Сабақ : Тәуелсіздік Жылдарындағы Қазақ Әдебиеті



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі31,3 Kb.
#92429
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті


САБАҚ : Тәуелсіздік Жылдарындағы Қазақ Әдебиеті
Мақсаты:
Білімдік: оқушыларға тәуелсіздік алған жылдардан бергі қазақ әдебиетіне келген жаңа есімдер мен шығармалар жайлы түсінік беру.Олардың қаламынан шыққан әрбір шығарманың елінің егемендігі төңірегінде тарқатылған шер сияқты, жүрек жарды лебіздері мен тілектері туралы айту.
Дамытушылық: көркемшығарма оқуға қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Отансүйгіштік қасиеттерін қалыптасыру,замандастарына деген құрмет сезімін,мақтаныш сезімін ұялату. Тәуелсіздік кезеңінде шыққан кітаптарды оқу, ой өрісін кеңейту.
Түрі: ізденіс, шығармашылық жұмыс
Әдісі: конференция –сабақ
Көрнекілігі: презентация, баяндамалар, кітап көрмесі
Сабақ барысы
І.Ұйымдастыру. Оқушыларды бөліп отырғызу.
Бір баяндамашы мен оны толықтыратын баяндамашылар.
ІІ. Кіріспе. Мұғалімнің конференцияны жүргізу тәртібі мен талаптары айтылады.
ІІІ. Пікірталас.
IV. Конференцияны қорытындылау.
Бүгінгі Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықтың Отаны. Көшпенділердің рухын сақтаған Ұлы дала сан қилы оқиғаны басынан өткізді. Халықтың басына қандай қиындықтүссе де, еркіндікті аңсады. Халықтың бұл арманын Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев шындыққа айналдырды. Оның қайраткерлігі – патриотизмнің, еңбексүйгіштікпен халыққа
қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болып табылады. Бүгінгі Қазақстан – бейбітшілік пен тұрақтылықтың Отаны. Көшпенділердің рухын сақтаған Ұлы дала сан қилы оқиғаны басынан өткізді. Халықтың басына қандай қиындық түссе де, еркіндікті аңсады. Халықтың бұл арманын Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Н.Ә. Назарбаев шындыққа айналдырды. Оның қайраткерлігі – патриотизмнің, еңбек сүйгіштік пен халыққа қалтқысыз қызмет етудің үлгісі болып табылады.
Тәуелсіздік – көп ғасыр бойы қазақ халқының көксеген арманы, оның мүддесі мен үмітінің жемісі, қазақстандық патриотизмнің нышаны. Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, қазақстандық патриотизм мемлекеттің негізін қалаушы ұстанымдарына жатады. Патриотизм бастаулары өз отбасына, Отанына деген сүйіспеншілікте, ел тарихын терең меңгеруде, оның егемендігі мен өркендеуіне күш салған аға ұрпақтың еңбегін түсіну мен құрметтеуде көрінеді. ( «Тәуелсіздік толғауы» әдістемелік нұсқау) 1991 жылдың 16 желтоқсанынан бастап қазақ әдебиеті «Тәуелсіздік» сөзімен қатар жазыла бастады. Тәуелсіздік кезеңі әдебиетке қандай жаңалық әкелді? Қандай өзгеріс, ерекшелік болды? Тәуелсіздік әдебиетке «жаңа» есімдер әкелді. Бұлар – азат ойдың иелері. Олар кімдер?
Дәл осы жылдары еліміздің экономикалық жағдайы да қара халыққа үлкен ауыртпашылық әкелді. Нарық кезеңінде ұлттық әдебиетке алтын көпір болып келіп, аға буыннан әдеби жалғастық эстафетасын үлкен сеніммен қабылдап алып, тұрмыстық жағдайға қарамай, тіршіліктің мың тірлігімен санаспай, әдебиетке адалдық танытқан бұлар – «өлара» кезеңнің қайсар сарбаздары еді. Тәуелсіздік алғаннан бері атамекеніне қандастарымыз келе бастады. Олар – қазақтың байырғы салт-дәстүрі мен тілін, дінін сары майдай сақтаған нағыз қазақы бауырларымыз. Олар – қазақ әдебиетіне үлкен серпіліс әкелді.Бұл талантты ақын-жазушы замандастарымызды бірінші,екінші онжылдық деп бөлетін болсақ келесі кестедегідей болады. Тақтаға қарап аталған адамдардың аты-жөні , шығармашылығы жайлы түсініктерін кеңейту.
Тәуелсіздіктің онжылдығында (1991-2001) танымал болған ақын-жазушыларымыз
Светқали Нұржанов, Жанат Әскербекқызы, Айгүл Кемелбаева, Нұржан Қуантай, Жарас Сәрсек, Бауыржан Бабажанұлы, Әділ Ботпанов, Әмірхан Балқыбек, Думан Рамазан, Маралтай Райымбекұлы, Нұрлан Мәукеұлы, Дидар Амантай, Қуат Бораш, Талғат Ешенұлы, Әділбек Ыбырайымұлы, Дәурен Қуат, Сәкен Сыбанбай, Дәурен Берікқажыұлы, Жанарбек Әшімжан, Әлібек Шегебай, Бақытжан Алдияр, Бақыт Беделхан, Есей Жеңісұлы, БекжанӘшірбаев, Саят Қамшыгер, Алмат Исаділ
Тәуелсіздіктің жиырма жылдығында (2001-2011) белгілі болған ақын-жазушыларымыз
Ырысбек Дәбей, Дәулеткерей Кәпұлы, Қанағат Әбілқайыр, Жанар Әсадық, Торғын Тұрлыбаева, Нұрлан Жұмахан, Данияр Саламат, Асхат Жалбағай, Бану Дәулетбаева, Өміржан Әбдіхалықұлы, Алмас Темірбай, Айнұр Әбдірәсілқызы, Бауыржан Халиолла, Қалқаман Сарин, Ақберен Елгезек, Ұларбек Дәлей, Ықылас Ожай, Бауыржан Қарағызұлы, Тоқтарәлі Таңжарық, Бейбіт Сарыбай, Ерлан Жүніс, Дархан Бейсенбек, Ринат Қайыртайұлы, Ерғали Бақаш, Мирас Мұқашев, Қанат Әбілқайыр, Мақсат Мәліков, Серікбол Хасан, Нұрлан Құмар, Жандос Байділда, Бақытгүл Бабаш, Мадина Омарова, Аягүл Мантаева, Құралай Омар, Айнұр Шамшейітова, Лира Қоныс, Назира Бердалы, Танакөз Толқынқызы, Асылзат Арыстанбек, Айжан Табаракқызы, Мақпал Мыса, Эльмира Ерікқызы, Индира Кереева, Ерболат Әбікенұлы, Мирас Асан, Алмас Нүсіп, Әлібек Байбол, Арман Әлменбет, Қанат Тілепбергенов, Жеңісбек Кәкенов, Сержан Зәкерұлы, Сағадат Ордашева, Ақерке Асан, Әсем Қоспағарова, Динара Мәлік,Үміт Зұлхарова, Жанат Жаңқашұлы, Қуат Қиықбай, Саян Есжан, Жасұлан Серік, Алтыншапақ Хаутай, Шарафат Жылқыбаева, Ержан Тоқтар, Азамат Тасқара, Олжас Қасым, Қайсар Қауымбек
2011- жылдан бергі еліне шығарамалары танымал болған ақын-жазушыларымыз
Мерген Тоқсанбай, Мақпал Сембай, Мақпал Төребек, Құндыз Жұбаева, Ботакөз Бексары, Салтанат Қожа, Шерхан Талап, Айбол Исламғалиев, Асылан Тілегенов, Батырхан Сәрсенхан, Нұртас Тұрғанбекұлы, Манас Қайыртайұлы, Әлішер Әлімжан, Еламан Хасен, Марғұлан Ақан, Тұрсынбек Башар, Жандарбек Жұмағұлов, Мейіржан Жылқыбай, Серік Қантаев, Алпамыс Файзолла, Жанайдар Болатбекұлы, Жәнібек Қойтай, Ләззат Мақаш, Нұргүл Қалимолда, Дина Бөкебай т.б
Еліне оралған ақын –жазушы қандас – бауырларымыз
Шүкір Хамай, Абай Мауқарұлы, Құл Керім Елемес, Дәулетбек Байтұрсын, Жәди Шәкенұлы, Есенгүл Кәпқызы, Тоқтарәлі Таңжарық, Ырысбек Дәбей, Бақытгүл Баймолдақызы Шүкір Хамай, Абай Мауқарұлы, Құл Керім Елемес, Дәулетбек Байтұрсын, Жәди Шәкенұлы, Есенгүл Кәпқызы, Тоқтарәлі Таңжарық, Ырысбек Дәбей, Бақытгүл Баймолдақызы
Тәуелсіздік тұғырына бірге көтерілген айтыскер ақындарымыз
Серік Қалиев, Дәулеткерей Кәпұлы, Серікзат Дүйсенғазы, Талғат Мықи, Тоба Өтепбаев Мұхамеджан Тазабеков, Мэлс Қосымбаев,Аманжол Әлтаев,Оразалы Досбосынов, Бекарыс Шойбеков, Айбек Қалиев, Айнұр Тұрсынбаева
Ақын-жазушылармен бірге айтыскер ақындарымызда өз орындарын таба білді. Айтыс – төл өнер. Айтыскер ақындардың арасында да жазбалық дәстүрді дамытып жүргендер бар. Айтыскер ақындардың поэзиясы ерекше. Кейбір ақындардың поэзиясы кәнігі жазба ақындарынан артық болмаса, кем түспейді.
Тәуелсіздік кезеңінің алғашқы онжылдығы мен екінші онжылдығының бас кездерінде қазақ айтыс өнері өте жоғары дәрежеде дамыды. Кәсіби көркемдік деңгейі өсті. Тәуелсіздік кезеңінде «қос айқай» атанған қасиетті суырып салмалық сөз өнеріне, қазақ айтысына үлкен жаңалық, серпіліс әкелді. Тәуелсіздік кезеңінің алғашқы онжылдығы мен екінші онжылдығының бас кездерінде қазақ айтыс өнері өте жоғары дәрежеде дамыды. Кәсіби көркемдік деңгейі өсті.
(әдебиеттанушы Елдос Тоқтарбай)
Ендігі сөз кезегін 1-ші баяндамашыға береміз.
«Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы»
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы- бұл кеңес империясының бұғауынан құтылып, еліміз өз еркіндігін алып, өз тағдырын өзі шешетін, өзінің келешегін өзі жобалап, өз еліне, өзінің материалдық және рухани байлығына билік етіп, өзі баға беретін жылдарда жарық көрген қазақ поэзиясы. Тәуелсіз қазақ поэзиясының осы жиырма жылдан астам даму бағыты, негізгі идеялық тақырыбы, әдебиетке келген ақындар, жаңа шығармалар, жаңа жанрлық- көркемдік ерекшеліктері, стильдік іздену, жаңа бағыттары, жаңа тенденциялары айқындалды.Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясының басты ерекшелігі – қазақ әдебиеті тарихында әдебиеттің идеяларға тола, еркіндік сарынын барынша жүрегін толқытқан барлық рухани күшімен жырлаған поэзия. Тәуелсіздіктің қуанышын ғасырлар бойы тәуелді болған халық ғана біледі және оны өз мазмұнында, өзіне лайық әуенмен жырлай алады. Сондықтан болар тәуелсіздік жылдарындағы қазақ поэзиясы идеялық жаңашылдығы, тақырыптық ерекшелігі, лирикалық кейіпкерлері, көркемдік сарындары жағынан бұрын қазақ поэзиясында болмаған жаңа парақтарды ашты.
Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке қолы жеткен қазақ халқының поэзиясында жаңашылдық лебі есті. Дәстүрлі даму арнасынан ауытқымаса да мазмұн мен идеяда жаңашылдықтар, көркемдік жаңа айшықтаулармен ерекшеленді.Сонымен бірге қазіргі қазақ поэзиясы әлем әдебиеті мен жүрек соғысы бірге соғып, әлемдік, жалпы адамзаттық проблемаларға еркін араласып, еркін пікір жүргізіп отырған , әлем әдебиетіндегі жаңа дәстүр, жаңа бағыттарға үн қосып, әлем әдебиетіндегі жаңа дәстүрлерді еркін пайдаланып отырған жаңа дәуірдің жаңа поэзиясы. Кеңестік дәуірдегі «батыс еуропалық», «кеңестік идеология», «кеңестік емес жат идеология» деп бөлуден біржола құтылып, дүниеге жалпы адамзатқа қажетті құндылықтар көзімен қарайтын поэзия. Сондықтан казіргі қазақ поэзиясында пікір еркіндігі, шығармашылық еркіндік, стилдік ізденушілік, әлем әдебиеті мен бірге толғану, бірге тебірену сияқтыжаңа тенденциялар жасап келеді.
Қазақ лирикасындағы жаңа тақырып болып «Желтоқсан оқиғасы» қазақ лирикасында өте көп жырланған тақырып болып әдебиет тарихында жаңа бет болып ашылды. «Желтоқсан көтерілісі», «желтоқсан тағылымы», «желтоқсан қасіреті» жайында жырларда қазақ халқының Отанның ар- намысын қорғау, Отан үшін өз өмірін құрбан ете алатын отаншыл жастарымыздың бейнесін жасау, қоғам және заман шындығы, қоғамның халық тағдыры, елдің келешегі мен бірге жасайтын бейнесі көрінді.
Ақын С.Адай «Желтоқсан 1986 жыл» атты өлеңінде:
Біздің тарих ұстағанның қолында,
Тістегеннің ұртында жүр көріп ек.
Жатып алып бар шындықтың жолында,
Мүйізділер жолатпайды мөңіреп. Желтоқсанда болашаққа ұмтылды,
Кіл қызғалдақ-Алашымның боздағы! Кетті ұйқыға…Оятсам деп ұлтымды!
Бар жазығы күнге қолын созғаны…
Тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-рухани дағдарыстар, экономикалық-тұрмыстық ауыртпалықтар, одан кейінгі бірте-бірге еңсе тіктеудің, қиындықтарды еңсерудің қазақ поэзиясында бейнеленуіне Қ.Мырза Әлидің “Заман-ай!”, Т.Медетбектің “Тағдырлы жылдар жырлары”, үзінділері мерзімді баспасөзде жиі жарияланған “Көк түріктер сарыны” жыр топтамалары, Н.Оразалиннің “Құралайдың салқыны”, Иран Ғайыптың “Жыр әлемі”, И.Сапарбайдың “Махаббат пен ғадауат”, Н.Айтұлының “Рухымның падишасы”, С.Тұрғынбекұлының “Жерорта”, Ж.Бөдешұлының “Жұлдызға орнын Ай бермес”, Ұ.Есдәулеттің “Киіз кітап” атты туындылары идеялық, көркемдік ізденістерінің өзгешелігімен жаңа қоғамдағы жаңа әдебиеттің талаптарына сай келетін деңгейде назар аудартады.Елге егемендікпен, тәуелсіздікпен бірге нарықтық экономика келді. Сауда келді. Таршылық пен тапшылықтан шығар жолды іздеп жанталасқан қауым базар жағалады.
Отбасын асырау үшін базарда жүк арқалаған әйел бейнесі жырлана бастады. Ақын Ш.Жұбатованың «Ең әдемі келіншек » атты жырында базарда тұрған әйелдің бейнесі суреттелген:
Жастық көрмей, қараңыз, жар құлағы Шынашақтай күйеуін нар қылады.
Жоқ деген сөз аузынан шыққан емес,
Жоқ боп тұрған нәрсені бар қылады.
Толқынына өмірдің батып шыдап.
Құласа да жағады жатып шырақ.
Келіншектің жұп-жұмсақ алақаны
Тұрғандай-ау ақша емес,бақыт сұрап.
Қазақ поэзиясындағы көп жырланған тақырыптың әрі өзекті тақырыптың бірі-ана тілдің жырлануы. Ана тілдің тағдыры-ұлттың тағдырымен өзектес. Ақындар ана тілдің бүгінгі жәйі мен келешегіне алаңдаулы.
Ел тәуелсіздігі -ұлттық тіліміздің бағын ашты. Қаншама қиындықпен, күреспен, мылтықсыз майдан үстіндегі жанкешті шайқаспен қазақ тілі — мемлекеттік тіл болып мерейі асып, мәртебесі биіктеді, шын мәнінде, қайта тіріліп, өмірге қайта келді.
Ақын Алмас Исаділдің «Шоқынған бала» атты жырында қазіргі қоғамдағы өзекті мәселенің бірі-өзге дінге өту мәселесі жайында жырланған. Әке тәрбиесі мен ана тәлімін алған жастың өзге діннің жетегінде кетіп, шоқынуы ұлттың ұйысуына төнген қатер.
Түс елемей аят,Құран, ғазалды,
Кәпірлермен қоса айтысып жаңа әнді,
Мұхаммедтің кім екенін ұмытып,
«Иегова куәгері » саналды.
Өз тіліне,Өз дініне қас ұлға,
Өлгеннен соң ,тыныштық жоқ ақымда.
Қазақ болып туғаннан соң,күні ертең-
Ай тұрмай ма,қабірінің басында.
Бұл кітаптар тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығындағы адам және қоғам, адам жөне уақыт, лирикалық кейіпкер және дәуір аясында ой-санадағы күрделі өзгерістер атаулыны жан-жақты қамтуымен де ерекшеленеді деп арнайы қарастырылған зерттеу еңбектер де аз емес.
Мұғалім:Біздің бірінші баяндамашымыз қазақ поэзиясындағы өзгерістерге тоқталып өтті. Қосатын ақпараттарыңыз болса немесе сұрақтарыңыз болса қоя отырыңыздар.
Келесі сөз кезегін екінші баяндамашыға берейік.
Баяндама тақырыбы: «Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы»
Тәуелсіздіктің алғашқы он жылында қазақ әдебиеті өз арнасын жаңа бағытқа бұрады. Жаңа бағыттың дамуына сәйкес оқырмандар көз майын тамызып оқитын проза, беріректе роман жанрындағы шығармалар жазыла бастайды
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әңгімелерінің көркемдік деңгейін көтеруге Ш. Мұртаза, М. Мағауин, Қ. Жұмаділов, Б. Нұржекеұлы, Т. Нұрмағамбетов, Қ. Түменбай, Ә. Тарази сынды қаламгерлер үлес қосты.
Ш. Мұртазаның шағын жанрды ұмыт қалдырмай, оған өзіндік үлес қосып жүргендігін «Алапар мен Динго», «Бұршақ», «Тәуекел той» сықылды әңгімелері растайды. «Тәуекел той» әңгімесінің атының өзі айтып тұрғанындай, шығармаға қазіргі замандағы бәсеке тойы арқау болған. Бақталастық пен күндестіктің шегінен асқынғандығы сонша той десе жанын салатын қазақ бүгінде дәстүрлі тойларды жоғалтып, тойдың өзін бәсекеге айналдыра бастады. Даңқ пен дақпыртқа мастанған жандардың өзгеден асып түсу мақсатында тойдан кейін қарызға белшесінен батып жатуы бүгінгі күннің шындығы.
ХХ ғасырдың соңындағы тарихи мәні зор 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қуғын-сүргінін көрген жазушының «Сібір офицері» мен «Прописка» әңгімесіне кеңестік жүйенің ыдырауына, қазақ елінің тәуелсіздік алуына алып келген Желтоқсан оқиғасын негіз етіп алған. Бірінші әңгімедегі кеңес офицері Бураханның тағдыр тәлкегіне ұшырауы қазақ жастарының көз жасының өтеуі болса, екінші әңгімедегі Арқаттың прототипі Асқардың өзі. Қазақстанның астанасы Алматыдан пана таба алмай сабылған Арқаттың өз елінде жүріп «өгей күй кешкен» қайғылы өмірі қазақ трагедиясы екені рас.
Шағын жанрға үздіксіз үлес қосып келе жатқан жазушы Б. Нұржекеұлының «Бейтаныс әйелдің құпиясы» (2002) атты жинағындағы әңгімелердің негізгі тақырыбы – махаббат. «Бейтаныс әйелдің құпиясы» – әйел мен еркек арасындағы құпия сезім сырларын паш ететін әңгіме. «Қа­мыт жағалы қоңыр көйлек», «Қыз сезім», «Құпия ма­хаб­бат», «Мұнтаздай Мұмтаз», «Қырғыз келін­шек», «Өш алудан өршіген әдет», «Екі қырсық», «Күю» атты әңгімелердің де негізгі тақырыбы махаб­бат мәселесі болғандықтан жазушы еркек пен әйел арасындағы сезімдік байланыстарды ашуға ұмтылған. Әңгімелердің барлығы да махаббат мәселесін көтергенмен олардың бірі екіншісін қай­таламайтын соны дүниелер. Шағын әңгімелерінде ауыл өмірінің көркем суреттерін жасаған
Т.Нұрмағамбетовтің тәуелсіздік тұсында жазылған «Анасын сағынған бала» әңгімесі тоқсаныншы жылдардағы өмір шындығына негізделген. Шаруашылықтар тарап, ауылдағы ер азаматтардың бәрі жұмыссыз қалған тұста бала-шағаны асырау қамымен әйел-аналардың ала қапты арқалап қалаға ағылғаны белгілі. Қала кезген ана мен ауылда қалып, Алматыдан келген Есмағамбеттен анасының хабарын күткен Сержанның үш күндік әңгімесімен сол тұстағы ауылдың қайғылы халі көркем бейнеленген. Н. Қамидың «Кездесу» , «Көк қақпа» жинағына енген әңгімелердің барлығы да тәуелсіздік жылдар әдебиетінің жемісі. Автор ХХІ ғасырдағы ел мен жер, адам мен оның жан дүниесін өзімізбен бірге өмір сүріп жатқан қазіргі замандастарымыздың тыныс-тіршілігімен көрсетуге ден қойған. «Көк қапа» әңгімесіндегі кейіпкердің түсінен қара домбыраның кетпей қоюынан көп сырды ұғуға болады.
Бірсыпыра әңгімелерден кеңестік жүйенің ыдырап, кеңес адамдарының тығырыққа тіреліп, одан шығатын жол таппай, жаңа өмірге икемделе алмай, өмірден торығып, болашақтан үміт үзе бастаған жандар бойындағы психологиялық күйзеліс байқалады. Жаңа қоғамнан, өзінен жеріне бастаған адамдар өмірі әңгіме жанрына экзистенциалистік, постмодернистік арнадағы ой толғамдарға жол ашты. Осындай көркемдік ізденістер Р. Мұқанованың «Құбыжық» , «Қаралы төбе», «Өзің», «Тұтқын» , «Композитор», «Мұқағали» әңгіме­лерінен байқалады.
Т. Ахметжанның «О дүниенің қонағы» атты кітабында «Шәрбат», «Тұма», «Тергеу», «Төрт қанден», «Күнәһар», «Айқасқа» сияқты әңгімелері топтастырылса, жылы жарық көрген шығармалар жинағының 1 томына енген «Сынық қанат көбелек», «Қылбұрау» атты әңгімелері де өзіндік айтары бар шебер туындылар. Өз замандастарының ар-ұяттан безе бастағанын көрген жазушы әңгімелерінің барлығында дерлік адамгершілік мәселесі көтеріледі. «О дүниенің қонағы» әңгімесіндегі о дүниелік болып келген Қияқ бейнесі оқырманға ой салады. Өмір жайында философиялық ой түйген жазушы нарық заманындағы ақшалы азаматтардың мұңсыз өмірінен сыр шерте отырып имандылық мәселесін алға тартады.Ар ілімін жоғары қойған жазушы «О дүниенің қонағы» , «Күнәһар» әңгімесінде ар-ұят періштесі мен сайтандарды арбастыра отырып, адамшылық, имандылық мәселесін алға тартса, «Махаббат әуені» шынайы пәк сезімге құрылған. Жазушының барлық әңгімелерінің негізгі өзегі – ар ілімі.
Тәуелсіздік жылдарында проза саласына сол сияқты Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз», З.Қабдоловтың «Менің Әуезовім», Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша», М.Мағауиннің «Мен», «Жармақ», «Сары қазақ», Д.Досжанның «Ақ Орда», «Құм кітап», Қ.Ысқақовтың «Ақсу – жер жаннаты», Р.Тоқтаровтың «Абайдың жұмбағы», Ә.Таразидің «Жаза», «Қара жұлдызға сапар», Т.Әбдіковтің «Парасат майданы», С.Сматайдың «Жарлығап батыр», Қ.Жұмаділовтің «Дарабоз», Қ.Исабаевтың «Шоң би», Б.Мұқайдың «Өмірзая», О.Сәрсенбайдың «Шеңбер», К.Сегізбайдың «Беласқан», Б.Нұржекеұлының «Әйелдің жолы жіңішке», С.Жүнісовтің “Аманай мен Заманай”, Ә.Нұршайықовтың “Жазушы мен оның достары”, М. Шаханов, Ш. Айтматовтың «Құз басындағы аңшының зары», Қ.Ысқақтың “Ақсу туралы аңыз”, С.Мұратбековтің “Ай туар алдында”, Д.Исабековтің “Ай-Петри ақиқаты”,Ә.Сарайдың “Еділ-Жайық”, О.Сәрсенбайдың “Шеңбер”,Т.Сәу­кетайдың «Ай қараңғысы», Т.Зәкенұлының «Көк бөрілердің көз жасы», Ж.Ахмедидің «Шырғалаң», Ұ.Доспамбетидің «Қызыл жолбарыс», А.Алтайдың «Алтай новелласы», Ә.Асқардың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», С.Елубайдың «Мінажат», «Жалған дүние», Т.Нұрмағамбетовтің «Айқай», С. Досановтың төрт том­дық «Жиырмасыншы ға­сыр», Ж.Шаштайұлының «Жаңғырық», Т.Мамасейіттің «Таңжарық», Қ.Жиенбайдың «Ән салуға әлі ерте», Мир Шайырдың «О, данышпан дүние», Ж.Әлмашұлының «Күлкі мен көз жасы», Д.Батырдың «Жарсыз өткен ғұмыр», Ә.Ыбырайымұлының «Ұяластар», Д.Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар», «Мен сізді сағынып жүрмін» атты романдары, Ө. Кәріпұлының «Серілер мен перілер», Ө.Ахметтің «Адасқан ғасыр», Н.Қапалбекұлының «Таудан түскен тұман», Д.Әшімханұлының «Самырсын сазы», Қ.Түменбайдың «Қобыздың мұңы», С.Оспановтың «Сопының ғұмыры», Н.Ораздың «Биіктегі сұлулық», Н.Қамидың «Көк қақпа», А.Кемелбайдың «Қоңыр қаз», Т.Шапайдың «Айна сарай»атты әңгіме-повестері т.б. туындылар – қазақ әдебиетінің проза саласында 1991 жылдан осыған дейінгі жылдар ішінде үлкен биіктерге қол жеткізіп келе жатқанын, «қазақ әдеиетінде даму жоқ» деген жалған сөздердің әдейі осындай теріс пікір қалыптастыру мақсатында айтылып жүргенін көрнекі дәлелдейтін дерек болып табылады. Сонымен проза саласында еңбек еткен жазушы замандастарымыздың еңбектерінен ақпарат алдыңдар. Есімдерін есте сақтап өз беттеріңше оқып,танысасыңдар деген ойдамын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет