«Рухани жаңғыру» бағдарламасын пайдаланып жастарды елжандылыққа тәрбиелеудің теориялық негіздері



бет2/11
Дата07.02.2022
өлшемі99,51 Kb.
#87371
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
2 диплом Тастанбек
91691978, Диплом Арт-терапия, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, рухани жаңғыру фото, БАҒДАРЛАМА 3 курс - копия (1), ИНСТРУКЦИЯ ПО ЗАЩИТЕ ДП В РЕЖИМЕ ДОТ 23.04.202г ЮКГУ, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Дадашов Адхам Акажанович Жеңіл атлетиканың түрлері мен дамуы, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ, ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХ, Байбархан Гүлімай Құралбайқызы Дене тәрбиесіндегі қимыл қозғалыс әрекеттеріне үйрету әдістері 3, План граф и дневник каз, 2 диплом АНАПИЯ, АНАПИЯ саптық дайындық







КІРІСПЕ




Зерттеудің көкейкестілігі.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі, оны сақтап қастерлеуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады.
Еліміздің жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ халқының этностық ерекшеліктерін, тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін дәріптеу, жастарды ұлттық сезімі бар тұлға ретінде тәрбиелеу және осы мәселені қазіргі жағдайда зерттеу қажеттілігі арта түсуде.
Білім туралы заңда қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу мәселелері көрсетілген. Бұл жастарға этноелжандылықлық негізде білім беріп, оларды тұлғалық тәрбиелеу ісіне нұсқау беріп әрі оның қажеттілігін айқындайды.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарындағы тәрбие беру мәселесіне жаңаша көзқарас тұрғысынан қарау және жастардың ұлттық сана-сезімін, сапаларын, тұлғаның мінез-құлқын қалыптастыруды көздейтін тәрбиенің түрлері мен әдістерін жетілдіру талап етіледі. Бұл бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық туралы білім ғана емес, өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды болып табылады.
Жоғары оқу орындарында болашақ бакалаврларды кәсіби даярлаумен қоса офицер кадрларын дайындау жұмыстары бірге жүргізіледі. Сондықтан да зерттеу жұмысында арнайы әскери кафедралардағы студенттер тұлғасын қалыптастыру мәселесі ерекше талқыланып отыр. Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедралардағы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша бірнеше Ресейлік ғалымдардың А.В.Барабаншиков, Ю.А.Ветрова, В.В.Евстафьева, Ю.А.Кудрявиева, Ю.И.Тарский және т.б. еңбектерін атап өтуге болады.
Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе оқу, тәлім-тәрбие мәселесін философия, психология, елжандылық ғылымдарының зор жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми көзін ашуда.
Қазіргі елжандылықның міндеті экономикалық өрлеу кезеңінде, қоғамды рухани жаңартып демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде және әлеуметтік орта мен идеологиядағы сол бір тоқырау кезеңдерінің әсерінен туған жікшілдік пен бұрмалаушылықты жоюдағы күреске бар күшті ынталандыру болып табылады. Мұның бәрі келешек жас ұрпақты тұлғалық тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасында білім беру саласы бойынша қоғамның бүгінгі күнгі талабы әрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет санайды. Сондықтан болашақ мамандардың тұлғалық қалыптасуын елжандылық элементтерін пайдалану арқылы жүзеге асыру жоғары оқу орындарында, әсіресе әскери кафедрада да ерекше көңіл бөлуді қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет