ҚҰрылымдық материалдар технологиясы



бет9/28
Дата15.09.2017
өлшемі3,67 Mb.
#32990
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28

2) Жәшіктің материалына қарай электродтардың маркасы, типі таңдалады (5 кесте), металдың қалыңдығына байланысты олардың диаметрі анықталады (6 кесте).

3) Электродтың маркасына байланысты токтің тегі (тұрақты немесе айнымалы) анықталады, егер пісіруге жұмсалатын ток тұрақты болса полярлығы көрсетіледі (5 кесте).

4) Электродтың диаметріне байланысты пісіру тогінің күші таңдалады (4 кесте).

5) Жіктің жеке учаскелеріндегі пісіру жүйесі көрсетіледі.

6) Электродтардың керекті мөлшері, уақыт нормасы, электрэнергияның шығыны анықталады.


5 – кесте. Қолмен электрдоғалы пісіруге арналған металл электродтары.

элект-

род


типтері

Электрод

маркалары



Балқытып қаптастыру

коэффициенті

г/А-сағ.


Электродтың

қолданылуы



Пісіруге ұсынылатын ток тектері

Э34

МТ

7 - 8

Қалыңдығы 0,5-5мм төменкөміртекті және төменлегірленген болаттарды пісіру үшін;

Тұрақты

айнымалы


Э42

ЦМ-7

7 - 8

төменкөміртекті және төменлегірленген болаттарды пісіру үшін;

Тұрақты

айнымалы


Э42

СМ-11

7 - 8

ортакөміртекті және төменлегірленген болаттарды пісіру үшін;

Тұрақты

полярлігі тура



Э42А

УОНИ-13/45

9 - 9,5

ортакөміртекті және төменлегірленген болаттарды пісіру үшін

Тұрақты

полярлігі кері



Э50А

УОНИ-13/85

9 - 10

Беріктігі жоғары легірленген болаттарды пісіру үшін

Тұрақты

полярлігі кері


6 – кесте. Бұрыштық жіктерді қолмен доғалы пісіруге болжам режімдер.




Металл қалыңдығы, мм

Электродтар диаметрі, мм

Пісіру тогі, А

1

2

40

2

3

100

3

4

160

4-5

4

160

6 және астам

5

230

Қажетті негізгі есептер:

Жіктің көлденең қимасының ауданын (F) есептегенде, бұрыштық жіктің қимасы, пісірілетін металдың қалыңдығымен бірдей тікбұрышты теңқабырғалы катеті (К) бар үшбұрыш ретінде қарастырылады.


, мм2; (5)

Жіктің ұзындығы пісіретін жиектердің ұзындығының қосындысына тең, демек екі ұзындығы, екі ені және төрт биіктігі.

Электродтың типі мен маркасы негізгі металдың физикалық-механикалых қасиетіне қойылған талапқа сай тағайындалады. Ол үшін 3-кестені пайдаланады. Электродтың типі мен өндірістік маркасын ауыстырып алмау керек. Мысалы, Э-42 типті электродтармен пісіруде жігіндегі металдың созылу беріктігі 42 кг/мм2. Электродтың маркасы жабынның (сылақтың) құрамы мен технологиялық мүмкіншілігін көрсетеді. Электродтың бір типіне бірнеше марканың сәйкес келуі мүмкін. Электродтың бір маркасы тек қана төмен жақтағы жікті пісіруге жараса, екіншісі – тік жікті, үшіншісі – кез келген жікті пісіруге жарайды; біреуі тек қана төменкөміртекті болаттар үшін болса, екіншісі – легірленген болаттарды пісіруге арналады, т.б.

Электродтың диаметрі (d) жіктің типіне және тетіктің қалыңдығына қарай таңдалады (6 кесте).

Электродтың диаметріне байланысты сол кесте бойынша пісіру тогінің шамасы анықталады (J).

Токтің тегі мен полярлығы электродтың маркасына байланысты тағайындалады. Егер электрод тұрақты болмай айнымалы токты талғамаса, арзандығына қарап айнымалы ток алынады.

Пісірілетін тетіктердің құрылымында пайда болатын шалыстықты азайту үшін алдымен жіктерді ұстатқышпен - бір-бірінен 200-300мм шамасындағы қашықтықта орналасқан қысқа жіктермен қосады, содан кейін пісіруді толық аяқтайды. Жікті салу жүйесі өте маңызды, шешуші роль атқарады. Ұзындығы 500 мм-ге дейінгі жікті пісіру кезінде түйістің басынан аяғына дейін бірден өтіп шығуға болады. Ұзындығы 500-750 мм жікті ортасынан бастап шетке қарай пісіру ұсынылады. Ұзындығы 750 мм жікті пісіруде құрылымының шалыстығын азайтуын көздеп кері сатылау тәсілімен пісіреді.

Балқытып қаптастырылған металдың салмағын (G) жіктің көлемі мен металдың меншікті салмағы бойынша анықтауға болады.


кг (6)
мұнда F – жіктің көлденең қимасының ауданы , см2;

Lжіктің жалпы ұзындығы, см;

γ – балқытып қаптастырылған болаттың меншікті салмағы (7,8 г/см3).



Электродтардың металдық өзегінің (Q) шығыны балқытып қаптастырылған металдың салмағына (G) элекетродтардың күйіктерінің салмағын (10%) қосып және шашырамалық шығынын (15%) алып тастаумен анықталады.

кг (7)

Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   28




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет