С. К. Султангазинов ҒумарбекДаукеев атындағы аэжбу «ЭСжээж» кафедрасының доценті


 Электр қауіпсіздігінің негізгі ережелері



Pdf көрінісі
бет37/40
Дата16.06.2022
өлшемі0,76 Mb.
#146675
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
1eW5PDdIcayYRpBg27it9vTqOb4hXJ
Tt, ИНФ Лабд11, Расписание по АС каз, Гулайым Батырбекова., 5-9 оку багд, nish-otvety-languages, TapScanner 25-07-2022-14꞉25
10 Электр қауіпсіздігінің негізгі ережелері 
Электр қондырғыларын монтаждау, реттеу, пайдалану және жөндеу 
жөніндегі барлық негізгі жұмыстар көп жағдайда персоналдың кернеудегі тоқ 
өткізгіш бөліктерге тікелей жақын болуымен байланысты. Бұл бөліктерге 
кездейсоқ немесе қате тию адам үшін ең ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. 
Сондықтан 
электр 
қауіпсіздігі 
ережелерін 
қатаң 
сақтау 
электр 
энергетикасындағы маңызды талап болып табылады. 
Электр қауіпсіздігі-бұл адамдарды электр тогының зиянды және қауіпті 
әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және техникалық 
шаралар мен құралдар жүйесі. Электр қондырғыларын салу және пайдалану 
бойынша барлық жұмыстарды ережелерді қатаң сақтай отырып орындау қажет, 
«ЕҚЕ Р М-016-2001 Электр қондырғыларын пайдалану кезінде еңбекті қорғау 
жөніндегі салааралық ережелер (қауіпсіздік ережелері)», сондай-ақ 
ведомстволық және жергілікті нұсқаулықтар [2]. 
Шығарылатын арбаларда жабдығы бар 
жиынтықты тарату 
құрылғыларында (ЖТҚ)
ұяшықтың бөліктеріне ондағы кернеуді түсірмей 
кіруге тыйым салынады. 
Ұяшықтан шығатын кабельде, электр қозғалтқыштарында және осы 
кабельге тікелей қосылған басқа жабдықта жұмыс істеу үшін ажыратқыш 


71 
өшіріліп, ажыратқышы бар арба толығымен шығарылады, шкафтың есіктері 
немесе автоматты перделер бекітіліп, оларға«Не включать – работаютлюди» 
деген плакаты ілінеді. Жерге қосу пышақтарының ұяшықтарын бөлікке қосу 
арқылы шығыс кабель желісін жерге қосады, осылайша ажыратылған желіде 
жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 
ЖТҚ бөліктерінде орнатылған кабелдік воронкаларында жұмыс істеген 
жағдайда ажыратқышты сөндіреді, ажыратқышы бар арбаны толығымен 
домалатып шығарады, шкафтың есіктеріне немесе бөліктің артқы қабырғасына 
«Не включать – работаютлюди» деген плакаты ілінеді, Автоматты 
шымылдықтар 
құлыпқа 
жабылады, 
жоғарғы 
пердеге 
«Стой 
– 
Высокоенапряжение!» деген плакаты ілінеді. Бөлікке кіру үшін шкафтың 
ішіндегі тік бөлік немесе артқы қабырға алынып тасталады, кернеу берілуі 
мүмкін кабельде оның болмауы тексеріледі. Содан кейін жерге қосу 
пышақтарын қосып, бөлімге «Работатьздесь!» деген плакатын ілу керек. 
Арбада орналасқан ЖТҚ жабдықтарында жұмыс істеген кезде оны 
толығымен домалатып шығарады және жабдықта «Работатьздесь!» плакатын 
іледі. Сондай-ақ, «Работатьздесь!» плакаты бөліктің ішіне де ілінеді. 
Ажыратқышы бар арбаны шығарғаннан кейін шкафтардың есіктері 
құлыпталады және оларға «Не включать – работаютлюди!» плакаты ілінуі тиіс. 
Есіктер болмаған жағдайда, автоматты перделер бекітіліп, оларға «Стой – 
Высокоенапряжение!» деген плакаты ілінеді. 
Аспаптарда, реледе, екінші реттік тізбектерде және т. б. жұмыс істеу 
кезінде арбаны домалатпай, арбаның қалпын бекітетін тұтқаға «Не включать – 
работаютлюди» деген плакаты ілінеді, ал жұмыс орнында - «Работатьздесь!» 
деген плакаты ілінеді. 
Ажыратқышы бар арба келесі жағдайларда сынақ жағдайына орнатылуы 
мүмкін: 
- ажыратқышты сынау және жетекті реттеу, релелік жалғау қорғанысын 
тексеру үшін; 
- жұмыс аяқталғаннан және нарядты тапсырғаннан кейін сұлбаны 
дайындау және құрастыру кезінде; 
- электр қозғалтқышының механикалық бөлігінде немесе ол қозғалысқа 
келтіретін механизмде жұмыс істеу кезінде. 
Шкафтан шығарылған арбадағы ЖТҚ үй-жайларындағы жұмыстар наряд 
бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда шкафтың жабық есіктеріне «Не включать 
– работаютлюди» деген плакаты ілінеді. 
Кабельдік желілер
тұтынушылардың электрмен жабдықтау жүйелерінің 
күрделі және өте маңызды бөлігі болып табылады және электр қауіпсіздігіне 
ерекше назар аударуды қажет етеді. 
Кәсіпорындардың, 
елді 
мекендердің 
және 
жерасты 
коммуникацияларының күзет аймақтарының аумағында кабельдерді төсеу 
кезіндегі жер жұмыстары тиісті кәсіпорындар басшылығының, жергілікті билік 
мүшелерінің және осы коммуникациялар иесінің, коммуникациялардың 
орналасу схемасы мен салыну тереңдігін қоса бере отырып, жазбаша рұқсаты 


72 
болған кезде ғана басталуы мүмкін. Топырақты 2 м-ден астам тереңдікке қазу 
және белгілі бір объектсі үшін нақты жұмыс жүргізу жобасы бойынша 
жүргізілуі тиіс. 
Қазаншұңқырларды, орларды және шұңқырларды қазу кезінде жұмыс 
орны құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын ескере отырып 
қоршалуы тиіс, қоршауда ескерту белгілері мен жазулар, түнгі уақытта – белгі 
беру жарығы болуы тиіс. 
Жөндеу жұмыстарын орындау кезінде кабельге дейін 0,3 м-ден кем 
қалған кезде жер қазатын машиналарды, сүймендерді, кергіштерді және шой 
балғаларды қолдануға жол берілмейді; тереңірек күректерді қолдану қажет. 
Қыста топырақты күрекпен қазу оны қыздырғаннан кейін ғана жүргізілуі 
мүмкін, ал жылу көзі кабельден 0,25 м-ден жақын болмауы керек. 
Кабельдерді төсеуге арналған орлардың дайындығы бойынша 
барабандардан кабельдерді домалатып төселуі жүргізіледі, кабельдердің 
ұштарын тарқатудан алдын ала бекітеді және шегелер мен басқа бекітпелерді 
қаптамадан алып тастайды. 
Кабель орналасқан барабан тек көлденең қатты жерде оралады, немесе 
қауіпсіздік шараларын сақтай отырып басқа да механизмдер қолданылады.
Егер кабель қолмен оралып, төселсе, онда бір адамға салмағы 35 кг-нан 
аспайтын кабель болуы керек, бұрылу бұрышының ішінде тұруға және кабельді 
қолмен ұстап тұруға болмайды, өйткені адамды кабельмен басып қалуы 
мүмкін. Бұрылыстарда бұрыштық роликтер қолданылуы тиіс. 
Кабеллдік желілерін пайдалану кезінде электр қауіпсіздігі жөніндегі іс-
шараларды орындау, әсіресе кабель құрылыстарында, әдетте, газға қауіпті 
(коллекторлар, туннельдер) талаптарды қатаң сақтауды ұсынады. Белгіленген 
ережелерді бұзу персонал үшін де, электр қондырғысы үшін де ауыр 
зардаптарға әкеледі. 
Жерасты кабельдерінің құрылыстарында жұмысты наряд бойынша 
кемінде үш адам орындауы тиіс, олардың екеуі – сақтандырушылар ретінде. 
Жұмысты орындаушылар мен сақтандырушылар арасында байланыс болуын 
және қауіп туындаған жағдайда құрылыстан дереу шығу жөніндегі шаралар 
көзделуі тиіс. Құрылыстарда бөгде заттарды, құралдарды және т. б. 
орналастыруға тиым салынады. 
Құрылыстарда, газдануын тексермей жұмысқа кірісуге болмайды, оны 
арнайы оқытылған қызметкерлер жүргізуге асыруы тиіс. Бұл ретте жер асты 
құрылыстарында жұмыс басталғанға дейін және жұмыс уақытында мәжбүрлі 
немесе табиғи желдету болуы керек. 
Табиғи желдету кемінде екі люкті ашу арқылы жасалады, мұндай 
желдетудің жұмыс басталар алдындағы ұзақтығы – кемінде 20 минут.Мәжбүрлі 
желдетуді желдеткіш немесе компрессор тиісті жең арқылы 10-15 минут ішінде 
жасалынады. Бұдан басқа, жергілікті нұсқаулықтарда шлангілігазқағарларды 
қолдану қажеттілігі, сондай-ақ шарттары белгіленеді. 
Коллекторлар мен туннельдерде жұмыс істеу кезінде екі люк немесе екі 
есік ашық болуы тиіс, олардың арасында жұмыс істеушілер орналасады. 


73 
Құдықта болуға және бір адамға міндетті түрде сақтандыру арқаны бар 
сақтандыру белдігін қолдана отырып жұмыс істеуге рұқсат етіледі, оның екінші 
ұшы сақтандырушы персоналының қолында болуы тиіс. 
Туннельдердегі өрттен қорғау құрылғылары автоматты түрде 
қашықтықтан басқаруға ауыстырылуы тиіс, ал басқару кілтіне «Не включать – 
работаютлюди» деген плакаты ілінеді. 
Құдықтарда, коллекторларда және туннельдерде шылым шегуге 
болмайды. 
Құдықтар мен туннельдердегі жұмыс орындарын жарықтандыру үшін 
жарылыстан қорғалып орындалған, кернеуі 12 В шамдар немесе осындай 
орындаудағы аккумуляторлық шамдар қолданылады. Бұл ретте көрсетілген 
шамшырақтарға арналған трансформатор,кабельдік құрылысынан тыс болуы 
тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет