Құрылыс, мұнай, логистика, биология кафедрасы


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі



бет54/55
Дата31.01.2022
өлшемі207,38 Kb.
#116668
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55
Байланысты:
Қоршаған орта мониторингі УМКД 2019-2020
СРСП 12, 1 лекция. Каз., СРСП 12, СРСП 12, ашық сабақ, План урока3, жог матем поуроч, Ұлықбек Ернар(-Информационные системы и программная инженерия,05-703-18-05,IISBZ 12332551-3-Lab)-Лаб 1 6, тест, Химия УМКД 2019-2020, ВОУД Ақпартаттық-коммуникациялық технологиялар ИКТ (барлык мамандыққа) каз рус 249т Халикова Г.З.Опабекова А., 1. Бағдарламалау технологиясы 1 силлабус ИС, 4 куңрс расписание, 4 куңрс расписание
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

1. Унифицированные методы мониторинга фонового загрязнения природной среды. Под.ред.Ф.Я.Яровицкого. М:Гидрометеоиздат, 1989.

2.Алексеенко В.А., Алексеенко Л.П. Биосфера и жизнедеятельность. М: Логос, 2002.

3.Ковда В.А., Керженцев А.С. Экологический мониторинг: концепция, принципы организаций 1983 г.

4.Соколов В.Е., Базилевич Н.И. Теоретические основы и опыт экологического мониторинга.:М.Наука, 1983

5. Ахметов Е., Кунаев М. Геоақпараттық жүйе негіздері: оқу құралы.- Алматы: Арыс, 2008.- 208б.- 1 ч.з., 9 зем


№ 7 тақырып: Өндіріс және тұтыну қалдықтары

Мақсаты – 5В0608ОО - «Экология» мамандығындағы студенттерге қоршаған ортаның ластануын сынап бағалау, болжау т.с.с. процестерді зерттеп қана қоймай, сонымен қатар талдау жасау

Ірі қалалары мен кенттерінде тұрмыстық-қатты қалдықтарды жинау, пайдаға жарату және көму бойынша міндетті шешу үшін түрлі ұйымдар жұмыс істейді (жеке кәсіпорындар, коммандиттік серіктестіктер және т.б.). Бірақ қаржылай қиыншылықтарға байланысты ТҚҚ күресіндерінің аудандары іс жүзінде иесіз болып қалуда, әдетте бұл жұмыс істеп болған саз жамылғысы бар карьерлер. Полигондармен және ұйымдаспаған күресіндермен ластанған алаңдардың нақты саны және жинақталған қалдықтардың көлемі осы уақытқа дейін анықталған жоқ. Оларды анықтау үшін облыс бойынша жинақталған тұрмыстық қатты және өнеркәсіп қалдықтарына түгендеу жүргізу керек.

2006 жылы мемлекеттік статистикалық есептің деректеріне сәйкес облыстағы өнеркәсіптің қызметінің нәтижесінде 44,08 миллион тонна өнеркәсіп қалдығы жинақталған. Бұл орайда облыстың кәсіпорындарында қалдықтардың кішкентай ғана бөлігі толық зарарсыздандырылады, ал қалдықтардың қалған қатты бөлігі ұйымдасқан жинау орындарына жөнелтілді.

Тұрмыстық қатты қалдықтардың жыл сайынғы негізгі көлемдері Өскемен қаласында қалыптасады (686,452 мың тонна), Зырянда (1947,2 мың тонна), Риддерде (4923,3 мың тонна), Семейде (207,5 мың тонна). ТҚҚ пайда болуы мен жинақталуы Шемонайха – 25740,04 мың тонна (“ШҚ МХК” МАҚ мен “Ертіс ХМЗ” АҚ) және Глубокое – 122,25 мың тонна (Ертіс мыс зауыты, “Черемшанка құс фабрикасы”, “Племптица” АҚ) әкімшілік аудандарында ролі мейлінше жоғары.

Ірі қалалар мен аудандық елді мекендерде қауіптілігі ІV-V класстарға жататын тұрмыстық қатты қалдықтар ерекше экологиялық қауіп төндіреді.

Шығыс Қазақстан облысы үшін қалдықтарды пайдаға жарату және қайта өңдеу мәселесі өткір тұр, оларды пайда болуына байланысты шартты түрде мынадай санаттарға бөлуге болады:

1) тау-кен байыту кешенінің қалдықтары;

2) металлургия өндірісінің қалдықтары;

3) отын-энергетика кешенінің күл-шлак қалдықтары;

4) тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ).

Тау-кен байыту кешенінің қалдықтары аршынды және араласқан жыныстардан, байыту фобрикаларының қалдық жинау орындарынан құралады. Олардың жыл сайынғы пайда болуы орта есеппен 20 млн. тоннаны құрайды. Бұл қалдықтар қауіптілігі ІІІ-ІV класстарға жатқызылады және ингредиенттерінің спектрі өте ауқымды (19 қосымша).

Жыл сайын көлемі 436 гектар алаңда 20 миллион тоннаға жуық металлургия өндірісінің қалдықтары үйінділерге, террикондарға, қоқыс жинақтаушыларға жинақталады. Негізгі массаны қорғасын және мыс балқыту өндірісінің шлактары мен түсті өндірістің клинкері құрайды. Шлактар мен клинкерді орнату үйінділер мен террикондарда жүргізіледі, бұл шаңмен тарап және жаңбыр мен қар суының шаюынан қоршаған ортаны ластайды. Үйінділердің көбі су қорғау аймақтарында орналасқан, бұл жер асты және жер үсті суларының ластануына жол береді (Тишинский, Шубинский кеніштері, Николаевский карьері).

“Өндіру-байыту-металлургия” өндірістік жалғасының үйінді кешенінде өндірілген кеннің түсті және бағалы металлдардың үштен бір бөлігі қалдықпен араласып кетеді, әртүрлі құрылыс материалдарының зор қоры тұралап қалуда. Қорғасынның жоғалуы 33 %, мырыш – 28 %, мыс - 21 %, алтын - 41 %, күміс - 35 % құрайды. Жалпы жоғалудың ішінде өндірген кезде 15-20 % түсті және 8-12 % бағалы металлдар жоғалады, байытқан кезде тиісінше 43-48 % және 74-75 %, металлургия кезінде 35-42 % және 14-17 % бағалы металлдар жоғалады. Байытқан кездегі жоғалу оларды кен өндірісі мен металлургиялық қайта өңдеу кезіндегіден 2-3 есе асып түседі. Бұл көптеген техногендік кен орындарының пайда болуына әкеліп соқты.

Тау-кен өндірісінің түсті, сирек, бағалы және радиоактивті металлдарының қосылған қалдықтарының қоры мейлінше ірі кен орындарының тиісті қорымен қатар тұр. Мұнымен қоса негізгі және қосарлас құрауыштарының ішінде біршама уытты қорғасын, мырыш, кадмий, сынап, мышьяк, сурьма, селен, күкірт және т.б. сияқты элементтер (олардың қосылыстары) бар. Соңғылары өндіру және қайта өңдеу үдерісінде қоймаларда жинақтала береді де, сол жерден қоршаған ортаның құрауыштарына түседі (топыраққа, суға, ауаға, биотаға). Қорғасынның ауытқуы Шемонайха, Глубокое және Зырян әкімшілік аудандарының аумақтарын қамтыған.

Осылайша, түсті және тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын пайдаға жарату әдістері негізінен қалдықтарды полигондарға үюмен және көмумен аяқталады. Тау-кен өндіру және металлургия өнеркәсібі кәсіпорындары жыл сайын 30 млн тоннаға жуық қалдық шығарады, ал шикізатты қайталама пайдалану мүлдем жүргізілмейді. Ластанған аумақтардың жалпы алаңы 30 мың шаршы шақырымға жетеді. Өнеркәсіптік қалдықтардың негізгі көлемі “Қазақмыс” корпорациясының “ВостокКазмедь” және «Қазмырыш» акционерлік қоғамының үлестерінде (20 қосымша).

Қауіптілігі ІV классқа жатқызылатын күл-шлак қалдықтар жанған көмірдің қалдығы. Облыстың жылыту энергетикасының ірі кәсіпорындарының өздерінің күл үйінділері бар, жалпы алаңы 127,5 га, оларда 6,5 млн. тоннаға жуық күл-шлак қалдығы жинақталады. “АЭS Өскемен ЖҚО” ЖШС, АЭS Согра ЖЭО” ЖШС ең ірі күл-шлак үйінділері өздерінің жобалық қуаттылығын сарқып болды. 2004 жылы Өскемен қаласында аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының араласуымен қолданысқа екі жаңа күл үйіндісі енгізілді. Осылайша, Өскемен қаласының өткен жүзжылдықтың 80 жылдарынан бастап келе жатқан бір экологиялық проблемасы шешілді. Шағын қазандықтарының басым көпшілігі өздерінің қалдықтарын ашық, жайластырылмаған алаңдарға жинайды, не болмаса қоқыс төгетін орынға апарады. Күл-шлак қалдықтарын екінші қайтара құрылыс материалы ретінде пайдалану құрылыс көлемінің жаппай құлдырауы мен озат технологиялардың жоқтығынан тым аз.

ТҚҚ-дың қауіптілігі ІV-V классқа жатқызылады. Облыста осы қалдықтардың барлығы бір де біреуі санитарлық-экологиялық талаптарға сәйкес келмейтін полигондарға үйіледі.

Өскемен қаласында ТҚҚ пайдаға жаратудың қолданыстағы әдісі - таулы жерде орналасқан қаланың күресініне көму (қаланың шығыс бөлігі). Күресіннің алаңы 28 га және 100 %-ға игеріліп болды. Қазіргі кезде полигонда қалдықтарды орналастыру төбесіне қарай өсіру жолымен жүргізілуде.

Семей қаласында ТҚҚ және уытсыз өнеркәсіп қалдықтарын көметін қалалық полигон жоғары тұрпатты полигондардың санатына жатқызылады және қаланың солжағалау бөлігінде орналасқан. ТҚҚ полигоны алып жатқан жер алаңы 74,9 гектарды құрайды. Тұрмыстық қалдықтарды іс жүзінде үю өнеркәсіптік қалдықтарды аралық жік ретінде пайдаланумен оқшау үйіледі.

Риддер қаласындағы тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны 1954 жылдан бастап пайдаланылуда. Қазіргі кезде оны пайдалану табиғат қорғау заңнамасын, санитарлық талапты бұзумен жүзеге асырылуда.

Қалаларда ТҚҚ мамандандырылған полигондарға жинақталып, пайдалануға қосуды қызмет көрсететін ұйым жұмыспен қамтамасыз етсе, ал ауылдық жерлердегі барлық полигондар қалай болса солай пайда болған және иесіз.

Ауылдық елді мекендердегі шығарылатын және үйілетін ТҚҚ-дың нақты көлемін жүйелі есепке алудың жоқтығынан проблема қиындауда. Орта статистикалық деректерде қалалардың және ірі елді мекендердің полигондарының құрауыштары мынадай: жалпы көлемнен тамақ қалдықтары – 40-57%; қағаз, тоқыма, шүберек – 17-37%, сүрек қалдықтары - 4%-ға дейін, құрылыс және тұрмыстық қоқыс – 18-46%. Өздігінен ыдырайтын органикалық құрауыштарды (ағаш, картон, тамақ) пластмасса мен басқа да синтетикалық материалдар ығыстыруда. Табиғи үдеріспен ыдырау, үнемі бықсу және жиі жану және қасақана өртеу (көбінесе күресіндердің көлемін азайту мақсатында) ауаны ластаудың көзі болып табылады, ал пластик жанған кезде құрамында күкірт бар көмір сутек бөлінеді.

2004 жылы өнеркәсіп қалдықтарының көлемі 38,3 млн тоннаны құрады. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректеріне сәйкес соңғы жылдары облыста кәсіпорындардың қалдықтарды пайдалануларының нәтижесінде уытты қалдықтардың пайда болу және үйілу көлемдерінің төмендеу үрдісі байқалуда.

Проблемалар мен оларды шешу жолдары. Тау-кен өндіру кәсіпорындарының үйінділері, қалдық сақтау орындары, күл үйінділері, тұрмыстық қатты қалдықтар полигондары жер үсті және жер асты сулары топырақты ластайтын ошақтар болып табылады. Барлық қалдықтар өткен жүзжылдықтың 40-60 жылдарында салынған және өзінің жобалық қуаттылықтарын сарқып болған жинақтауыштарға үйіледі.

Кәсіпорындарда өндіріс қалдықтарынан екінші қайтара шикізат алу іс жүзінде жүргізілмейді. Жалғыз “Қазмырыш” ААҚ ғана өзінің металлургиялық шлактары мен басқада қалдықтарын біршама көлемде қайта өңдеуден өткізуде. Өскемен металлургия кешенінде 1997-2003 жылдары пайда болған 1,55 млн тонна өндірістік қатты қалдықтарының 1,18 млн тоннасы (76%) қайта өңделді. Қалдықтардың 9 түрі толық көлемде екінші қайтара технологиялық процессте пайдаланылады клинкер, катализатор, Рашиг сақинасы, органикадан өңделген бұйымдар, сүзу полотносы мен суды тазарту имаратының қоқырлары. Қорғасын өндірісінің шлактары (1997 жылдан бастап құралу көлемінен 69%), ескі ғимараттар мен құрылыстардың сынған кірпіштері (28%) ішінара пайдаға жаратылады. Әк-мышьяк кегінің қалдығы ғана қайтадан өңдеусіз 2000 жылы салынған арнайы сақтау орнына, атмосфера ауасына және су ресурстарын ластауға жол бермейтіндей орналастырылады. Өскемен металлургия кешенінде үйінділік қатты қалдықтарсыз өндірістік қызметті қамтамасыз ету бойынша жұмыстар тез және нәтижелі жүргізілуде. Риддер мырыш зауытында ағымдағы клинкерді қайта өңдеу басталды. Бұрын жинақталған клинкерді қайта өңдеу үшін экологиялық және техникалық-экономикалық бағалау бойынша іс-шаралар бағдарламасы жүзеге асырылуда. Қазіргі кезде байыту қалдықтары ғана толық көлемде пайдаға жаратылмай отыр. 2003 жылдан бастап кешенді полигонда қалдықтарды жинақтағаннан гөрі пайдаға жаратуға көбірек әкетіп жатыр, бұл қолданыстағы террикондарды біртіндеп жоюға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   55




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет