Рөлдерде: Тілеу Күдері Зейнеп Жаныл І көрініс



бет1/5
Дата16.03.2022
өлшемі19,39 Kb.
#135875
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Өтер өмір дөңгелеп
ОПб

Өтер өмір дөңгелеп «Тұяқ»
(Ә.Кекілбаевтың «Бір шоқ жиде» повесінің желісі бойынша)
Рөлдерде: Тілеу
Күдері
Зейнеп
Жаныл
І көрініс
Көрігін басып, балғамен тықылдатып отырған Тілеу. Қасында тігін тігіп отырған Зейнеп. Екеуі де үнсізү Көп сөйлемейтін зергердің үйіне сөйлеп кіретін де шығатында құрдасы Күдері. Есікті серпіп ашып кіріп келеді де, сәлем де жоқ, сауқат та жоқ, состиып тұр.
Күдері: Тықытпай, тастасай әрі. Басың қайтып ауырмайды.
Аршындай басып төрге шығады. Кебісін сосын барып шешеді. Тілекең қолындағы шымшуырмен құрдасының аяқ киімін бір-бірлеп қысып ап, босағаға жітіреді. Қонақ төрге отырар-отырмаста қалтасынан шақша суырады. Алақанына бір уыс қып насыбай төгеді. Өндіршегін әнтек созып қолындағы қара барқын ұнтақты аузына лақ еткізіп құя салады. Тілекең балғасына қарап басын шайқап, бір мырс етеді. Қасындағы тайпақ жез шылапшынды құрдасының алдына қарай сырғытады. Күдерінің шылапшында шаруасы шамалы, астындағы алашаның бір жақ бұрышын көтеріп, шырт-шырт түкіріп жантая кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет