С. К. Султангазинов ҒумарбекДаукеев атындағы аэжбу «ЭСжээж» кафедрасының доценті


Кабельдер мен сымдардың конструктивті элементтері және



Pdf көрінісі
бет10/40
Дата16.06.2022
өлшемі0,76 Mb.
#146675
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40
Байланысты:
1eW5PDdIcayYRpBg27it9vTqOb4hXJ
Tt, ИНФ Лабд11, Расписание по АС каз, Гулайым Батырбекова., 5-9 оку багд, nish-otvety-languages, TapScanner 25-07-2022-14꞉25
2 Кабельдер мен сымдардың конструктивті элементтері және 
олардың функциялары 
Әртүрлі кернеудегі әртүрлі конструкциядағы өткізгіштер (кабельдер мен 
сымдар) электр энергиясын өндіретін, жеткізетін және тарататын жүйедегі 
маңызды байланыстырушы элементтерге жатады. Олар берілген пайдалану 
шартына сай анықталған сипаттамалардағы электр энергиясын тасымалдау 
мақсатында пайдаланылады [5]. 
Кабель - металл немесе металл емес қаппен қапталған және қорғаныс 
қабаттары (болат немесе алюминий ленталар немесе сым) болуы мүмкін бір 
немесе бірнеше талсымдар. 
Сым- жеңіл металл емес қаппен қапталған бір немесе бірнеше параллель 
оқшауланған талсымдар. 
Баусым - иілгіш металл емес қаппен (жоғары иілгіш конструкциясы) 
қапталған, оқшауланған екі немесе үш иілгіш талсымдар. 
Өткізгіштердің негізгі айырмашылықтары: 
- сымдар әрдайым жалпақ, көбінесе электр сымдар жүйесінде 
пайдаланылады, баусымнан айырмашылығы осы; 
- тек кабельдердің ғана металл қабығы бар (қорғасын, алюминий); 
- кабельдерде күшейтілген қорғаныс қабаты бар, ал сымдар мен 
баусымдарда жеңіл жабындылар бар
Кез келген өткізгіштер екі немесе бірнеше элементтерден тұрады: ток 
өткізгіш талшық, оқшаулама, белдеулік оқшаулама, қабықшасы және қорғаныс 
қабаты. 
Элементтердің тағайындалуы және функциялары: 


13 
- ток өткізгіш талшық - электр тогының мүмкіндігінше аз шығынмен өтуі 
(талаптар-жоғары электр өткізгіштігі, төмен баға, тотығуға беріктігі, сынбай 
иілуі, байланыс жасаған кездегі технологиялығы); 
- ток өткізгіш талшықтық оқшауламасы - жоғары кедергі жасау жолымен 
электр энергиясы үшін тосқауыл жасау (талаптар - иілгіштігі, технологиялығы, 
температураның көп диапозонындадиэлектерик қызметін атқару); 
- экран- сыртқы электрм магниттік кедергілерді тегістеу (талаптар - 
дайындалудың қарапайымдылығы, майысу кезіндегі жабын 100%); 
- белдеулік оқшаулама - электрлік тесілудің ықтималдылығын 
төмендететін қосымша оқшаулама; 
- қабықша - қорғаныс функцияларын орындау (мехникалық жүктемеге, 
атмосфералық факторларға төзімділігі, тығыздықты қамтамасыздандыру); 
- қорғаныс қабаты - қабықшамен функциялары ұқсас, бірақ 
пайдаланылуының шарты ауыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет