Сабақ №1 Тақырыбы: Экологиялық туризмнің дамуының мәні мен маңызы Жоспары: 1



Pdf көрінісі
бет48/48
Дата14.12.2021
өлшемі1,34 Mb.
#126583
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Туризм практика

Өзін-өзі бақылайтын сұрақтар: 

1. Франциядағы туризм? 

2. Америкадағы туризм? 

 

Қолданылған әдебиет тізімі: 



1. Моисеев Н.А. Экономика лесного хозяйства. – М.: 2008.

 

2. Абаева Қ.Т. ҚР Орман шаруашылығын басқару, Алматы, 2012



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Практикалық сабақ №34-35 

Тақырыбы: 

Әлемдегі экотуризмнің дамуы 



Жоспары:

  

1. Әлемдегі экотуризмнің дамуы



  

Мақсаты:

 Әлемдегі экотуризмнің дамуы туралы жалпы ақпарат беру



 

 

Еуропада  Қорғалатын  Табиғи  Шекаралар  жүйесі  көп  халықты  және  толығымен 



қамтылған  ландшафтты  жерлерде  дамуда.  Қорғалатын  Табиғи  Шекаралар  жүйесінде 

қорғалатын ландшафттар, ғылыми резерваттар, Ұлттық парктер, табиғи ескерткіштер, табиғи 

басқарылатын  резерваттар  бар.  Экологиялық  туризмді  қызықтыратын  елдерге  Европаның 

Солтүстік елдері жатады. Швецияда Европейлік континентте ең бірінші Ұлттық Парк ашылды. 

Норвегия, Швеция, Финляндия және Ресей шекарасын қосатын Лапландияда ұшып келетін су 

құстардың ұялары орналасқан 4 мың км.кв құрайтын ұлттық парк бар. Свальборд аралында үш 

ұлттық парк, үш табиғи және флорлы резерваттар, он бес құстың ұялары орналасқан. Мұнда 

әлемдегі  бесінші  аюды  кездестіруге  болады.  Осында  жүзге  жуық  ұшып  келетін  құстар  ұя 

салады.  Сонымен  қатар  мұнда  Халықаралық  Қызыл  Кітапқа  кіргізілген  мұхиттық  қояндар 

кездеседі. Жақын жерде Исландия орналасқан. Шекараның шамасында ұлттық парк бар. Бұл 

жерлерде вулканды лавалық ағымдарды, мұзды өзендерді, бұлақтарды, үңгірлерді, Европадағы 

ең күшті сарқырама – Детифосты көруге болады.  

Орталық Европада экотуристердің дамуындағы ел Германия болып табылады. Мұнда 

80-ге  жуық  қорғалатын  табиғи  шекаралар  бар  және  де  көптеген  туристерді  қызықтыратын 

орман алқаптары бар. Францияда қорғалатын табиғи ландшафттар демалумен ірі қалаларды 

қамтамасыз  етеді,  табиғи  тұрақтылықты  сақтап  қалу  үшін  халықты  қажет  әрекеттермен 

таныстырады. Ұлыбритания мен Ирландияда мыңдаған табиғи резерваттар бар. Олардың ең 

ірісі – Шотландия таулары. Мұнда орталықта (Карногорм тауы) әлі күнге дейін қарағай орманы 

сақталған.  Жабайы  аттар  мен  сарғылт  бұғылар  мекендейтін  Рам  аралы  (Гебрид  аралы) 

ЮНЕСКО  бойынша  биосферлі  қорық  деп  жарияланған.  Оңтүстік  Европада  Италия  Жабайы 

табиғат  бөлігін  сақтап  қалған.  Мұнда  13  Ұлттық  Парк  қалыптасқан.  Жаңа  резерваттар 

қалыптасуда.  90  жылдардың  ортасында  таулы  қорық  шекрасында  Европаның  Аппенин 

Мемлекеттік Паркі пайда болған. 

Грекияда ең басты Ұлттық Парк – Олимп тауы болып табылады. Экотуризм обьектісі 

болып  Крит  аралы  саналады.  Оның  шекарасында  муфлондар,  жабайы  мысықтар,  түлкілер, 

борсықтар мекендейді. Шығыс Европада танымал қорғалатын табиғи шекара Белоруссиядағы 

“Беловежская  Пуща”,  Польша  және  Словакиядағы  Биік  және  Төмен  Татрлер(мұнда  300  км 

шамасында созылып жатқан таулы маршруттар жасалған), Эстониядағы биосферлі резерват – 

Батыс – Эстон архипелагы(ұшып келетін құстар – қаздар, шепун аққулары, тырналар және т.б 

қорғалады.  Сонымен  қатар  бақылау  мұнарасы  бар  жаяу  жүруге  арналған  жол 

төселген).Солтүстік  Американ  аймағында  экотуризм  қорғалатын  табиғи  шекаралардың 

айналған жүйесі болып табылады. Қалыптасқан жүйе Канадада қызмет етуде, шекараның 40%-

ы (3,9 млн км.кв) қорғалуда. Осы елде 34 Ұлттық Парк, 46 Ұлттық фауна резерваты және жүзге 

жуық  құс  ұялары  сақталған.  Канаданың  халқы  аз  болғандықтан  (3  адамкм.кв)экологиялық 

туризмнің  дамуына  қолайлы.  Юкон  жерінде  әлемдегі  ауданы  бойынша  екінші  мұздық  алаң 

қорғалуда(ауданы 22 мың км.кв). Жақын маңында орналасқан Врангель Ұлттық Паркімен жер 

бетіндегі ең үлкен қорғалатын табиғи шекара болып табылады. Юкон жерінде Канаданың ең 

биік  шыңы  –  Логан  тауы  бар(5900метр),ол  альпинистерді  өзіне  тартатын  обьект  болып 

табылады. Экотуризм үшін жақсы орын болып Гудзон бұғаз жағажайында орналасқан Черчилл 

тауы  саналады.  Әр  жылда  қазан  –  қараша  айларында  мұнда  әлемнің  барлық  елдерінен  бай 

туристер  ақ  аюлар  мен  тюленьдерді  аулауды  көруге  келеді.  Сонымен  қатар  туристер 

индейцтердің өмірімен танысуға Джонстон шығанағына келеді. Мұнда дайвингті ұнатушылар 




көптеп  келеді.  Батыс  Европаның  солтүстік  бөлігі:  Европадағы  ең  бірінші  ұлттық  парктер  – 

Сорек  және  Стура  –  Шефаллет  Швецияда  1909  ж.  қалыптасты.  Қазіргі  уақытта  Швеция 

экологиялық туризмнің дамуы үшін перспективті болып табылады, өйткені оның аумағының 

көп бөлігін орман мен көлдер алып жатыр. Өзіне Норвегия, Швеция, Финляндия және Ресей 

жерлерін қосатын Лапландия аумағында екі ірі қорық бар, Лемменйоки – Финляндияның ең 

үлкен ұлттық паркі және Эвре – Анарйокка – норвегиялық ұлттық парк. Осы парктер 4 мың 

км.кв аумақты қорғауда. Көптеген ұлттық парктер тасты тауларда орналасқан. Күзеттің басты 

обьектілері американ еліктері, қара аюлар, гризли аюлары, қарлы ешкілер болып табылады. 

Осы  орындарға  келуші  туристердің  саны  жылдан  –  жылға  өсуде,  сондықтан,  рекреациялық 

инфрақұрылым:  отельдер,  таулы  үйлер,  тау  шаңғы  трассасы  құрылуда,  вело  –  жаяу  жүйесі 

дамуда. АҚШ – та жабайы табиғатты қорғау 1872 жылы әлемдегі бірінші Иеллоустон ұлттық 

паркі қалыптасқан уақытта қалыптаса бастады.  

Қазіргі  уақытта ең ауыр қорғалатын табиғи шекара желісі  өзіне 53 паркті, 76 табиғи 

ескерткішті, 10 мұхит резерваттарын, 280 мың км.кв. ауданды алып жатқан 12 қорықты қосады. 

Осыдан  басқа  ұлттық  ормандар,  тапсырыстар  және  фауна  резерваттары  қорғалады.  Осы 

елдердің шекарасында өзіне бір мың резерватты қосатын мемлекеттік емес қорықтар жүйесі 

дамуда. Аляскада экологиялық туризм пайдалы бизнес болып табылады. Уильям шығанағында 

көптігінен арыстан мен (тюлень) кездестіруге болады. Денали ұлттық паркінде бүркіттердің 

көп қоныстарын көруге болады. АҚШ – ғы Аляскада ең үлкен табиғи резерват – 78 мың км.кв. 

ауданды Арктикалық ұлттық фауна резерваты болып табылады. Мұнда құстардың  135 түрі, 

гризли  –  аюлары,  арктикалық  түлкілер,  бұғылар,  Далла  қойлары,  американдық  еліктер 

қорғалуда.  Американ  тасты  тауларда  900  мың  гектар  ауданды  алып  жатқан  танымал 

Иеллоустон Ұлттық Паркі ұйымдастырылған. Гранд – Титон Ұлттық Паркінде (мұнда әр күн 

сайын  3  млн.астам  туристер  келеді)  таулы  және  жаяу  жүруге  арналған  жол  төселген. 

Калифорния штатында алты Ұлттық Парк бар. АҚШ – тың үш Ұлттық Паркі елдің оңтүстік – 

батыс шөлінде орналасқан. Брайнс  – Каньон Ұлттық Паркі қызыл түсті тастардан салынған 

үлкен  каньон тәріздес  қиыр.  Мұнда  өсімдіктердің  400  түрі,  экзотикалық  жануарлар  –  мула- 

бұғылары,  скунстар  қорғауға  алынған.  Зайон  паркінде  Колоб  доғасы  деген  геологиялық 

феномен бар, тіреулерінің ара – қашықтығы 100 метрді құрайды, сондықтан ол оны әлемдегі 

ең үлкен доға етіп тұр. Осы доғаны әр жыл сайын 3 миллион туристер тамашалайды. Гранд – 

Каньон Ұлттық Паркінде әлемдегі ең көлемді каньон тәрізді қиыр бар, ұзындығы 460 км, ені 

30  км  –  ге  дейін  және  тереңдігі  1,6  км.  АҚШ  –  тың  Солтүстік  ормандарының  экотуризм 

обьектісі  болып  табылатын  Ұлы  көлдер  ағып  жатыр.  Елдің  шығысында  Эверглейд  милы 

батпағында  аллигаторлар  мекен  етеді  және  мұнда  құстардың  350  түрлері  қорғалады.  Тау 

қыраты  арқылы  әлемдегі  ең  ұзын  3473  км-ге  созылып  жатқан  Аппалач  жаяу  жүруге 

арналғанжол  төселген.  Жолда  14  штат,  8  ұлттық  орман  шекарасы  және  Ұлттық  Парктер 

қиылысады.  

АҚШ – қа кіретін Гавай аралында да Қорғалатын Табиғи Шекаралар бар. Мұнда көретін 

қызық  көп:  Әлемдегі  ұзын  вулкандар,  су  және  жағажайда  өмір  сүретін  құстарға  арналған 

қоныстары және экзотикалық өсімдіктер, бұл өсімдіктердің 90%-ы әлемнің басқа жерлерінде 

кездеспейді. Орталық және Оңтүстік Америка жер шарындағы ең көп түрлі флора мен фаунаға 

бай.  Кариб  аралдарының  бассейінінде  қорғалатын  жүзден  астам  мұхит  резерваттары  бар. 

Пуэрто – Рика аралында туристер 70% жабайы өсімдіктері қорғалатын Кариб ұлттық орманын 

көруге келеді. Доминика аралында әлемдегі танымал орхидея бар.  

Суфриер  вулканына  арналған  су  асты  маршруты  жасалған.  Кариб  бассейінінің 

экотуризм  астанасы  Белиз  мемлекетіндегі  Ұлттық  Паркі  болып  табылады.  Ұлттық  Паркте 

әлемдегі  ең  ұзын  Барьер  риф  бөлігі  қорғалады.  Мұнда  тотылар,  балықтар,  мурендер  мекен 

етеді. Кішкентай Коста – Рика шекарасының 27% қоршауға алынған. Туризмнен түсетін табыс 

бұл елдің бюджетінің негізгісі болып табылады. Коста – Рикада жер шарының 5% шамасында 



танымал түрлі жануарлар, жүзге жуық қосмекенділер,жүзге жуық құс түрлері, 120 шамасында 

амфибийялар  мен  рептилиялар  алып  жатыр.  Гватемалада  ЮНЕСКО  биосфера  қорығының 

бөлігі, Майя ескі цивилизациясының діни орталығы болып табылатын – Тикаль Ұлттық Паркі 

орналасқан.  Оңтүстік  Америкада  Ұлттық  Парктер  Венесуэлада,  Бразилияда,  Аргентинада 

ұйымдастырыла бастады. Венесуэладағы Гвиан жазық тауында әлемдегі ең биік сарқырамалар 

Анхель(құлама судың биіктігі 1054метр) және Райома(биіктігі 2774 метр). Бірнеше елден кейін 

Инков жолы өтеді. Бразилияда ең танымал Қорғалатын Табиғи Шекара Мано және Пантанол 

Ұлттық Парктері болып табылады. Мано Ұлттық Паркі – ЮНЕСКО биосферлі қорығы болып 

жарияланған орманды қорғау ұлы массиві болып табылады.  

Пантанол – бұл америка континентіндегі ең ірі жабайы жануарлардың жиналатын орны. 

Африка  туристік  макроаймағы  қазіргі  заман  экотуристеріне  үлкен  шекараларды,  әр  түрлі 

ландшафтарды,  жануарлар  мен  өсімдіктерге  бай  әлемді,  әр  түрлі  ұлтты  халықты  ұсына 

алады.Африкада  экотуризм  көптеген  елдермен  табиғатты  қорғау  бағдарламаларын 

қаржыландыру, ауыл тұрғындарының өмірлік деңгейін жоғарлату мүмкіндік құралы ретінде 

қарастырылады.  Таулы  Марокко  елі  континенттің  солтүстік  -  батысында  орналасқан  және 

таулы  маршрутты  ұнатушыларға  тартымды  болып  табылады.  Шығыстан  батысқа  дейін  үш 

таулы таушық созылып жатыр - Риф, Жоғары Атлас және Антатлас. Жалпы ұзындығы 1600 

км.  Ең  тартымды  және  туристерге  қолайлысы  -  Тубкаль  тауы  сияқты  биік  шыңды  Жоғары 

Атлас болып табылады.  

Саут - Кори тауының шыңына шығу 3 сағатты алады. Осында Африканың биік таулы 

көлі - Лак - Дифнидікөруге боладыү Алдымен Қорғалатын Табиғи Шекараларды Мароккадан 

бастайық. Бұл тауды ұнатушы туристерге арналған таулы ел болып табылады. Тупколь Ұлттық 

Паркінде көптеген маршруттар бар, соның ішінде биік шың Тупколь тауы (4200м). Бұл жерде 

Африканың ең бір биік таулы көлі – Лак – Дифниді көруге болады. Урганда туристерді өзіне 

тартады, ол мысалға Едварг және Тиорга көліне келушілер гипопотамидың әлемдегі ең үлкен 

жиылысын көруге болады. Двинди Ұлттық Паркінде 300 – ге жуық тау гориллалары және басқа 

да  адамтәріздес  маймылдар  мекен  етеді.  Кенияда  Африкадағы  биік  шыңдар  –  Кения  және 

Килиманджаро  таулары  бар.  Көптеген  миллион  қызғылт  және  жай  фламинголарды  қорғау 

үшін Лейк – Накуру Ұлттық Паркі бар. Кениядағы ең танымал резерват – Массан – Мара. Бұл 

көптеген  антилопа  –  гну,  жирафтары,  арыстандары,  гиеналары,  крокодильдері  және  т.б 

жануарлары  бар  жазық  саванна.Туристер  үшін  жануарларды  бақылау,  суретке  түсіру  және 

бейнетаспаға  түсіру  рұқсат  етілген.  Африкада  туристер  үшін  ең  тартымды  обьект  болып 

Виктория сарқырамасы саналады. Африкадағы ең ірі Ұлттық Парк – Этоша (Намибия). Парк 

ауданы 22 мың км.кв. Мұнда қара мүйізтұмсық мекен етеді. Көптеген арыстандар және пілдер 

бар. БАЭ - да жақсы танымал Ұлттық Парк Крюгера бар. Парк арыстандар, піл, қара және ақ 

мүйізтұмсықтардың,  крокодильдердің,  жирафтардың  өмірімен  танысуға  мүмкіндік  береді. 

Ерекше экологиялық турлар Сейшель аралында дамыған. Маэ аралында бірнеше ботаникалық 

бақшалар  бар.  Сент  –  Анн  мұхиттық  Ұлттық  Паркінде  крокодильдердің  150  түрі  және 

балықтардың 800 түрі қорғалуда. Сонымен қатар туристер Альдабра аралындағы ұзындығы 1,5 

метр және 400 киллограмм шамасындағы тасбақаларды көре алады. Экологиялық туризм үшін 

Азия материгі қызықты болып табылады. Оңтүстік Азияда негізінен Үндістан, Непал, Шығыс 

Азияда  –  Қытай,  Малайзия,  Жапония,  ал  Оңтүстік  Шығыс  Азия  елдерінде  –  Тайланд, 

Индонезия және Вьетнам ерекшеленеді.  

Үндістан Индостан жартылай аралында орналасқан және оның көп жерін алып жатыр. 

Бұл  елде  жер  беті  халқының  16  бөлігі  өмір  сүріп  жатыр.  Соның  өзінде  Үндістан 

басқарушылары жабайы табиғатты қорғау үшін бар күштерін салуда: елде 55 Ұлттық Парк, 

247 табиғи резерваттар, бұл резерваттар жер бетінің 4% алып жатыр. Гималай – таулы жерді 

ұнататын туристердің орны болып табылады. Ол Азияның оңтүстік – батысында орналасқан. 

Тау 2600 км-ге созылып жатыр. Осы азияттық тау жүйесінің 30 шыңының биіктігі 7 мың метрге 



дейін жетеді. Непал – Гималайдағы таулы туризмнің  орталығы болып табылады. Мекка тау 

туризмі  және  альпинизм  үшін  жылына  бұл  елге  200  мың  туристер  келеді.  Гималаймен,  сол 

жердің Ұлттық Парктерімен танысу үшін арнайы танымал маршруттар жасалады. Ол жердің 

ең биік шыңды аудандары – Эверест пен Аннапурн. Читван қиырында Ройал – Читван Ұлттық 

Паркі орналасқан. Парк шекарасында үнді мүйізтұмсық, шошқалар, шошқа тәріздес бұғылар, 

губач – аюлар, барыстар, қолтырауындар мекен етеді. Паркте пілдердің үстінде саяхат жасауға, 

қайықпен  жүзуге  рұқсат  етілген.  Таулармен  танысу  үшін  үш  негізгі  маршрутты  иеленуде. 

Елдің экологиялық мәселесі туризммен байланысты. Оңтүстік  – Шығыс Азиының оңтүстігі: 

Малакка жартылай аралынан Жаңа Гвинея аралдарының батыс жағалауына созылып жатқан 

аралдар көптеген халықтардың, тілдердің және мәдениеттің отаны болып табылады. Аймақта 

орналасқан  елдер:  Бруней,  Индонезия,  Малайзия,  Сингапур.  Аймақтың  қаржы  және  сауда 

орталығы  Сингапур  болып  табылады.  Индонезия  мен  Малайзияның  негізгі  кіріс  бастауы  – 

мұнай, газ және сүрек. Қытай - Гималайдан Солтүстік және шығыс жағына қарай орналасқан. 

Қытай шекарасында жер бетінің ¼ бөлігі өмір сүруде. Осыған қарамастан елдің 1% шекарасы 

Ұлттық Парктер мен резерваттарға берілген. 1963 жылдан бастап Батыс Қытайда 13 резерват 

пайда  болған  (жалпы  ауданы  6  мың  км.кв).  Олардың  арасындағы  ең  танымалы  Улун, 

Хуалонгси және Цзючжайгоу. Улун резерватының танымал маршрутының бірі – Балангшань 

тауларына саяхат болып табылады (маршрут ұзақтығы 64 км.).  

Хуалонгси  –  таулы  аймақ.  Мұнда  мыңдаған  жылдар  бойы  ағаштардың  тамырларына 

кальций  тұзы  жиналған.  Осының  нәтижесінде  әктастан  форма  қалыптасқан.  Цзючжайгоу 

резерваты  кристалды  көлдермен,  таумен  қоршалған  және  сарқырамалары  бар.  Резерватта 

өсімдіктердің 90 түрі өсуде. Қытайдың экологиялық мәселелері халықтың тығыздылығымен 

және халық санының тез өсуіне байланысты. Халық санының өсуі қорғалатын аумақтардың 

қысқаруына әкелуде. Монголия – Азиядағы экологиялық туризмнің перспективті дамушы елі 

болып табылады. Осында келуші экосаяхатшылар Гоби шөлін, Монголия облысының шөлді 

орталықтарын, елдің солтүстігінде орналасқан көрікті ормандарында ұмтылмас көңіл қалады. 

Монголияда аз халық тұрады (1988 жылы 2 млн жеткен). Халықтың аз болуы табиғатқа ұқыпты 

қарауы осы елді табиғи резерватқа айналдырған. Жапония – көлемі бойынша Америка штаты 

Калифорниядан  аспайтын,  125  млн.  тұрғыны бар  өндірістік  дамыған  ел.  Шекараның  14%-ы 

ұлттық  паркке  берілген.  Жапонияда  табиғатқа  аса  ұқыпты  қарайды.  Көптеген  ұлттық 

парктердің  ішіндегі  ең  танымалы  Фудзияма  болып  табылады.  Экотуристер  үшін  Солтүстік 

Альпы  (Хида),  Орталық  Альпы  (Кисо),  Оңтүстік  Альпы  (Акаиси)  үлкен  қызығушылықта. 

Көптеген синтоикалық шіркеулерді өзіне қосқан Жапон Альпасы арқылы өту Жапонияның ең 

танымал  туристік  маршруты  болып  табылады.  Тубу  –  Сангаку  (1743  км.кв)  ұлттық  паркі 

Солтүстік Альпі аумағының бір бөлігін қорғайды. Тау маңайы шырша, қарағай, кедр және т.б. 

сияқты орманмен жамылған. Азуза өзенінде орналасқан Камикоти ауылынан көптеген жеңіл 

маршруттар басталады, олар – Хотака храмына және Таисо суқоймасына саяхат. Камикотидан 

Жапонияның ең қиын таулы маршруты (38 км, ұзақтығы 3 күн) басталады. Оңтүстік – Шығыс 

Азия  оңтүстік  тропикадан  экваторға,  содан  кейін  оңтүстікке  дейін  созылып  жатыр.  Бірақта 

соңғы жылдары орманның 90%-ы жойылып, көптеген аз кездесетін жануарлардың жойылуына 

әкелді. Таиландта 41440 км.кв. жері 58 ұлттық паркте қорғалуда. Туристерді қызықтыратын 

Фанг – Нга бухтасындағы, Таиланд жағажайының батысындағы табиғи ескерткіштер – 40 арал. 

Вьетнам Қытайдан оңтүстікке қарай 1,5 мың кмге созылып жатыр.  

Оңтүстік – Шығыс Азияның басқа елдерінде сияқты Вьетнамда да халқы көп. Елдің 15 

бөлігі  орманнан  тұрады.  Орманның  жойылуы  халықтың  көбеюіне  американ  –  вьетнам 

соғысына байланысты. Қазіргі уақытта Вьетнамның тамаша табиғатын қорғауға бағытталған 

10 ұлттық парк және 49 табиғи резерваттар бар. Ең басты және ең танымал ұлттық парктер – 

Кук – Фыон (1962 ж. қаланған) және аралдық ұлттық парк – Ка – Ба бар. Таиланд шекарасы 

экотуристерге  тропикалық  орманды,  таулы  жерлерді,  сарқырамаларды,  үңгірлерді  ұсынады. 



Хатноппарат – Тхара ұлттық қорығы Пхипси тобынан алты аралды өзіне қосады. Мөлдір су 

астында  жүзуді  дамытуға  мүмкіндік  береді,  түрлі  тропикалық  балықтармен  танысуға 

мүмкіндік  беруде.  Малайзия  шекарасында  Тхалебан  ұлттық  паркі  орналасқан.  Осы  әдемі 

ұлттық  паркте  малайзия  аюлары,  пілдер,  тигрлер  кездеседі.  Борнео  аралы  Индонезия, 

Малайзия және Брунея аралдарында бөлінген. Борнеода жер бетіндегі ең үлкен, көлемді үңгір 

комплексі орналасқан, ал орманы әлемдегі ең ескі деп саналады. Малайзияның Саравак және 

Сабах штаттары – Борнео облысындағы ең қолайлысы. Онда 10 ұлттық парк орналасқан: бұл 

аралдың  ішкі  облыстарын  қорғайтын,  тасты  таулары  және  жауынды  тропикалық  орманды 

мұхиттық  қорықтар  және  жай  қорықтар.  Индонезияда  ең  үлкен  табиғи  резерват  Суматра 

аралында  орналасқан.  Аралдың  орманында  туристер  әлемдегі  ең  ірі  раффлезия  гүлінің 

гүлденуін көре алады. Осында орналасқан ұлттық парк экотуристерге Амас өзені бойынша үш 

күндік  қайықпен  саяхат  жасауды  ұсынады.  Ұлттық  парктің  солтүстік  бөлігінде  орналасқан 

Лурах қонақ үйінен джунглияға экскурсия жасауға болады.  

 

Өзін-өзі бақылайтын сұрақтар: 

1.

 



Әлемдегі экотуризмнің дамуы

 

?

 

2. Қорғалатын Табиғи Шекаралар? 

 

Қолданылған әдебиет тізімі: 



1. Моисеев Н.А. Экономика лесного хозяйства. – М.: 2008.

 

2. Абаева Қ.Т. ҚР Орман шаруашылығын басқару, Алматы, 2012



 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет