021
өлшемі110 Kb.
#126828
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6 АПТА РЕФЕРАТ

І деңгей (жеке, дара және дербес), оны мұғалім жүзеге асырады. (Сынып оқушыларының даму динамикасын белгілі бір бағытта белгілеу.)

ІІ деңгей – мектепшілік.

Мұнда оқушы білімінің дамуын мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады (сыныптардың даму динамикасын бақылау). Тоқсан, жарты жылдық, жыл бойында анықталған критерий бойынша бақылау.



ІІІ деңгей. Білім мекемелерінің даму динамикасын байқау.

Оқыту ісіндегі маңызды жұмыстың бірі – оқушылардың пәндер бойынша алған білім деңгейлерін бақылау және тиісті дәрежеде бағалау. Оқушының сабаққа тиянақты қатысып отыруы, өз оқуына жауапкершілікпен қарауы, алған теориялық білімін болашақта пайдалана білуі осы кезеңнің дұрыс өткізілуіне көп байланысты.

Мұғалімдердің оқушы білімін бағалауда қазіргі уақытқа дейін қолданып жүрген бес балддық жүйенің кемшілігі көп. Оқушы білімін бағалаудың жыл аяғындағы қорытынды бақылау нәтижесі мен мұғалім бағалауында елеулі айырмашылық кездесіп отырады. Негізгі себеп – мұғалім бағалауындағы субъективтілік пен жыл аяғындағы оқушы біліміндегі объективтіліктер. Жоғары сынып оқушылары қазіргі қолданып жүрген бағалау жүйесіне қанағаттанбайды, себебі қазіргі жүйемен нақты білім деңгейін анықтау мүмкіндігі төмен, бағалау нәтижесі объективті емес.

Сондықтан да қазіргі өркениетті елдердегі сияқты қоғамдық қатынастар сұранысын қанағаттандыратын оқу еңбегін бағалаудың жаңа шкаласын еңгізу қажеттігі – бүгінгі көкейкесті мәселелердің бірі.



Рейтингтік жүйеде сабақта орындаған әрбір тапсырмаларын ұпай арқылы бағалап отыру көзделеді. Бұл жүйе арқылы оқушының әр пән бойынша даму деңгейі мен бейім қабілетін ертерек байқауға мүмкіндік жасалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет