С. С. Жанибекова Қазақстан Республикасы



бет25/25
Дата05.09.2022
өлшемі0,77 Mb.
#148760
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
ШАКЕН ФАРИЗА
2 курстар, Ертайкызы Перизат, умкд ист.эк.уч.
Қосымша 2
Т.Д. Дубовицкаяның оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау әдісі.
Әдістеме мақсаты: Оқушылардың нақты пәндерді оқып, меңгеру барысындағы оқу әрекеті ішкі мотивациясының даму деңгейін және бағыттылығын айқындау.
Жабдықталуы: Сауалнама бланкісі, өндеу кілтінің бланкісі.
Жүргізілу жолы: Зерттеуді жүргізбес бұрын, сыналушылардың көңіл-күйінің дайындығы тексеріледі де, әр баламен жеке-дара жүргізіледі. Әдістеме 16 сұрақтан және оған ұсынылған жауаптар нұсқасынан тұрады.
Зерттеу келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі.
"Сіздер оқыту тиімділігін арттыруға бағытталған зерттеуге қатысқалы отырсыздар. Әрбір сұрақ-пікірді оқып шығыңыз да, /сыналушылар бірінші сынып оқушылары болғандықтан оларға мәтінді мұғалім оқып береді/ оқылатын пәнге қатынасыңызды білдіріңіз. Ол үшін әр пікірдің тұсына тиісті белгілерді қоюларыңыз керек (Қосымша 4).
дұрыс (++)
мүмкін, дұрыс (+)
мүмкін, дұрыс емес (-)
дұрыс емес, қате (- -)
Біздердің нұсқауымыздың сапасы сіздердің беретін жауаптарыңыздың дәлдігіне, шындығына тәуелді. Сондықтан да шын, дәл жауаптарды күтеміз.
Сауалнамаға қатысқаныңызға көп рахмет!
Нәтиженің өңделуі:
Сауалнама көрсеткіштерін есептеу арнайы кілт көмегімен жүргізіледі. "Иә" деген оң жауаптарды (дұрыс, мүмкін дұрыс), ал «жоқ» - теріс (мүмкін қате, дұрыс емес) жауаптарды білдіреді (қосымша 4, кесте 1).
Кілтпен әрбір сәйкестік үшін бір ұпай қосылады.
Әрі бұл әдістемені келесі мәселелерді шешуде қолдануға болады:
1. Оқушылардың үлгермеушілік себептерін анықтау үшін.
2. Белгілі оқу пәндерінің тиімділігін арттыру және жетілдіру шараларын іздеу үшін.
3. Оқушылардың мотивациялық аумағын белсенді ету әдістерін іздестіру үшін.
Сыналушы Д.А. 2«ә» сынып
Дамытатын экспериментке дейін 5 ұпай жинап, ішкі мотивацияның төменгі деңгейін көрсетсе, дамытатын эксперименттен 8 ұпайға ие болып ішкі мотивация деңгейі орташа деңгейге көтерілді (қосымша 4, кесте 2).
Сыналушы И.К 2«б» сынып
Дамытатын экспериментке дейін 7 ұпай жинап, ішкі мотивацияның орташа деңгейін көрсетсе, дамытатын эксперименттен кейін 12 ұпайға артып, ішкі мотивация деңгейі жоғарғы деңгейге көтерілді (қосымша 4, кесте 3).
Әдістеме атауы:бастауыш сынып оқушыларының «оқу мотивациясының деңгейін» бағалауға арналған Н.Г.Лусканованың сауалнамасы.
Әдістеме мақсаты: Әдістеме көмегімен балалардың мектепке және оқуға деген қатынасын білу.
Жабдықталуы: Сауалнама бланкісі.
Жүргізіу жолы: Зерттеу жүргізілер алдында оқушылардың жалпы көңіл-күйі анықталады.
Зерттеудің жүргізілуі келесі нұсқау көмегімен түсіндіріледі.
"Алдарыңыздағы қағаздарда сіздің мектепке, оқуға деген қатынасыңызды білдіретін 10 сұрақ бар (Қосымша 5) және әр сұраққа берілетін жауап нұсқалары бар. Сол жауап нұсқаларының бірін таңдауларыңыз керек".
Нәтиженің өнделуі: жауаптар негізінде нақты оқушы мектеп мотивациясы 5 деңгейінің біріне қатысты болуы мүмкін. Ол деңгейлер:
1. Жоғары мектеп мотивациясы, оқу белсенділігі - 25-30 ұпай.
2. Дұрыс, бірқалыпты мектеп мотивациясы - 20-24 ұпай.
3. Мектепке деген оң, жағымды қатынас, бірақ мектеп оқудан тыс жақтарымен көбірек қызықтырад - 15-19 ұпай.
4. Төменгі мектеп мотивациясы - 10-14 ұпай.
5. Мектепке деген теріс, нашар қатынас, дезадаптация — 10 ұпайдан төмен.
Мектепке және оқу жағдайларына дұрыс қатынас танытқан жауап ұпаймен бағаланады, ал нейтрал жауап - 1 ұпай, мектеп жағдайына теріс көзқарасты білдіретін жауап - 0 ұпай деп бағаланады.
1-2 деңгей - адаптация
3-4 деңгей - ішкі дезадаптация
5 деңгей - дезадаптация.
Сыналушы Д.А 1«а» сынып
Дамытатын экспериментке дейін 4 ұпай дезадаптация деңгейін де болса, дамытатын эксперименттен кейін 17 ұпай, яғни ішкі дезадаптация деңгейіне көтерілген. Бұл мектепке деген оң қатынасты білдіреді, мектеп тек оқудан тыс жақтарымен қызықты (қосымша 5, кесте 1).
Сыналушы Ә.С. 2«ә» сынып
Дамытатын экспериментке дейін 24 ұпай жинап, адаптация яғни дұрыс, бірқалыпты мектеп мотивациясын көрсеткен. Ал, дамытатын зксперименттен кейін 28 ұпай жинап, адаптация яғни жоғарғы мектеп мотивация деңгейін, оқу белсенділігін танытқан (4 кестеден қараңыз).
КЕСТЕ 4.
Бастауыш сынып оқушыларының оқыту мотивтерінің негізінде окытуды бағалау үшін дамытушы экспериментке дейінгі және кейінгі нәтижелерін статистикалық талдау көрсеткіштері:

Оқушылар-дың жасы

Т.Д. Дубовицкаяның оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау әдістемесі

Н.Г.Лусканованың оқу мотивациясының деңгейлерін анықтау әдістемесі

1-сынып оқушылары

Г - 0,62

г- 0,70

2-сынып оқушылары

Г - 0, 69

г - 0,62

Оқыту мотивациясының сипаты мен жеке тұлғаның ерекшеліктері білім беру сапасының көрсеткіштері болып табылады. Мотив әрекет мақсатымен сәйкес болса, ішкі болады, яғни оқыту әрекеті жағдайында оқу пәннінің мазмұнын игеру бір уақытта мотив те, мақсат та болады.
Мысалы: 2-ші сынып оқушыларының Т.Д. Дубовицкаяның оқу мотивациясының бағыттылығын анықтау әдістемесі бойынша дамытатын экспериментке дейінгі және кейінгі көрсеткіштер бойынша статистикалық өңдеудің мәнділігін Спирменнің формуласымен анықтадық ( кесте 4).













Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет