Сабақ №1,2 Сандар тізбегі



бет8/17
Дата06.02.2022
өлшемі76,76 Kb.
#80298
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
матем.сауат тапсырмалары

Күні _____________


Сабақ №12,13 Қозғалысқа байланысты есептер.

1) 630 км жолды жылдамдықтары 70км/сағ және 90 км/сағ екі машинаның қайсысы бұрын жүріп өтеді ? Межелі жерге қайсысы қанша уақыт бұрын жетеді ?


S=630 км 630:70=9(сағ)
U =70км/сағ 630:90=7(сағ)
U=90км/сағ 9-7=2(сағ)
t-?
2)Алмат пен Мирас атпен жарысты. Алматтың атының жылдамдығы 20 м/сек, ал Мирастың атының жылдамдығы 18 м/сек. 10 секундтан кейін аттардың арақашықтығы неше метр болды? 10 минуттан кейін ше ? 1 сағаттан кейін ше?
U=20м/с
U=18м/с
t-10с-10мин-1сағ- S-?
(20м/с-18м/с)х10с=20м
3) Бір айлақтан екі кеме бір мезгілде шығып, бір бағытта жол тартты. 4 сағаттан соң бірінші кеме айлақтан 120 км, ал екіншісі 140 км қашықтықта болды. Әр кеменің жылдамдығын тап.
4)Мектеп оркестрі үшін 2 қобыз, одан 6 есе артық домбыра және домбыра мен қобыздан 7 есе кем сыбызғы алынды. Оркестрге барлығы неше аспап алынды ?
Қобыз - 2
Домбыра - ? 6 есе артық
Сыбызғы - ? 7 есе кем
Тапсырмалар

      1. Бір қаладан екінші қалаға бір уақытта екі автомобиль шықты. Бір автомобиль екіншісіне қарағанда сағатына 15 км артық жүріп,екінші қалаға 1 сағат ерте жетті. Егер екі қаланың ара қашықтығы 180км болса, онда автомобильдердің жылдамдықтары қандай?

      1. Ара қашықтығы 900км екі қаладан бір-біріне қарама қарсы екі пойыз шығып.олар жол ортада кездескен. Бірінші пойыз екіншіден 1 сағ кеш шығып,екінші пойыздың жылдамдығынан 5 км/сағ артық жылдамдықпен жүрген. Әр пойыздың жылдамдығын табыңыз.

Арақышықтығы 500км екі қаладан бір мезгілде қарама қарсы бағытта трактормен одан жылдамдығы 4 есе артық жүк машинасы шығып,4 сағаттан кейін кездесті. Трактордың жылдамдығы қандай? Арасы 650км екі жерден бір-біріне қарсы екі поезд шығады. Егер екеуі бір уақытта орындарынан қозғалса, 10сағаттан кейін кездесер еді. Ал егер екінші поезд біріншіге қарағанда 4 сағат 20 минут ертерек шықса,онда кездесу бірінші поезд шыққан соң 8 сағаттан кейін болады. Әрбір поездың жылдамдығын табыңыз? Автомобиль А қаласынан В қаласына 60км/сағ жылдамдықпен,ал В қаласынан А қаласына қарай 40 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Автомобильдің орташа жылдамдығы қандай? Саяхатшы бір қаладан екінші қалаға 40км/сағ жылдамдықпен барып,60км/сағ жылдамдықпен қайтты. Егер барлық жолға 8 сағат уақыт кетсе,екі қаланың ара қашықтығы қанша?
7) Қозғалыс. Астана және Павлодар қалаларының арақашықтығы шамамен 450 км. Осы арақашықтықты картада бейнелеу қажет.
1-сұрақ. Астана және Павлодар қалаларының арақашықтығы картада 8 см болу үшін картаны қандай масштабта алу қажет? Жауабы: _______.
2-сұрақ. Егер картаның масштабы 1: 1000 болса, онда 450 км қанша сантиметрге тең болады? Жауабы: ________ .
8) Қозғалыс. Масштабы 1:190 картада Алматы қаласы мен Қостанай қаласының арақашықтығы 10 см-ге тең.
1-сұрақ. Алматы мен Қостанай қалаларының арақашықтығы қанша километрді құрайды? Жауабы: ________ .
2-сұрақ. Егер 100 км-ге 8 л бензин қажет болса, онда осы қалалардың аралығына қандай мөлшерде бензин жұмсалады? Жауабы: ________ .
9) Билет бағасы. Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін ересектер билетінің бағасы 1300 тг, ал балалар билетінің бағасы 600 тг тұрады.
1-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін бір ересек және бір балалар билетінің бағасы қандай? Жауабы: ________.
2-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін баруға және кері қайтуға үш ересек және бес балалар билетін алу үшін 13000 тг жеткілікті ме? Жауабы: ________.
3-сұрақ: Астана стансасынан Бурабай курорты стансасына дейін баруға және кері қайтуға екі ересек және төрт балалар билетін алу үшін қанша теңге қажет? Жауабы: ________.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет