Рухани мәдениет Мәдениет



бет2/2
Дата08.11.2022
өлшемі19,71 Kb.
#156896
1   2
Байланысты:
Рухани мәдениет (културология)
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
«Рухани мәдениет» - адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол өзінің құрамдас бөлігі ретінде эстетика мен этика нормаларын қабылдауға мәжбүр болды. «Мораль» - нормасы ретінде «эстетика» мен «этика» адамның рухани сипатын анықтады. «Эстетика» - (грек – ощущение) – өнер туралы философиялық оқу. «Этика» - (грек. Адамгершілік, дәстүр қағидасы, мінез нормасы) адамдардың бір – біріне деген қарым – қатынасы, жоғарғы мәдениеттілік келбеті . «Салт – дәстүр» - адамзаттың рухани көне құбылыстарының – бірі. Этнографиялық зерттеу мынаны көрсетеді: салт – дәстүр қоғамдағы архаикалық мәдениеттің доминанты болып табылады. Салт – дәстүр – әдеттегі саналы түрде адамзаттың аз өзгеріске түскен түрі. Әдет – ғұрып аса қарапайым мінез – құлықтардың бүтіндей, үйреншікті өмір салтының үлгілерінің негізінде қалыптасады. Олар қоғамда белгілі бір уақытта, орында, белгілі бір – оқиға – жағдайға байланысты қолданылып жатады. Ол үлгіге қарекеттің айқындалмаған бір бөлігі енгізіледі. Рухани мәдениеттің алғы шарттары ауыз әдебиетінен де табылып жатады. Әдет – ғұрып нормаларына (шама, өлшем, ереже) іс – әрекетті аяғына дейін түгел емес, тек қана бір принципті, іс – әрекеттің параметрін қамтиды. Ол мінез – құлықты белгілі өлшемнің варианттарынан және күрделенуінен тұрады. Т. Парсонстың көрсетуінше нормаларды былай классификациялауға болады.
1) Жалпы қоғамда және оны құрайтын топтарда формалданған тәртіпті сақтауға арналған нормалар. Мысалы: ер балалар әскери қызметін өтеу, ұлттық қауіпсіздік комитетінде, ішкі істер бөлімінде, әскери дайындық, дене шынықтыру, техникалық салаларда т.б. Әйел балалар көбіне мұғалім қызметіне, ара – тұра дәрігерлік, тамақ өнеркәсібі (ер балалар да араласа бастады), үй шаруашылығымен айналысу т.б;
2) Экономикалық нормалар шаруашылық қарекеті, мақсаттылықты, кәсіпқойлықты және пысықтылық пен тиімділіктің мөлшерінің қолайлы жақтарын береді;
3) Өз еліндегі жалпы саяси принциптердің жүйесін қолдайтын міндеттерді белгілейтін, заңдылықтар мен конституцияны бұзбай, күресті «ережені» сақтай отырып жүргізетін саяси нормалар;
4) Коммуникацияның тұрақты принциптерін, жеке адаммен түрлі топтардың өзара қарекеттерін қолдайтын мәдени нормалар. Ол өз халқының тілінде сөйлеу, оқу, жазу, музыканы сүю, өз мәдениетінің стилі мен рәміздерін қолдау. Егер кейбір нормалар өзінше соны немесе ерекше дәрежесін ала алмаса, онда қабылданған нормалар жедел қатардан шығып қалады да, қолайсыз мінез – құлық деп аталады.
Мәдениеттің негізгі функциясы адамның – шығармашылығы немесе гуманистігі. «Орхон – Енесей» ескерткіші түрік мәдениетінің адам қолымен жасаған шығармашылығының ең шырқау биігі. Ал, қазақтың қалған мәдениеті осымен тығыз байланысты, не болмаса осы мәдениеттен туындап жатады. Бұны – трансляция функциясы (ұрпақтан – ұрпаққа беру), әлеуметтік тәжірибе (тарихи мұрагерлік, немесе ақпараттану) деп атауға болады. Мәдениет – шынында да адам жадының әлеуметі. Ол алдында айтылған таңбалардан, ауызша әдебиеттен, әдеби және өнер ескерткіштерінен «тілі» ғылымы, пәлсәпәсі, діні т.б. арқылы келешек ұрпаққа жетеді. Бұл – әрине ата – бабамыздың сүбесі бұзылмаған, қаттап қойған мәдениеті ғана емес. Тарих сынынан өткен ең бір сұрыпталған мәдениет болып табылады. Ұрпақ арасындағы сабақтастық мәдениеті үзілсе ол - «мәңгүрттікке» әкеледі. «Мәңгүрт» түркі сөзі оның түбір тұлғасы екі: «мәңгі» (басы айналу) мәңгі (ұдайы) деген мағына береді. «Манас» жырынан бастау алып, Ш. Айтматов енгізген «мәңгүрт» сөзі қараңғылықты анықтайтын әлемдік терминологияға айналып жүре берді. М. Шахановтың «рухани мәдениет», «ғаламдану үрдісінің» («жаһандану» деп жүр) көлеңкесінде қалып қою қаупі бар деген жан айқайы «мәңгүрттіктен» сақтандырудың алғы шарты болып табылады. Р. Бердібаевтің «көзқаманы» да осы іспеттес мағынаны береді. Танымдық (генеосеологиялық) мәдениет функциясы – мәдениеттің ата – бабадан бері келе жатқан үрдістердің әлеуметтік ғасырлар бойғы тәжірибесін бір орталыққа жинақтау болып табылады. Реттеу (нормативті) мәдениет функциясы – қоғамдық және адамның жеке басының түрлі қызметін реттеу басты мақсаты. Адамдар заттық немесе рухани мәдениетті таңдап ала ма? Бұл арада – еңбектегі, тұрмыстағы, жеке басының мәдениетке деген құрметі, немесе адамдарға әсері, олардың іс – әрекеті қарастырылады. Реттеу мәдениет функциясы: мораль мен заң жүйесіне сүйенеді. Семиотикалық немесе белгі функциясы: белгі жүйелік мәдениетіне, білімге, оны игерумен айқындалады. Мәдениетке сайма – сай белгі жүйесін меңгермей мәдениет жетістігін білдім деу бос сөз. Тіл (ауызша және жазбаша) адамдардың қарым – қатынасының тетігі болып табылады. Ауызекі жадылық дағды көне түріктердің рухани мәдениетін жеткізген «тілі» болды. Түрік «жадыға» қатты мән берді. «Сөз» көне түркі үшін «құдаймен» тең болды. Құдайды сөз арқылы тапты. Ұзын – сонар дастандар мен батырлық жырларды әр түрік баласы жатқа білді. «Ұзын құлақ» дала аппараттарының рөлін атқарды. Адамдардың өз ара қарым – қатынас құралдарының бірден – бір көзі – ауызекі сөз, тіл болды. Ауызша сөзге негізделген қауымдық өмірде адам тек акустикалық (дыбыстық, естілетін) кеңістікте өмір сүрді. Негізгі коммуникация құралы тіл болғандықтан, тілге, ауызекі сөзге негізделген салт – дәстүрлер, мифтер, әдет – ғұрыптар немесе, жалпылама айтсақ, фольклор кеңінен дамыды және ұрпақтар мирасқорлығының негізі де сол болып табылды. Ауызша дамыған тіл кірме сөздерден таза болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет