Реферат тамақтану әдебі және қауіпсіздік ережелері 6 ә -сынып оқушысы: Срайл Қарақат Шымкент, 2023ж



бет2/3
Дата03.04.2023
өлшемі23,72 Kb.
#173602
түріРеферат
1   2   3
Байланысты:
Дұрыс тамақтану
Қуаныш Дәнегүл
Ескеретін жайттар:
Сорпаны ішкенде, оны үрлеп, қасықпен араластыру әдепке жатпайды. Суығанша аздап күте тұрғаныңыз жөн. Сосын жаныңызда отырғандарға естілмейтіндей етіп, ақырын ғана ішу керек.

Тамақ үстінде су ішкіңіз келсе немесе үстелден нан т.б. алғыңыз келсе, қасық пен пышағыңызды қалай ұстап отырсаңыз, солай тәрелкеңіздің жанына қойып, қалағаныңызды ала беріңіз.


Лапша, жұмыртқа сияқты кейбір тамақтарды бір ғана шанышқымен жеген дұрыс. Шанышқыны оң қолыңызға ұстайсыз. Жұмыртқаны жеген кезде, оған нан бөлшегін көмекке шақыруға болады. 


Тауық етін көпшілік тамақтану орталарында шанышқы мен пышақтың көмегімен жеген дұрыс. Тауық етін үйде немесе ешкім көрмейтін жерлерде ғана қолға ұстап жей беруге болады. Сыр мен майды өз пышағыңызбен кесіп,тәрелкеңізге салып алып жеу керек. Туралған нанға май жағып, үстіне сыр қойып жеңіз. 


Жұмсақ тамақтарды, мысалы котлеттерді пышақпен кеспегеніңіз дұрыс. Шанышқының әлі келетін тағамдарды шанышқымен кесіңіз.


Көкөністерді жеу үшін арнайы пышақтар ұсынылады. Алма мен алмұртты төртке бөліп, қабығын ашып жеген дұрыс.


Балмұздақ, крем сияқты тәттілерді кішкентай қасықпен жейді. 


Тамақтан улану. Кейбір саңырауқұлақтарды (боз арамқұлақ, шыбынжұт, жерқұлақ – улы саңырауқұлақтар), жабайы өсімдіктерді, сондай-ақ құрамында улы заттары және ауыр металлдары бар азық-түліктерді тамаққа пайдаланғанда да адам организмі уланады. Ауру тудыратын тірі микробтар сальмонелла қоздырғыштары адам организміне тамақ арқылы түседі.


Уланудың алдын алу үшін санитариялық ережелерді, әсіресе жеке бастың гигиенасын қатаң сақтау керек. Сонымен қатар аспаздық өнімдерді керек нормада ыстық өңдеуден міндетті түрде өткізген дұрыс.
Тамақ құрамында кездесетін уыттардың әсерінен улану. Уланудың бұл түрі интоксикация деп аталады. Ол көбінесе стафилакоктар мен ботулинус баццилаларынан туындайды. Адам организміне стафилакокк әр түрлі жағдайларда түсуі мүмкін. Егер азық-түлікпен жұмыс істейтін жұмысшы терінің іріңдеп ауыздың және жұтқыншақтың талаурап, сондай-ақ баспа ауруларымен ауыратын болса, стафилакокк азық-түлікке, одан адам организміне түсіп улайды. Сүт, сүзбе, ірімшік, құймақ, балмұздақ және жылы жерде сақталған басқа да азық-түліктер стафилакокктар үшін тіршілік ететін қолайлы орта болып табылады.
Стафилакокотармен уланудан сақтану үшін сүтті қайнату, жұмыртқаның сапасын мұқият тексеру керек, сондай-ақ еріген балмұздақты қайтадан қатырып пайдаланбаған жөн.
Тамақ дайындауда мұқияттылықты талап ететін жағдай – қауіпсіздік ережелері. Ас дайындауда сақталатын ережелер күнделікті тұрмыспен байланысты. Себебі ас үйіндесақталатын ережелер күнделікті өмірде кездесіп жататын және сақталатын қарапайым ережелер.Ас дайындамастан бұрын керекті құрал-жабдықтарды дайындап алу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет