Реферат тақырып: Жүсіпбек Аймауытов



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі221,86 Kb.
#118287
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
реферат жүсіпбек д
лекции, 5 елдің демографиясын салыстыру.pptm, 5 елдің демографиясын салыстыру.pptm, реферат жүсіпбек д
4
Шығармашылығы
Жүсіпбектің қаламынан туған мол мұраны М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.
Ол қазақ әдебиетінде көркем прозада алғаш лиризм әкелген, сондай-ақ пейзаждың үздік үлгісін, психологизмнің терең иірімдерін тамыршыдай дәл басқан нәзік стилист суреткер. 1918 —19 ж. М.Әуезовпен бірге Семейде «Абай» журналын шығарып, «Екеу» деген бүркеншік атпен, Әуезовпен бірлесіп, «Абайдың өмірі және қызметі» (1918, №2), «Абайдан кейінгі ақындар» («Абай», 1918, №3) деген мақалалар жазды. А-тың көркем шығармалары эстет. бояуының қашықтығымен, көркемдік қуатымен, стильдік даралығымен қазақ әдебиетінде соны бағыт қалыптастырды. А. пед. оқу орындарында қызмет істей жүріп, жас ұрпақтың жан-жақты білім алуын көздеген еңбектер, оқу құралдарын жазды. Оның пед., псих. және методика саласында жазған ірі еңбектері өз уақытында елеулі рөл атқарды.
Ж.Аймауытұлы ұлттық сөз өнерінің әр алуан саласында ерен еңбек етті. Оның қаламынан туған, әсіресе ақындық әлемін танытатын («Сарыарқаның сәлемі», «Көшу», «Нұр күйі», т.б.), кемел прозашылығын («Әнші», «Елес», «Жол үстінде», «Қара бақсы» - әңгімелер), «Күнікейдің жазығы», (повесть), «Қартқожа», «Ақбілек» (романдар), белгілі драмашылығын («Сылаң қыз», «Мансапқорлар», «Рабиға», «Ел қорғаны», «Қанапия - Шәрбану», «Шернияз»), айтулы аудармашылығын («Сараң сері», «Тас мейман» (А.С.Пушкин), «Бақылаушы» (Н.В. Гоголь), «Бейшаралар» (В. Гюго), «Дәмелі», (Ф. Дюшен), «Тау еліндегі оқига» (С. Чуйков), сындарлы сыншылығын «Мағжанның
5

ақындығы туралы», «Аударма туралы», «Сұңқар жыры», жан жүйесінің білікті білгірі екендігін - «Тәрбиеге жетекші», «Психология», «Комплекспен оқыту жолдары», «Жаңа ауыл» т.б. ғылыми еңбектері табиғи талант қырларын жан-жақты жарқырата көрсетті. Балаларға арналған - «Жаман тымақ», «Көк өгіз», «Шал мен кемпір», «Үш қыз» сынды ертегілер қарапайым мәтін мен көркем суреттің табиғи тұтастығы мен үндескен үлгісін терең танытады. Ең маңыздысы, бұл еңбектер бүгін де рухани-тәлімдік қырларымен мәнді.


Жүсіпбек Аймауытов қаламынан туған мұралардың қай қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Жүсіпбек шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет