Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! Қабдеш Жұмаділұлының «Жеті ата»



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата10.11.2023
өлшемі442,18 Kb.
#190656
  1   2
Байланысты:
Жеті ата Қ.Жұмаділов
химия, sabaq-kz attachment 5-synypty-aza-tl-men-debiet-pnnen-1zhiynty-baalau-zhmysy, sabaq-kz attachment 5-synypty-aza-tl-men-debiet-pnnen-1zhiynty-baalau-zhmysy, Социология 11 апта, сұрақтар, 8 жоспар, 1369111056361 (1), бөж зерттеуп 2, Study Guide for Middle School Students by Slidesgo


Құрметті жарысқа қатысушы оқырман! 
Қабдеш Жұмаділұлының «Жеті ата» әңгімесінің осы электронды 
нұсқасын таратуға рұқсат бермеймін. Бұл шығарма kitapjaris 
ұйымдастырған кітап сайысында оқытылды. Ӛзіңіз ғана оқыңыз. 
Еңбегімді бағалаңыз. Аманатқа қиянат жасамайсыз деп сенемін. 
Сонау бір жылдары Семей облысының бір ауданынан менің атыма 
жеделхат келді. Аудан болғанда, біздің елден, біздің ауылдан... Жеделхатта 
былай делінген: «Жақыннан бері біздің елдегі ағайын арасында бір үлкен дау 
туып тұр. Біздің арамыздан шыққан оқымысты, білімпазымыз – сенсің ғой. 
Мүмкіндігің болса, ауылға келіп, дау-дамайдың түйіншегін шешіп қайт» деп, 
соңына мен құрметтейтін туыстардың бірі қол қойыпты. 
Сӛз ләміне қарағанда, ондағылар тӛтенше қайғы-қасіреттен, ӛлім-
жітімнен аман сияқты. «Дау-дамай» дейді. Не жетіспей қалды екен оларға? 
Ел жаққа бармағалы да екі-үш жылдың жүзі болып қалған. Шаруабасты 
болып, кезекті кітаптың үстінде отыр едім. Амал жоқ, барып қайтуға тура 
келеді. Сол күні «Алматы-Семей» пойызына билет алдым да, ел жаққа жүріп 
кеттім. Алайда, жол бойы бір сұрақ мазалап келеді. «Алақандай ауылда 
ӛздері шеше алмайтындай қандай дау тууы мүмкін? Ұрлық-қарлық, ұрыс-
керіс болса, сол жақты милиция бар, сот бар. Оларға менің не қажетім болды 
екен?». 
Осындай жіп тағуға болмайтын әрі-сәрі кӛңілмен кӛздеген жеріме де 
жеттім-ау. Мен бетке алған елді-мекен – Аягӛзден ары, Семейден бері, 
теміржол бойындағы ауылдардың бірі болатын. Ауыл болғанда, біздің туып-
ӛскен байырғы мекеніміз емес, 1962 жылы ұлы кӛшпен бірге келген (сол 
жылы кӛктемде Шәуешек тӛңірегінен Қазақстанға 200 мыңдай адам ӛткен) 
біздің елдің бір бӛлімі осы ауданда қоныстанып қалған-ды. Арғыбеттен 
қопарыла қозғалған жеті зәңгі (болыс) тӛртуыл мұнда келген соң бір 


облысқа, не бір ауданға сия ма, шекара бойындағы үш облысқа бӛлініп, әр 
совхозға 50-60 үйден таралып кеткен-ді. Жұптарын жазбай топтана кӛшкен 
бір зәңгі ел Қараменде мен Жұмықатаңа осы мен келе жатқан Жарма ауданы 
бұйырыпты. Зымырап ӛтіп бара жатқан заман... Міне, содан бері де он неше 
жыл аттай шауып ӛте шығыпты-ау! Мен Алматыдан шығарда қай пойызбен 
келетінімді айтып, жеделхат жібергенмін. Мені жақсы білетін екі жас жігіт 
«Жигули» машинасымен келіп, пойыздан қарсы алды. Аман-сәлемдері түзу, 
қабақтары жадыраңқы. Соған қарағанда бәлендей алып-жұлып бара жатқан 
ештеңе жоқ сияқты. 
Ауылдарың аман ба? Сендер дауласып, бүлініп жатыр дейді ғой. Не 
болды аяқастынан? – дедім жас жігіттерден сыр тартып. 
Жәй, шалдардың істеп жүргені ғой, – дейді әлгілер ыржалақтай күліп. 
Ауылдарында болып жатқан оқиғаға жастардың разы еместігі сезілді. Содан 
ары мен де сұрамадым. 
Сол беті бір кезең астындағы ауылға да келіп қалдық. Мұнда да бейбіт 
тірлік, адамдардың қас-қабағынан жабырқаған ештеңе байқалмайды. Менің 
келетінімді біліп, ауылдың біраз үлкендері аулада күтіп тұр екен. 
Бірталайдан кӛріспеген ағалар мен жеңгелер шұрқырай қарсы алды. Ӛң-
шырайлары ашық-жарқын, менің келгеніме қуанып қалғандары байқалады. 
Туыстармен қауқылдасып, аман-сәлем жасаған соң бәріміз үйге кірдік. 
Бұл – маған аталас туыс болып келетін Қалибектің үйі. Жаңадан қора-
жәй салып алған екен, бӛлмелері мол, қонақ күтетін залы кең, терезелері 
самаладай жарық, еңселі үй. Бұлар әлі үстел-орындыққа кӛше қоймаған. 
Тӛрге текемет, оюлы сырмақ жайып, оның үстіне кӛрпе тӛселген. Соған 
жайғасып болған соң, туыстар тағы бір рет хал-жағдай сұрасып, тиіп-қашып 
тіл қатысты да, тосырқағандай тоң-торыс отырып қалды. Ауыл адамдары 
асықпайды. Үйге келген қонақтың бұйымтайын бірден сұрамай, аттанарда 
бірақ сұрайтын сол баяғы әдет. Бүгінгі отырысқа еш қатысы жоқ, басқа ұсақ-
түйек бірдеңелерді сӛз қылып отыр. Ӛзімнің мұнда неге келгенімді біле 
алмай тықыршып отырған мен шыдай алмай кеттім: 
Ал, ағалар, бұл не жағдай? «Тез келіп қайт» деген жеделхатты 
алысымен кӛңілім күпті болып, тағат таппай, тездетіп келген бетім осы. Не 
боп қалды? Тыныштық па, әйтеуір? – дедім отырғандарға жағалай кӛз тастап. 
Менің сұрағыма аз-кем үнсіздіктен кейін үй иесі Қалибек жауап берді. 
Бұл күнде елудің ішін мол аралаған, қызыл шырайлы, сұлу қара мұртты 
ағамыз арғыбетте ерте атқа мініп, ел басқарған кісі: 
Ауылымызда бәлендей бүлініп қалған ештеңе жоқ. Әйткенмен, сен 
араласпасаң болмайтын бір шаруаның шығып тұрғаны тағы рас, – деді ежелгі 
сырбаз мінезімен асықпай байыппен сӛйлеп. – Былай қарасаң, ағайын-жұрт- 


ты тойға шақырып, қуанышты бӛлісетін-ақ жағдай. Амал не, ӛзіңді тойға 
емес, дауға шақырып отырмыз. Қысқартып айтқанда, мәселе былай, – деп 
бастады да, бастарына түскен жағдайды аз сӛзбен баян етті. 
Қалибектің кенже ұлы Қажыбек әскерге барып келген соң, ауданда 
шопыр болып, автобазда қызмет істеп жүреді. Мінезі орнықты, жұмысқа 
шӛгел, ешкіммен қақ-соғы жоқ, тәртіпті жігіт таяуда осы ауылды тұтқиыл 
дүрліктірген. Онда да ел шошитындай бұзақылық іс емес, кешке қарай аудан 
орталығынан бір қызды «алып қашып» келеді ғой. Бұрыннан уәделері бар ма, 
қалай, қызды ӛзі айдап жүрген жүк машинасының кабинасына отырғызған 
да, ауылға тартып отырған. Ауыл жастары мәре-сәре. Әйелдер жас келінге 
шашу шашып, басына жаулық жауып, босағадан оң аяғымен аттатып, ішке 
кіргізіп әкетеді. Ешқандай зорлық, жылап-сықтау жоқ, қалыңдықтың ӛзі мәз 
болып, күліп жүр дейді... Әйткенмен, алғашқы ап-сап басылған соң, үлкендер 
жас келінді оңашалап, жӛн сұрамай ма: 
– Атың кім, айналайын? 
– Айтбала... 
– Қай ауылдансың? 
– «Скотовод» совхозынан... 
– Қажыбекті бұрыннан білетін бе едің? 
– Екі-үш ай болды танысқанымызға... Мен ол істейтін автобазда 
бұғалтырмын ғой. Сонда жүріп таныстық. 
– Е-е, жӛн-жӛн... «Скотоводта» кімнің қызысың, айналайын? 
– Қасым деген шопанның... 
– Қай Қасым? – дейді Қалибек осы арада әлденеден секем алып. Қыз аз-
кем ойланып қалады: 
– Білмеймін... Әйтеуір, арғыбеттен келгендер «Қиықбайдың Қасымы» 
дейді ғой менің әкемді... 
– «Қап! Құдай ұрды...». Осы араға келгенде, Қалибек санын бірақ 
соғады. 
– Әй, естідіңдер ме, мына Айтбала – ӛзіміздің Қиықбайдың 
Қасымының қызы екен! – дейді жиналғандарға әлдебір қайғылы хабарды 
естірткендей. – Енді қайттік? Мынаны Қасым естісе, бізді ӛлтіреді... 
Абыр-сабыр лезде басылып, ауыл адамдары не істерін білмей 
аңтарылып қалған. 
– Сендердің мұнда келгендеріңді үй-ішің біле ме? – дейді әлдекім қызға 
сұрақ қойып. 
– Жоқ, білмейді... Әке-шешеме айтайын деп едім, Қажыбек қой – 
«артынан бірақ кӛреміз» деп айтқызбаған... 


– Әй, бәсе, жүрегім бірдемені сезіп еді-ау! – деді Қалибек жанын қоярға 
жер таппай. – Ӛздерің қараңдаршы, мына Айтбала – Қасымның әйелі 
Күлшайдан аумайды ғой... 
Міне, бұлар үшін шешілмес дау осы арадан басталған. Қайтпек керек? 
Дереу ауылдағы үлкендер жиналып кеңес құрады. Істің бұлай қиынға 
айналып тұрған себебі, Қалибек пен Қасым – Тӛртуыл ішіндегі Қараменде 
дейтін бір ғана рудан. Ӛз ішінде Ақкісі және Табылды болып екі атаға 
бӛлінгенімен, ӛзара қыз алыспайтын, жақын ағайындар... Сол арада 
ақсақалдар саусақтарын бүгіп, Ақкісі мен Табылдыдан тарайтын аталарды ал 
кеп санасын. Жоғарыдан тӛмен қарай да санап кӛрді, тӛменнен жоғары қарай 
да санап кӛрді. Бірақ қанша рет санаса да Қалибек пен Қасымның арасы алты 
атадан аспайды. Оны былай қойғанда, бір Қараменденің баласы бір-бірінен 
қыз алысты деген не сұмдық?! 
Үлкендер ақылдаса келе, әлі ешкім құлақтанбай тұрғанда, Айтбаланы 
аудан орталығына қайтадан апарып тастайық дескен-ді. Бірақ үлкендердің 
бұл шешіміне Қажыбек үзілді-кесілді қарсы болды. 
«Жеті аталарың» ӛз алдына, біз енді ӛлсек те бір-бірімізден 
айрылмаймыз! – дегенді шорт кесіп. – Егер бізді бұл шаңыраққа енгізгілерің 
келмесе, Айтбала екеуіміз шамаданымызды аламыз да, басқа бір облысқа 
тартып отырамыз. 
Жастармен санаспасқа тағы амал жоқ. Әсіресе, қызу қанды Қажыбек 
бірдемеге ұрынып қала ма деп қорқады. 
Сонымен, бұлар әзірше қыз бен жігітті бір-біріне қоспай, бӛлек 
бӛлмелерде ұстап отырған кӛрінеді. 
Қорытып айтқанда, біздегі жағдай осындай, – деді Қалибек сӛзін 
аяқтап. – Қазір ауылдағы жастар бір жақ, үлкендер бір жақ. Жастар 
«Махаббатқа жол ашық» дейді. Үлкендер: «Халқымыздың салт-дәстүрін 
аттамаймыз. Арамыз әлі жеті атаға толған жоқ» дейді... Айтыса-айтыса біраз 
жерге барыстық. Біздің елде озып оқыған, кӛп білетін, аузы дуалы 
азаматымыз – ӛзіңсің ғой. Осы даудың тӛрелігін айтып, бізді бір адаспайтын 
тура жолға салып кет. 
Бұл істен Қасым ағалар хабар тапты ма? – дедім ол жақтың нендей ойда 
екенін білгім келіп. 
Әй, солар әлі хабарсыз жатқан болар-ау! – деді үлкендердің бірі 
болжам айтып. – Қасым байқұс білсе, ендігі ӛкіріп-бақырып жетсе керек еді... 
Сенің келетініңді білген соң, Қасымға кеше кісі жібергем, – деді 
Қалибек маған қарап. – Онда да іс мәнісін анық айтпай, «ақылдасатын шаруа 
бар, біздің ауылға келіп қайтсын» деп қана сәлем жолдадым. Амандық болса, 
ол да бүгін келіп қалар. 


Жаңа бір малға бата жасалған. Соның арасынша дастарқан жайылып, 
шай құйыла бастады. Шай үстінде де уақытты босқа жібермей, Ақкісі мен 
Табылдыдан тарайтын аталарды қайтадан санай бастадық. Қалай санасақ та 
сол баяғы алты ата. Жетінші буын Қажыбек пен Айтбаланың ӛздері екен. 
Бірақ олар ұл үйлендіріп, қыз ұзатқанша атаға саналмайды. Қазақ салты 
бойынша, тек сегізінші атада ғана құдаласуға рұқсат етіледі. 
Сонымен, үлкендердің аужайын түйдік. Менің енді қыз бен жігітті 
кӛргім келіп еді. 
Онда, мен Қасым аға келгенше жастармен сӛйлесіп кӛрсем қайтеді? – 
дедім шай дастарқаны жиналған соң үй иесіне тілек білдіріп. 
Оның жӛн. Негізгі даугер – сол жастар ғой, – деді Қалибек мені қостап. 
Біраздан кейін қыз бен жігітті бір оңаша бӛлмеге шақыртып алдым. 
Менің үстіме алдымен Қажыбек, сонан соң Айтбала кірді. Екеуі де – қарасаң 
кӛз тоймайтын ӛрімдей жастар. Қажыбекті кішірек кезінде бір кӛріп едім, 
қазір ұзын бойлы, қол-аяғы серейген, алпамсадай азамат. 
Әкесіне тартқан сұлу ӛңді, сүйкімді жігіт боп ӛсіпті. Қыздар ғашық 
болса болғандай... Ал, Айтбала... Ол да – түр-тұлғасы шешесі Күлшайға 
келетін сұлу да, сұңғақ, әсем бойжеткен. Ұзаса, он сегіз – он тоғыз жас 
шамасында. Мектепті бітірген соң бір жылдай бухгалтерлік курстан ӛтіп, 
қазір аудандық автовазда есепші кӛрінеді. Жастардың осы ауылға келген 
соңғы тӛрт-бес күнде кӛріскені осы болар, екеуі бірі мен бірі сүйісе жаздап, 
құшақтарын жазбай, қол ұстасып, қатар отыр. Бұлар менің келгенімнен 
хабардар сияқты. Бізді бұл азаптан бір құтқарса, осы кісі құтқарар дегендей, 
жалынышты кӛзбен жапақтап қарай береді... Қажыбектің тағаты әбден 
таусылған секілді. Мен сұрақ қоймай-ақ, сӛзді жігіттің ӛзі бастап кетті. 
Аға, сіздің келгеніңіз қандай жақсы болды. Біз мына Айтбала екеуіміз 
бір-бірімізді ұнатып, қосылуға бел байлағанбыз. Осындағы шалдар «Жеті 
ата» дей ме, «әлі қыз алыспаған ағайынбыз» дей ме, қайдағы пәлені ойлап 
тауып, бізді бір жұмадан бері қамауда ұстап отыр. Шалдарға түсіндіріп 
айтыңызшы: біз бәрібір қосыламыз. Енді бізге шегінетін жер жоқ! – Қажыбек 
осы сӛздерді жаттап алғандай бір демде айтып шықты. 
Сен де осылай ойлайсың ба? – дедім мен енді Айтбалаға қарап. Қыздың 
әдемі ақша жүзіне арай жүгіріп, сәл қызарып кетті де: 
Біздің ойымыз да, мақсатымыз да бір ғой, аға, – деді тӛмен тұқыра 
сӛйлеп. 
Араларыңда күш кӛрсету, қорқыту, зорлап алып қашу сияқты 
әдепсіздік болған жоқ қой? 


Құдай сақтасын, аға! Біз – ӛз еркімізбен қосылған жандармыз, – деді 
Айтбала әлгіден гӛрі батылдау тіл қатып. 
Мен, әрине, сендерге тілектеспін, – дедім жастарға қарап. – Бірақ сен, 
Қажыбек, «шалдар жеті ата деген пәлені ойлап тапты» дегеніңді қой бұдан 
кейін. Ол – осы ауылдың шалдары ойлап тапқан «пәле» емес, халқымыздың 
мың жылдан бері жалғасып келе жатқан салт-дәстүрі. Оны ӛкімет те, ешкім 
де бұза алмайды. Санап кӛрдік, сендердің араларың әлі жеті атаға толмапты. 
Екеулерің оданда үлкендерден кешірім сұрап, бір жолға қайырым етуін 
тілеңдер. Сендердің тағдырларыңды басқа емес, сол «шалдар» шешеді! 
Соны айттым да, жастарды босатып қоя бердім. Аңдып тұрған адамдар 
екеуін екі жаққа алып кетті. Мен үлкендер тобына қайта келіп қосылдым. 
«Иә, қалай болды» дегендей, бәрі менің бетіме қарайды. 
Жастар ӛз уәделеріне берік, – дедім мен жауап күткен ауыл адамдарына 
қарап. – Қосыламыз деген сол баяғы сӛздерінен қайтар емес. «Үлкендер 
біздің білместігімізді кешіріп, осы жолы бізге рұқсат етсін» дегенді айтады. 
Онда не істейміз? Ендігі әңгімені Қасым келген соң бірақ 
жалғастырмаймыз ба, – деді Қалибек кӛпшілікке қарап. – Ет те пісіп қалған 
шығар. Оған дейін далаға шығып, бой жазып келгеніміз дұрыс болар. 
Бәріміз біртіндеп далаға шықтық. Мен мана пойыздан күн шығар-
шықпаста түсіп едім, уақыт түске тармасып қалыпты. Бұл ауыл айнала 
қоршаған биік таулардың қойнауында болатын. Дәл іргеден Қандығатай мен 
Байжантасы бой кӛтерсе, сонау батыста Арқат таулары қылаң береді. 
Шығыста – Биесимас пен Қайрақты қыраттары. Қайрақтыда Ақтайлақ бидің 
кесенесі бар. Ол заманда бүгінгідей білместік болмайды ғой. Ал, бола қалған 
күнде қазақтың ең соңғы ұлы биі Ақтайлақ мұндай дауды екі-ақ ауыз сӛзбен 
шешер еді. Ал біздің түріміз мынау – ойдағы-қырдағымыз жиналып, 
болымсыз шаруаға бола бір бәтуаға келе алмай отырмыз. Биліктен бедел, 
ауыздан дуа кетті деген осы... 
Біз үйге кіріп, отырар отырмаста сырттан дабыр-дұбыр дауыс естіліп, 
әлдекімдердің келгені байқалды. Бұл келген – қыз әкесі Қасым еді. Бұлардың 
әзірше алыс-жуық ағайынға айтпай қоя тұрамыз, білдірмейміз дегені бекер. 
Тәйірі, ауыл арасында сӛз жата ма, Қасым бәрін естіп-біліп келе жатқан 
секілді. Қалибек пен Қасым түйдей құрдас. Арғыбетте құлын-тайдай тебісіп, 
бірге ӛскен адамдар ғой. Екеуінің арасында жарастықты әзіл-қалжыңдар 
болушы еді. Енді не десетіндері белгісіз. Міне, қазір де Қасым сонау 
кіреберістен бастап сӛйлеп келеді: 


– Әлгі Қалибек қу қайда? Біреудің баласын ұрлап алып келіп, інге 
тығылған суырдай түк білмегенсіп жатыр ма үйінде? Кӛрсетейін мен оған – 
бала ұрлағанның қандай болатынын! 
Қасым дембелше келген, палуан денелі, бұжырлау, қара кісі болатын. 
Аузы сӛзден босамай ішке кіріп келді де, алдында самсап тұрған адамдарды 
кӛріп, аңырып тұрып қалды. Қол қусырып, қалбалақтап алдынан шыққан 
Қалибекке қараған жоқ. «Тұра тұр, сенімен сӛз басқа» деп ұсынған қолын 
қағып тастады да, тӛр жақта тұрған маған қарай бет алды. Келе құшақтап, 
беттен сүйіп жатыр. 
– Сен де келіп қалғансың ба? Қол-аяғың сау, бала-шағаң аман ба? – 
деп, есен-саулық сұрасып алған соң, аяқастынан кӛңілі босап, еңкілдеп 
жылап жіберді. – Міне, кӛрдің бе, сен жоқта жаман ағаңды кім кӛрінген 
басынады. Баласын ұрлап әкетіп, іргекүш кӛрсетеді... 
Соның арасынша, үйдегілер жан-жақтан кеу-кеулеп, басу айтып, 
Қасымды тӛрдің тӛбесіне зорға отырғызды. Қасымның мені кӛргенде кӛңілі 
босап, мұң шағатын себебі, екеуіміз де – Қараменденің Табылды 
тармағынанбыз. Арғыбетте ауылымыз аралас, қойымыз қоралас, бірге 
отырушы еді. Кӛңілі босауына тағы бір себеп, жаңа құшақтасқанда 
байқадым, Қасекең ашу үстінде аздап ішіп алған секілді. Сӛзге енді Қалибек 
араласты: 
– Сен, Қасым, ӛкпең қабынып, желікпей тұра тұр! – деді арадағы аз 
үзілістен кейін ес жия бастаған үй иесі, – әзірше бүлінген ештеңе де жоқ. Екі 
бала білместікпен осында келіп қалған екен. Айтбаланың сенің қызың екенін 
осында келген соң бірақ білдік. Содан бері екеуін бір-біріне жолықтырмай, 
бӛлек үйлерде қамап отырмыз... Не істемек керек? Ақылдасайық. Міне, ӛзің 
келдің. Мына жазушы ініміз де сонау Алматыдан сол үшін келіп отыр. Бұл 
бәріміздің басымызға түскен ортақ әңгіме. Сен, Қасым, құрдан-құр 
даурықпай, бізге ақыл қос. Не істейміз бұл екі ақымақты? Екеуін қосамыз ба, 
әлде кӛз жастарына қарамай айырып жібереміз бе? 
Бұл кезде істің байыбына барған Қасым да біртіндеп сабасына түсе 
бастаған. 
– Әйтеуір, зорлап әкелген жоқсыңдар ғой? Қызым ӛз ризалығымен 
келіп пе? Мен Айтбаламен сӛйлесуім керек! деді сәл бәсеңсіп. 
– Ойбай-ау, Айтбала ризалығымен келмесе, сол келген бетте-ақ 
қайтарып жібермейміз бе?! – деді Қалибек істің беті бері қарай бастағанын 
сезіп. – Жастардың уәделері тастай берік кӛрінеді. «Бізді енді ӛлім ғана 
айырады» деп қасарысып отыр. 
– Анық қой осы сӛздерің? 


– Анық! – дедім мен осы тұста әңгімеге араласып. – Жаңа сіз келердің 
алдында мен екі жаспен оңаша сӛйлестім. Екеуі бірін-бірі шын сүйеді екен. 
Бұлардың достасып, бірге жүргендеріне бірнеше айдың жүзі болыпты. Олар 
ӛздерінің бір рудан екенін білмеген... 
Қасым ағам осы тұста маған бір бүйірден қадала қарап сәл отырды да: 
Айналайын, бауырым, кӛңіліңе келмесін, осы былықпайға ең 
алдымен сен кінәлісің! – деді мәймӛңкені білмейтін әдетімен. – Ана жылы 
арғыбетте тып-тыныш жатқан елді қозғап, Қазақстанға кӛшіріп әкелген сен 
едің. Біз сенің етегіңнен ұстап едік. Бірақ осында әкелдің де қалың 
Тӛртуылды тарыдай шашып жібердің. Қазір Тӛртуыл әулеті осындағы үш 
облыста шілдің боғындай бытырап жүр. Жастарымыз кімнің бауыр, кімнің 
туыс екенін білмейді... Баяғыдай Барқытбелдің бӛктерінде айрандай ұйып 
отырсақ, балаларымыз ӛстер ме еді? Енді не болды, міне? Бір атаның баласы 
баба салтын бұзып, бір-бірімізбен құда болуымыз керек пе? – деді бар кінәны 
маған қарай аударып. Мына сӛз маған тым ауыр тиді. Шекем де шытынай 
қалған. Бұл – жалғыз Қасымның ғана кӛкейінде жүрген сӛз емес, мына 
отырған ағайындардың бәрі де солай ойлауы мүмкін ғой. Мәселенің басын 
ашып, түбегейлі жауап беруге тура келеді. 
– Атажұртқа кӛшіп келгеніңізге ӛкініп отырсыз ба, Қасеке? – дедім 
туысымның бетіне тура қарап. – Баяғыда біреу «Қонағым, ӛз үйіңді де ойлай 
отыр» деген екен тым бәлсініп, алдына келген асты ұнатпай, шіреніп қалған 
қонағына. Сол айтқандай, арғыбетте бір тілім нанға зар болып, 
«коммунаның» қазанына телмірген аш-аламан күндеріңді ұмытып қалдыңдар 
ма? Тілге тиек, ауызға қақпақ қойған, бір ауыз сӛз үшін айдалып кететін 
күндерді ше? Қазір ондағы қазақтардың кӛрген күні бұрынғыдан да жаман. 
Басқаны былай қойып, бала табуға дейін шектеулі. Қазақ әйеліне екі баладан 
артық тууға рұқсат жоқ. Байқамай жүкті боп қалған әйелге зорлап түсік 
тастатады. Уақытынан ӛтіп кетсе, іштегі баласын жарып алады... Біз бүгін 
ағайын арасында білместікпен адасып келген бір баланы сӛз қылып отырмыз. 
Ал, арғыбетте қазақтың дүниеге келетін жас тӛлін қанға бӛктіріп, кӛктей 
орып жатыр... 
Мен соны айтып, сӛзімнің әсері қалай болар екен деп, отырғандарға 
жағалай кӛз тастадым. Біреулері, «шынында солай екен-ау» дегендей бас 
шұлғыса, енді біреулері ештеңе естімегендей бедірейіп отыр. 
– Иә, Атажұртқа келген соң ағайындар әр тарапқа бӛлініп, шашырай 
қоныстанғанымыз рас, – дедім сӛзімді одан ары жалған. – Тӛртуылға қарасты 
сондағы отыз мың шаңырақ бір аймаққа, не ауданға сия ма? Амал жоқ, әр 
совхозға елу-алпыс үйден бӛлініп кеттік. Бірақ Совет ӛкімет кӛшіп келген 
жұртқа жаман қараған жоқ. Осы отырған барлықтарыңды бір айдың ішінде 


жұмысқа орналастырып, екі айда қолдарыңызға «Совет азаматы» деген қып-
қызыл паспорт берді. Балаларымыз тегіс оқуда, жастарымыз техниканың 
құлағында ойнайды. Мал баққан шопандардың табысы жаман емес, үй басы 
жеңіл машина... Айтыңыздаршы, осы жаман ба? Арғыбетте жүргенде 
осындай тұрмыс түсімізге кіріп пе еді? – дедім туыстарымның бетіне қадала 
қарап. – Қасеке, қазір неше балаңыз бар? 
– Сегіз-тоғыз боп қалды ғой. Бірақ біздің үйдегі жеңгең баланың санын 
онға апармай тоқтамаймын деп отыр! – деді ақкӛңіл Қасым ағынан жарып. 
– Міне, кӛрдіңіз бе, арғыбетте жүрсеңіз осының бірде-бірі болмас еді 
ғой! – дедім айтқан сӛзімнің нысанаға дәл тиіп жатқанын сезіп. 
Соның арасынша, тӛрге дастарқан жайылып, алдыға ет тартыла 
бастаған. Осы елдің салтына бейімделіп, біздің ағайындар да ішімдікке 
үйрене бастапты. Етпен бірге кӛк мойын шӛлмектер де келіп қалды. 
– Бүгін алыстағы Алматыдан жазушы бауырымыз келді. Ӛзіміз де 
жақсы тілеудің қарсаңында отырмыз. Осы заманның тӛл асы ғой, мынадан да 
аздап алып отырайық, деді үй иесі Қалибек мезіреті жасап. 
«Жақпаушы еді» деп бас тартқан бір-екеуі болмаса, қалғандары тамақ 
алдында ащы заһардан тартып жіберді. Бұл аудан Дегелеңдегі ядролық 
сынаққа тұспа-тұс, жақын. Мұндағы халық кӛбінше радиациядан қорғану 
үшін ішеді... 
Түскі астан кейін арадағы әңгіме қайта жалғасқан. Қалибек менің 
бетіме бір-екі рет жалтақтап, қарап алды да: 
– Ал, бауырым, біздегі жағдайды кӛріп отырсың. Жастармен де ауызба-
ауыз сӛйлестің. Мына Қасым екеуіміздің басымызға осындай шешуі қиын іс 
түсіп тұр. Біз ғана емес, саған бүкіл қазақ елі, дүние жүзі жақсы таныс қой. 
Осыған тӛрелігіңді айтып, біздің арадағы дауымызды бітіріп кет! – деді 
ӛтініш білдіріп. 
Мен үшін жауапты сәт енді туды. Не айтуым керек? Таразының бір 
басында – бүгінге дейін ата салтын бұлжытпай сақтап келген ағайындар. 
Оларға «сендер енді туыстықты қойып, ӛзара құда болыңдар» деп қалай ай- 
там? Құдалық – туыстықтан әлдеқайда алыс. Таразының екінші басында – 
бірін-бірі шын сүйген жастар, адал махаббат тұр. Ата салтын қатал 
сақтаймын деп, сүйіскен жастарды қалай жылатасың? Қай жағына шығу 
керек? 
Шынымды айтсам, менің ықыласым жастар жағында. Кӛз алдымнан бір 
бастарына сауға сұрап, жазықсыз жаудыраған қыз бен жігіт кетпейді. Олар 
мына бетінде ақ батасыз да басы ауған жаққа қол ұстасып кете беруі мүмкін. 
Одан гӛрі екі жақтың берекеге келіп, табысқанын қалар едім. Бірақ соны 
үзілді-кесілді, түйеден түскендей етіп айта салмай, алдымен бұл мәселеге 


шариғаттың қалай қарайтынын, басқа түрік жұрттарының құдалықты қалай 
шешіп жүргенін әңгімелеп, алыстан орағыттым. 
Ӛздеріңіз білесіздер, ислам шариғатында құдалық кезінде жеті ата 
қарастырылмаған. Мәселен, Әзіретәлі – Мұхаммет пайғамбардың Әбутәліп 
дейтін ағасының баласы яғни немере бауыры. Соған қарамастан, 
пайғамбарымыз сол Әзіретәліге ӛзінің жалғыз қызы Бифатманы беріп отыр. 
Арабтарда әлі күнге дейін сол үрдіс сақталған... Тек, арабтар ғана емес, 
қазақтан басқа бізбен тілі бір түрік халықтары да дәл сондай шариғат 
жолымен келе жатыр. Мәселен, ұйғырлар, ӛзбектер, әзірбайжандар, Стамбул 
түріктері... Емшек сүті араласпаса болғаны, ағайынды адамдар бірінің қызын 
бірі ала береді... 
«Шалатын палуанның бӛксесі қисық келеді» дегендей, мені қайда 
тартып бара жатқанымды Қасым аға сезді-ау деймін, сӛзімді орта жолдан 
бӛліп жіберді: 
– Немере қарындасын алатын сол арабтардың да жетісіп кеткені 
шамалы ғой. Әлі күнге дейін бір-бірімен қырық пышақ болып, соғысып 
жатқандар – солар емес пе? Қасиетіңнен айналайын Мұхаммет пайғамбардың 
аруағы демесек, мен сол арабтарыңды ұнатпаймын! – деді бір езулей 
қыжырта күліп. 
– Сіз ұнатасыз ба, ұнатпайсыз ба, мен сізге ӛзге халықтардың әдет-
ғұрпын айтып отырмын, – дедім Қасымның сӛзімді бӛлгенін ұнатпай. – Ал 
дүниеде құдалық кезінде жеті атаны толық сақтайтын бір ғана ұлт бар. Ол – 
біздің қазақ. Бұл – керемет нәрсе. Ұлтымыздың бойындағы ең асыл қасиет. 
Ұрпағың азбауы үшін, қаның бұзылмау үшін, жеті атаға дейін қыз алыспау 
ӛте қажет. Мұны қазір ғылым да мойындайды. Генетика ғылымы былай 
есептейді: әке жағынан келгенде, сенің қаның балаңда – 50 пайыз (жарымы – 
анасының қаны), немереңде – 25 пайыз, шӛбереңде – 12,5 пайыз, шӛпшегіңде 
– 6,25 пайыз, шӛбелегіңде – 3,12 пайыз, туажатыңда – 1,55 пайыз, 
жұрағатыңда 0,75 пайыз, ал сегізінші жамағайыныңда – 0,35 пайыз болып, 
қан туыстығы бітеді. Қазақтың тек сегізінші атада үйленуге рұқсат беретіні 
содан. 
– Ал, мына Қажыбек пен Айтбала нешінші ата болып тұр? – деді 
Қасым тағатсызданып. 
– Оны біз манадан бері неше мәрте санадық, – дедім мен сӛзді ұзартпау 
үшін. – Қажыбек пен Айтбалаға келгенде алтыншы ата бітіп, жетіншісі 
басталады екен. Демек, арадағы қан туыстығы бұлардың немересі туғанда 
бітеді. Баяғыда қазақтар сегізінші атаға толғанда, бір кӛкқасқаны айтып 
сойып, ұлан-асыр той жасап, ақсақалдар бата беріп, алғашқы құдалыққа жол 
ашады екен... Ал Қажыбек пен Айтбаланың жетпей тұрғаны – небәрі екі ата 


ғой. Маған салсаңыздар, екі жастың білместігін бір жолға кешіріп, қосылуға 
рұқсат еткеніміз жӛн сияқты. Бірін-бірі жан-тәнімен сүйіп тұрған жастардың 
обалына қалып, қалай жылатамыз? – дедім отырғандарға жағалай қарап ӛтіп. 
Әр тұстан мені қостаған сӛздер естілді: 
– Сол жӛн ғой... 
– Екі жасты бір-бірінен айырып, жылатқанда не опа табамыз? 
– Жастардың білместігін бір жолға кешіріп, батамызды берейік! – десіп 
жатты. 
– Ол ақымақтарды біз кешіреміз-ау, ата-баба аруағы кешіре ме? – деді 
Қасым әлі де болса кӛңілдегі күдігі тарқамай. 
– Кешіреді... Аруақтар да ұрпақ қамын ойламас деймісің! – деді жастау 
жігіт тағы бір шӛлмектің аузын ашып жатып. – Келіңіздер, жаңа басталған 
құдалық үшін алып қоялық! 
Осы ұйғарымға басқалар да бірауыздан келіп отырса керек, алдындағы 
ыдыстарын лезде босатып қойды. Орта стакан арақты Қасым да тартып 
жіберген. Бірақ кенет түсі бұзылып, кемсеңдеп жылай бастағаны. 
– Жұртым-ау, айтыңдаршы, осымен, шынымен-ақ, туыстығымыз 
біткені ме? – деді кӛпшілікке қарап. Сонан соң есік жақта отырған Қалибекке 
бұрылып: – Ит-ай, бір ауылда, бір жылы туған тӛл едік, туыс едік... Енді 
сенің тӛріңде «құда» болып қалай отырам?! – деп ал кеп еңкілдесін: – Тумай 
туашӛккірлер-ай, басқа қыз, басқа жігіт құрып қалғандай, бізді ақыры осыған 
жеткіздіңдер ме? 
Әйткенмен, бұл отырыстың арты қуанышқа, тойға айналып кетіп еді. 
Жұрт кеу-кеулеп, Қасымға бір ақсарбас ісекке бата жасатты. «Ақ қой сойып, 
ақ бата беру» деген осы. Тек арты қайырлы болғай! 
Ертеңінде мені Алматыға бет алған пойызға бір топ жастар шығарып 
салды. Сол топтың ішінде Қажыбек пен Айтбала да бар. Кешегідей емес, 
екеуі де гүл-гүл жайнап кӛңілді жүр. Жастардың түсінігінде, ғашықтарға 
азаттық әперген – мына мен сияқтымын. Бәрі дуылдап, мені жүргелі тұрған 
пойызға кӛтеріп мінгізді. Ұзамай пойыз да орнынан қозғалып кеткен. 
Сермелген қолдар, қимас жүздер... Бірнешеуі вагонмен жарысып келеді... 
Бірақ, амал не, ақыры сол екі жастың жолы болмады. Арада бір жыл 
ӛткенде Айтбала алғашқы баладан қайтыс болды да, Қажыбек соның артынан 
кӛп ұзамай жол апатынан қаза тапты. Мен осы күнге дейін таңғалам. Бұл не 
сонда? Кездейсоқ бақытсыздық па? Әлде ата салтын аттаған жастарға 
Жаратушының жіберген зауалы ма? Жалпы, дана халқымыз «жеті атаны» ӛз 
салтына жәйдан-жәй енгізбеген шығар. Онда санаспаса болмайтын бір 
тылсым күш бар-ау, сірә... Кейде мен осы некеге жол ашқаным үшін, ӛзімді 


кінәлы сезінем. Бірақ менің ойымда ешқандай қаралық жоқ, бар болғаны, 
махаббатқа жол ашқым келді ғой. Ӛзіме соны ғана жұбаныш етем. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет