Резуанова ғалияпану кабиевна



Pdf көрінісі
бет44/73
Дата23.09.2023
өлшемі4,05 Mb.
#182181
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73
Байланысты:
монография-Резуановой-в-издательство

а)
 
бірге 
туған, туыстас; ә) арманы, ой-тілегі бір, дос-жар , туған (ел) о) 
мөлшерлес, 
шамалас, 
шендес 
дегендермен 
екінші 
етістік 
мағынасындағы: 
а) туыстасу, жақын болу, достасу әрі; ә) бір-
бірімен ұласу, жалғасу 
дегендер өзара байланысты болады. Бірақ, 
әрине, соңғы етістік мағынасындағы топ өз алдына дербестік алып 
кеткен, соған орай, қазіргі қазақ тілінде оларды омоним сөз ретінде 
қарастырып жүрміз. 
Сонымен, омонимдер, көбінесе, тілде көп мағыналықтың 
ыдырауы жолымен жасалып, сөзде екі тәуелсіз номинативтік 


106 
мағынаның пайда болуын аңғартады. Полисемияның ыдырау 
процесі дегеніміздің өзі бір кездері өзара байланысқан жақын 
сөздердің ажырап, бөлініп кетуі екен. 
Бауырлас 
сөзі де кезінде мағыналық жақтан байланысты 
полисемияның есебінен жасалған омоним. Полисемия сияқты 
омонимия да тіл жүйесінде тарихи семантикалық тұрғыдан бір сөз 
арқылы (бірдей дыбысталатын, я жазылатын екі не одан да көп 
сөздер арқылы) бірнеше мағыналарды беріп, олардың дамуының әр 
алуан қатпарын көрсетеді. Сондықтан да бұл екі құбылысты 
шатастырушылықтың 
болатын 
себебі 
полисемиялы 
сөздердің 
мағыналарының ыдырау процесін байқамаудан болуы да мүмкін. Көп 
мағыналықтың ыдырау процесі кезінде сөздің мағынасын көп 
мағыналы сөзге есептеуден гөрі омонимге жатқызған. Өйткені ол сөздер 
омоним болуға икемдірек; сондықтан да оны омоним деп кесіп айтса 
керек. Бұрын бірлікте, байланыста болатын көп мағыналы 
сөздердің мағыналары дербестік алып жекеленуі ұзақ және біртіндеп 
болатын процесс болғандықтан, олардың арасын көп жағдайда кесіп-
шектеп көрсету қиын. Ал кейбір ғалымдардың пікірінше бұл әлі де 
болса аяқталмаған үрдіс. Сондықтан да О.С. Ахманова «Орыс тілінің 
омонимдер сөздігінде» берілген бір топ етістікті зерттеу жұмысының 
нысаны ретінде алып, олардың полисемиядан таралғанын көрсеткен 
болатын. Онда 109 омонимнің ішінде сексенінің омонизация процесін 
аяқталған деп есептеуге болмайды дегенді білдіретін арнайы 
(жұлдызша *) белгіленуі бар. Демек, зерттелініп отырған етістіктің 
көбінде семантикалық бірліктің (байланыстың) ыдырау деңгейі 
болады екен. О.С. Ахманова дәл осы кезде «омонизация деңгейі» деген 
ұғымды енгізген болатын. 
Жалпы, омонимия мәселесін тілге тиек еткен ғалымдардың 
көпшілігі омонимия мен полисемия құбылысының арасындағы 
байланыстың барлығын айтып өткен. Бірақ ол зерттеуші тілшілер, 
негізінен, омонимдердің жасалу жолдарына тоқталған кезде олардың 
көп 
мағыналы 
сөздің 
мағыналарының 
арасындағы 
байланыстың жойылуы нәтижесінде де жасалына алатынын бір-екі 
мысал ғана келтіру арқылы дәлелдеп кетіп отырған. 
Омонимдердің пайда болуы негізі қандай болса да, мейлі 
ол этимологиялық әр түрлі сөздердің фонетикалық кездейсоқ 
үйлесуі болсын, мейлі ол бір кездегі полисемияның ыдырауынан 
пайда болсын, тілдің белгілі бір даму кезеңінде синхрониялық
тұрғыдан омонимдер, 


107 
әдетте, мағыналық жақтан байланыспайтын әр түрлі сөздер ретінде 
қабылданады. Алайда, олардың біразы кезінде мағыналық жақтан 
байланысты болатын полисемияның енді бір кездері сол 
мағыналық байланысының үзілуінен жасалады. Демек, бір 
жағдайда омонимдердің арасында ешқандай байланыс болмаса, 
екінші жағдайда бір кездері олардың арасында мағыналық 
байланыстың болған. Сол себептен де ол 
(байланыс) қандай да бір жағдайда қазір де сезілуі мүмкін. 
«Сөз және оның мағынасы» атты еңбегінде Р.А. Будагов: 
«Көп 
мағыналық пен омонимия қатар өмір сүруші 
құбылыстар», -дейтін болса, 1989 жылы В.А. Белошапкова 
редакциялығымен шыққан «Современный русский язык» 
оқулығында: «Омонимия дегеніміз мүлде болмаған, ол тарихи кезең 
жемісі. Бір дәуірде көп мағыналы болған сөз екінші дәуірде 
омонимдерге айналып кетіп отырған», - дейді. 
Көп мағыналы сөздердің жеке мағыналарының дамуы
олардың байланысының үзілуіне әкелуі әбден мүмкін. Мұны 
көп мағыналы сөздің омонизациялану үрдісі дейміз. Осы 
жағынан алғанда бұл көп мағыналы сөздердің семантикалық 
дамуының шегі (В.М.Солнцева, 1984, 41).
Көп 
мағыналы 
сөздердің 
мағыналарының 
арасындағы 
семантикалық байланыстың үзіліп омонимдерге айналуы әр түрлі 
себептерден 
болады. 
Ол 
себептерді: 
сыртқы 
(экстралингвистикалық), ішкі, таза тілдік (лингвистикалық)
және 
тарихи этнографиялық
себептер деп бөліп қарауға болады. 
Ол себептерге мыналарды жатқызамыз: а) әр алуан контексте 
ұзақ қолданудан; типтік емес, кездейсоқ сипат негізінде; зат 
немесе құбылыстың белгілі қасиетінің ұқсасуы негізінде 
семантикалық байланыстың үзілуі. Омонимдердің тууына 
сөздердің негізгі мағынасын жоғалтуы немесе көп мағыналы 
сөздің әр алуан тізбектелген мағыналарын байланыстырушы 
аралық мағынаның бірінен айрылуы жатады. 
«Аралық мағына» жайында Р.А. Будагов өте жақсы айтқан 
болатын. (Қараңыз: О так называемой промежуточном звене в 
смысловом развитие слова // Сборник статьей по языкознанию, 
МГУ, 1958, стр. 76-77). «Омоним сөздердің ортақ семантикалық 
стержені 
болмайды. 
Омонимияның 
полисемиядан 
айырмашылығының өзі, көп мағыналықта сөздің барлық 
мағынасы бір ортақ стерженді мағынаға бірігуінде жатыр, ал 


108 
омоним сөзде ондай ортақ мағыналарды байланыстырушы негіз 
жоқ» [62], - деп көрсетеді В.И. Кодухов. 
Яғни, көп мағыналы сөздердің арасындағы мағыналық 
байланыс үзілсе, ол омонимге айналады. Басқаша айтатын болсақ, 
белгілі бір зат немесе құбылыс арнаулы бір сөзбен аталатындығы 
шындық. Сол заттың (құбылыстың) бойындағы қандай да бір 
белгілер басқа бір заттың бойынан да кездесуі мүмкін. Не 
болмаса, ол екі заттың бойындағы белгілер ұқсасып келуі мүмкін. 
Сөйтіп, бірінші заттың атауы екінші затқа да атау болады да, 
осыдан келіп ол сөздердің негізгі мағынасына үстеме мағыналар 
қосылады. Мәселен, 
күт 
деген етістік 
«тос» 
деген мағынаны 
білдірумен бірге 
«сыйла, құрметте» 
деген де мағынаны береді. 
Бұл 
сөздің 
қосымша 
(екінші) 
мағынасы 
«сыйлау, 
құрметтеу», 
әрине, қарап 
«аялдау, тосу» 
деген мағынасына 
байланысты туып, бұл сөзді көп мағыналы сөзге айналдырған. 
Міне, осылай сөздер келтірінді мағынада қолданыла-қолданыла 
келіп, әр түрлі мағыналарға ие болады. Кейде ол көп мағыналы 
сөздердің әрбір мағыналары бір-бірінен іргесін аулақ салып, 
дараланып алшақтайды. Әр мағынада әр басқа ұғымның атауы 
болып бекиді. Сөздің осылай мағыналық жақтан дамуы нәтижесінде
омоним сөз жасалады. 
Мұндай омонимдерді 
өз 
кезінде 
І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев та сөз қылған, олар ондай 
омонимдерді лексикалық тәсіл арқылы жасалған омонимдер 
деп түсіндірген болатын. Тілшілер: «Бір сөз әуелде бір 
мағынада қолданылғанымен, кейін мағынасының дамуы 
нәтижесінде бірте-бірте басқа мағынаға ауысады. Ал бара-бара 
бұрынғы мағыналық байланысын жоғалтып мүлдем басқа сөздер 
болып, яғни омоним болып кетеді», - дейді [25, 60]. Ал К.Аханов 
болса: «Кейде кейбір сөздер өзінің негізгі тура мағынасынан 
басқа келтірінді мағынада қолданыла-қолданыла келіп, ол 
кетірінді мағына дағдылы тура мағына сияқты болып 
ұғынылады. Мұнда да ол мағынаның келтірінді мағына екендігі 
бірден аңғарыла бермейді. Бірақ, ондай мағыналардың қалай да 
негізгі мағынамен байланысы бар екенін байқауға болады», - деп 
көрсетіп, оған мына сияқты сөздермен мысал келтіреді. Мәселен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет