Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі


Әдебиет және қоғамдық сана өзгерістері. Заман өзгерістері мен



бет5/6
Дата13.01.2022
өлшемі49,17 Kb.
#111655
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
8D01701 kaz yaz i liter rus (1)
Емтихан сұр
Әдебиет және қоғамдық сана өзгерістері. Заман өзгерістері мен

бүгінгі оқырман талап, тілектерін ескеру. Қазіргі казақ әдебиетінің басты міндеттері. Көркем шығармашылықтағы ізденіс проблемасы. Соны тақырыптар сонарында, замана тудырған идеялар өрісінде. Көркем шығармашылықтағы интеллектуалдылық сипат. Дүние танымдағы плюралистік бағыттардың көркем әдебиетке әсері. Қоғамдық сана ағымдары және тәуелсіздік рух. Қазақ әдебиетіндегі жаңа бағыт, ағымдар.

Көркем шығарма, әдеби туынды мәтінінің мазмұндық-пішіндік бірлігі туралы жаңа әдебиеттер. Әдеби шығарманың идеялық мазмұны, оның көркемдік компоненттерінің қызметі. Шығарманы туғызған тарихи кезең және автор дүние танымы. Әдеби шығарманың ішкі әлемі туралы түсінік, кейіпкер - қаһаманның психологиялық қалпын бейнелеудің жаңа қырлары. Психологиялық орта және автор қиялы. Көркем шығармадағы уақыт пен кеңістік мәселесі. Хронотоп туралы жалпы түсінік. Эпикалық шығармалардағы хронотоп үлгілері.



Әдебиет және беллетристика. Беллетристика туралы түсінік, түрлі пікірлер, оның даму сатылары, әдеби дамуға ықпалы, орны, ерекшеліктері, көркемдік-идеялық қыры, мағыналық-структуралық элементтері. Беллетристиканың, бүгінгі ғылыми деректі материалдар мәнінің көркем шығармашылыкқа тигізіп отырган әсері. Детектив және ғылыми фантастика. Көркем әдебиет пен беллетристиканы түйістіретін жанрлар. Беллетристика және бестселлер. Қоғамдық сұранысқа ие бейкөркем шығармалар мен көркем әдебиет. Әдеби индустрия туралы түсінік. Қазіргі қазақ әдебиеті және модернизм. Әдеби шығарманы модельдеу тәжірибелері.

Көркем шығарманы талдау және қабылдау мәселелері. Әдебиеттегі диахрондық және синхрондық талдау әдістемелерінің жемісі. Рецептивті- эстетика теориясы. Әдебиеттегі герменевтика және эстетика тәжірибесі. Әдебиеттанудағы формалистік концепциялар. Объективті-аналитикалық талдау және субъективті қабылдау қатынастары. Шығармашылық процесс және қабылдау. Катарсис термині туралы түсінік. Аристотель, Пифагор, Платон, Аквинский, Кант еңбектеріндегі катарсис туралы ой-тұжырымдар. Көркем шығарма жазу мен қабылдауындағы сезім мен қиял қызметі. Автордың ойлау, ой қорыту процессіндегі диалектикалық шешім. Катарсис мақсаты - эстетикалық әсер. Шығарманың сезімталдық аясы оқырман қабылдауында туғызатын тілектестік сезімдердің табиғаты және оны пайдалану. Сезімталдық жұмбақтарын жанды бейнеге көшіру мәселелері.

Әдеби шығармашылык психологиясы. Шығармашылыққа қоғамдық сана жай-күйі, сұранысы мен қаламгер физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, дүниетанымдық ерекшеліктерінің ықпалы. Шығармашылық психологиясындағы субъективті және объективті факторлардың рөлі. Эстетикалық әсердің автор ақылы мен еркінен тыс тұратын жұмбақ сырларының шығарма мазмұны мен идеясына әсері. Оның табиғатын зерттейтін әдіс- тәсілдердің қазіргі жай-күйі және болашағы.

Шығармашылық процестің таңғажайып сәттері, оның шығарма поэтикасына әсері, көрінісі. Оны тәжірибе және деректі материалдар негізінде зерттеудің мүмкіндігі.

Психоанализ және шығармашылық. Көркем шығарма талдаудың психологиялық әдіс-тәсілдері, басты бағыттары. Әдебиет психологиясы мен оны зерттеу жүйесін, әдіс-тәсілдерін қалыптастыру. Психологиялық талдау және қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет