Рефрақциялы аномалиялар


Миопия Миопия (алыстан нашар көрушілік) – нақты индивидуум



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата16.12.2023
өлшемі3,8 Mb.
#197379
1   2   3   4   5
Байланысты:
Рефрақциялы аномалиялар
7 кл лаб, 7 кл лаб
Миопия
Миопия (алыстан нашар көрушілік) – нақты индивидуум
көзінің оптикалық жүйесі бас фокусының көз торы алдында
орналасуымен сипатталатын сәйкессіз (аметропиялық) көздің
клиникалық рефракциясы.
Миопиялық ауру – жылтыр дәндегі және көз түбіндегі күрделі
қайтарылмайтын өзгерістермен қатар жүретін алыстан нашар
көрушіліктің асқынған формасы.


2) Осьтік миопияның клиникалық түрлері (Э.С. Аветисов бойынша):
· Туындау уақыты бойынша:
- туа біткен;
- ерте пайда болған;
- пайда болған (мектеп кезеңі);
· Әрбір көздегі айқындылық шамасы бойынша:
- әлсіз дәрежелі – 3,0 дптр дейін;
- орта дәрежелі – 3,25-6,0 дптр дейін;
- жоғары дәрежелі – 6,0 дптр жоғары;
· Ағымы бойынша:
- стационарлық (жылына 0,5 дптр шегінде артуы);
- баяу үдемелі (жыл ішінде 1,0 дптр дейін);
- жылдам үдемелі (жылына 1,0 дптр жоғары).
Ауырлатушы факторлар бойынша:
- асқынбаған (көз түбіндегі өзгерістерсіз);
- асқынған ағым белгілерімен (көз түбінде бастапқы спецификалық өзгерістердің
пайда болуы);
- қатерлі (миопиялық ауру);
- Көз жұптарында айқындылық дәрежесі бойынша:
- изометропиялық (рефракциялардың теңдігі);
- анизометропиялық (рефракциялардың теңсіздігі 0,5 дптр және одан жоғары).


Көздің оптикалық жүйесінің сфералығы:
- шартты сфералық (асигматизмсіз);
- асфералық (асигматизммен).
Асқынудың болуы немесе болмауы бойынша:
- асқынбаған;
- асқынған;
Асқынған:
- хориоретиналды:
1. дискі маңылық
2. макулярлы – «құрғақ» немесе «сулы» формада
3. шеттік
4. таралған
- витреалды
- геморрагиялық
- аралас
· Сатылары:
І бастапқы – ДЗН маңындағы конус немесе сақина 0,25 дптр артық емес, макулярлы
рефлекстің жоғалуы және пигмент үгіткіштерінің пайда боулы мүмкін;
ІІ дамыған - ДЗН маңындағы конус немесе сақинаның 1,0 дптр дейін артуы, ДЗН
формасының өзгеруі, сары дақ пигментациясы, көз түбінің депигментациясы;
ІІІ алысқа кеткен – конустың немесе сақинаның әрі қарай 1,5 дптр дейін және одан
әрі үлкеюі, стафиломалар, ДЗН бозаруы, көз түбінің депигментациясы, атрофиялық
күйінулер;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет