Рымғали Нұрғали СӨЗ Өнерінің эстетикасы а ң д а т у



бет46/47
Дата22.12.2021
өлшемі5,7 Mb.
#305
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47
ТҮСІНІКТЕР
«Сөз өнерінің эстетикасы» монографиясының алғашқы бір тиянақты бөлімі «Әдебиеттің даму сипаты» деген атпен «Күретамыр» кітабында басылған («Күретамыр», Алматы, Жазушы, 1973, 167-235 беттер). «Өнер алды – қызыл тіл» кітабы «Әдебиеттің даралық сипаты» және «Әдебиеттің тұтастық сипаты» деген бөлімдерден тұрады («Өнер алды – қызыл тіл», Алматы, Мектеп, 1974, 172 бет).

Әдеби дәстүр мен әдеби даму проблемаларына арналған бұрынғы еңбектерді дамытып, жаңа тараулар қосылған, теориялық байламдар жасалған «Телағыс» монографиясы 1986 жылы шықты (Алматы, Жазушы, 1986, 440 бет). Ол Нұрғалидың 1988 жылы Қазақстанның мемлекеттік сыйлығын алған. Әдеби-сын трилогиясының екінші кітабы болатын. Кітап орыс тіліне аударылып «Древо обновления» деген атпен 1989 жылы басылды (Алма-Ата, Жазушы, 1989, 368 с.). Бұл еңбек зерттеушінің «Арқау» атты екі томдық шығармалар жинағының 2 томында жарық көрді («Арқау», 2 том, Алматы, Жазушы, 1991, 576 бет).

Қайта қаралған, түзетілген, қосымшалар, библиография, есім көрсеткіші берілген жаңа нұсқа «Сөз өнерінің эстетикасы» деген атпен 2003 жылы жарияланды (Астана, «Елорда», 2003, 424 бет).

«Сөз өнерінің эстетикасы» монографиясы академик Р.Нұрғалидың әр жылдардағы әдеби-сын мақалаларының, баяндамаларының, Әл-Фараби атындағы Қазақ және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеттерінде оқыған лекцияларының, зерттеу еңбектерінің бір жүйеге түскен, түбегейлі қорытындысы іспетті ғылыми туынды. Олар әр түрлі басылымдарда, әр жылдарда жарияланып отырған. Солардың ішінде:

«Өнердің даралық сипаты және образ» (Жалын, 1970, № 6, 117-130 беттер), «Эпос және драма» (Қазақ әдебиеті, жинақ, Алматы, 1970, 64-77 беттер), «Образ. Символ» (Қазақ әдебиеті, 1971, 8 январь), «Сөз – жанр жайлы» (Жұлдыз, 1971, № 1, 150-157 беттер), «Стиль және әдіс» (Білім және еңбек, 1971, № 1, 20-24 беттер), «Әдебиеттану жайындағы бірер сөз» (Білім және еңбек, 1972, № 4, 26-29 беттер), «Жанр» («Қазақ совет энциклопедиясы», 1974, 4 т., 268 бет), «Прозадағы жаңа өрнектер» (Уақыт және қаламгер, Алматы, 1977, Ү кітап, 190-208 беттер), «Дәстүрдің кейбір арналары» (Жұлдыз, 1979, № 5, 203-210 беттер). Романдағы әлеуметтік-эстетикалық салмақ» (Уақыт және қаламгер, ҮІІ кітап, Алматы, 1980, 238-251 беттер), «Движение жанров» (Вопросы литературы, Москва, 1980, № 7, с. 104-105), «Бір мақала хақында» (Сөзстан, Алматы, 1983, Ү кітап, 153-164 беттер), «Әдебиет тарихы мен теориясының өзекті арналары» (Қазақстан мектебі, 1990, № 6, 12-18 беттер) секілді еңбектерді айтуға болады.

Кейбір материалдардың баспасөзде жарияланған нұсқалары редакцияланып, тұтастандыру талаптарына орай аттары өзгертіліп берілген. Мәселен, «Әдеби тұлға» бөліміне енген кейбір эсселер әуелде былай аталған: «Даланың ұлы жыршысы» («Қазақстан әйелдері», 1977, № 9, 12-13 беттер), «Қабырғалы қаламгер» («Білім және еңбек», 1978, № 9, 18-19 беттер), «Кененің көзі» («Лениншіл жас», 1975, 11 октярбьде), «Кең тынысты ақын» («Қазақ әдебиеті», 1980, 4 июль), «Сырлы сөз» («Қазақ әдебиеті», 1984, 6 апрель), «Күлкі құдыреті» («Жұлдыз», 1987, № 6, 158-163 беттер).

Монографияның қайта басылымдарында осындай принциппен, қисынды ретпен жаңа материалдар қосылып отырған.
Қ.Алпысбаев, филология

ғылымдарының докторы, профессор






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   47




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет