Құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекет



Дата31.05.2022
өлшемі18,06 Kb.
#145651
Байланысты:
Ресей аумақтық бөлінісі
Нуршаева Анеля. 11.12.2020, СОЧ Биология 7кл каз В2-1

 Азия мен Еуропа құрлықтарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекет. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі[10]. Ресейдің экономикасы жылына орташа есеппен 7% жылдамдықпен өсуде[11], бұл дүние жүзіндегі ең жоғары өсу қарқындарының бірі.  Ресей жері батыстан шығысқа қарай 9 мың км-ге, солтүстіктен оңтүстікке қарай 4 мың км-ге созылып жатыр.  Ресей Федерациясының шекарасының жалпы ұзындығы 58,3 мың км, соның ішінде теңіздік шекара 38 мың км-ді құрайды. Жалпы алғанда, Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан. Көршілес мемлекеттердің көп болуы, олардың көпшілігінің неғұрлым дамыған батыс бөлікте орналасуы елдің сыртқы байланыстарына қолайлы ықпал етеді. Дегенмен Ресей өзінің көршілік жағдайының қолайлы тұстарын әлі де болса толығымен пайдаланбай келеді.
Елдің әртүрлі бөліктерінде халық әркелкі орналасқан. Мысалы, Мәскеу қаласы мен облысында халық тығыздығы 1 км²-ге 320 адамға жетеді. Жалпы алғанда, Ресей аумағы бойынша халық тығыздығының орташа көрсеткіші 1 км²-ге 8,5 адам, бұл әлемдік орташа керсеткіштен 4 есе төмен.

Ресей мен Қазақстан арасындағы экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстардың тамыры өте терең. Ол тарих қойнауына тереңдеп енген, қалыптасып біте қайнасқан байланыстар. Кеңестер Одағы ыдырап, ТМД кеңістігі құрылған күннен бастап екі ел арасындағы байланыстар жаңа деңгейге көтерілді. Қазақстанмен шекаралары 2005 жылғы мемлекетаралық келісімдер негізінде толығымен бекітілді.


1992 жылы 25 мамырда екі ел арасындағы Достастық келісіміне қол қойылды. Ол келісім бүгінгі тандағы көршілес екі ел арасындагы өзара ынтымақтастық жағдайындағы тығыз байланыстардан: екі ел арасындағы 7500 км-ге жуық ортақ шекарадан, ортақ транзиттік жол қатынасынан, біртұтас энергетикалық және байланыс жүйелерінен, табиғат қорғаудың ортақ шараларынан және т.б. байланыстардан айқын көрінеді. ТМД елдері арасында Қазақстан Ресейдің ең жетекші сауда серіктесі болып отыр.

Ресей мен Қазақстан арасындағы байланыстардың ең қуаттысы — әлеуметтік және мәдени байланыстар. Ондай шаралар екі елдің көршілес орналасқан аймақтарында аса қарқынды жүзеге асуда. Мұндай байланыстар бауырлас қалалар арасындағы жүргізіліп жатқан шаралардың, ақпарат, ғылым мен білім алмасу жұмыстарының жүйелі де тиянақты нәтижелерінен айқын көрініс тауып отыр.

Жириновскийдің сөздерінде Қазақстандағы орыстардың құқықтарының кемсітілуі, орыстар Қазақстаннан кету немесе қос азаматтылық алу үшін Қазақстандағы Ресей елшіліктерін қоршап алған, себебі үкімет және басқару орындарында басшылық қызметтердің барлығына тек тұрғылықты халық өкілдері орналасқан, орыстар болса қудалау мен төмендетуге ұшырауда, артықшылық тек негізгі ұлтқа ғана берілген деген сөздер айтылуда.“Қазақстан” атты жеке мемлекет тарихта ешқашан болмаған, Қазақстанның территориясы Ресей империясының бір бөлегі ғана болған, сондықтан да болашақта бұл жерлер Ресей Федерациясының құрамындағы губерниялар территориялар ретінде енуі керек деген пікірлер ұсынылуда,”[1]-деген ресми хабарлама бұл айтылғандарды бекіте түседі.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет