12
екінші сөзден, бір морфеманы екінші морфемадан ажыратуға
септігі бар, ары қарай бөлшектеуге келмейтін дыбыстық бірлік
(единица). Морфема – сөздің ары қарай бөлшектеуге келмейтін
кіші мағыналық бөлшегі. Сөз – өзіндік дербес лексикалық
мағынасы бар, тілдің өз алдына бір кіші бірлігі. Сөз тіркесі –
мағыналық және грамматикалық жақтан байланысқан екі немесе
бірнеше айрықша мәні бар сөздер. Сөйлем біршама тиянақты ойды
білдіретін және предикаттық синтаксистік конструкциялардан
тұратын тілдік бірлік. Бұдан байқайтынымыз, сөз берілген
стратификацияның орталығында жүреді.
Тіліміздегі бүкіл сөздердің жиынтығын сөздік құрам немесе
лексика деп атап, оны тіл білімінің бір саласы – лексикология
қарастырады. Лексикология – сөздік құрамның пайда болуын, оның
дамуын
зерттейтін
тарихи
лексикология
және
сөздердің
мағыналарын немесе семантикасын (грек.
Semantikos
– «
белгіленуші»),
сөздік құрамның
көлемін, құрылымын
т.с.с.
зерттейтін
сипаттамалы лексикология деп бөлінетіндігі бізге мәлім. Қазақ тілі
лексикологиясы
қазіргі
қазақ
тіліндегі
сөздер
жүйесін
зерттейтіндіктен, әрине, оның негізгі нысаны
сөз
болады. Жоғарыда
айтылып кеткендей сөз тіл ғылымының өзге салаларында да
қарастырылады. Дегенмен олардың арасындағы мақсат басқа-басқа
болады. Тіл білімінің қай саласы болмасын белгілі бір жүйеге
негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: