Сабақ №15 Тақырыбы: Қияқөлеңдер тұқымдасы. Астық немесе Қоңырбастар тұқымдасы Сағат саны: 2



бет1/3
Дата15.12.2021
өлшемі296,24 Kb.
#101411
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Практикалық 15 Астық Қияқ (1)
Tarih, 1 страница, Tarih, Жауап 20 1к, Жауап 20 1к, инф, oxides Zhanar, ізтұрғанова, file 00141DL67566126896, І н с а Тапсырмалар С йкестендір

Практикалық сабақ №15

Тақырыбы: Қияқөлеңдер тұқымдасы. Астық немесе Қоңырбастар тұқымдасы



Сағат саны: 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. Қияқөлеңдер тұқымдасы.

2. Қияқөлеңдер тұқымдас өсімдіктер - өлеңшөп, келтебас, қияқ.

3. Астық тұқымдас өсімдіктерінің морфолого-анатомиялық ерекшеліктері.

4. Қоңырбастар тұқымдастармағы өкілдерінің ерекшеліктері.

5. Тарылар тұқымдастармағы өкілдерінің ерекшеліктері.


Глоссарий:

Дара жарнақтылар – ұрығында бір ғана тұқым жарнағы бар гүлді өсімдіктер класы.

Буын - өркеннің бір немесе бірнеше жапырақ бекінген бөлігі.

Бір үйлі өсімдіктер – бір жынысты аталық және аналық гүлдердің немесе гүлі болмайтын өсімдіктердің аталық және аналық жыныс мүшелерінің бір өсімдікте болуы.

Екі үйлі өсімдіктер - аталығы бір өсімдіктер, аналығы басқа өсімдікте болатын өсімдік түрлері.

Жапырақ қынабы - сабақ буынын қамтитын жапырақтың негізі.

Түптену астық тұқымдастарының бұтақтану типі.

Буынаралық – екі көрші буын арасындағы сабақ телімі.

Жаңғақша – жеміс серігі сүректенген, сүйекке ұқсайтын жеміс.

Тұқым – ұрпақтану, көбею және таралу мүшесі.

Тұқымша –құрғақ жеміс серігімен бір тұқымды ашылмайтын жеміс.
Тапсырма 1. Қияқөлеңдер тұқымдасы өкілдерінің ерекшеліктерін қарастыру.

Кеппешөптер немесе таратпа материалдардан Қияқөлеңдер тұқымдас өсімдіктердің тамырын, сабағын, жапырақтарын қарап, оларға тән ерекшеліктерді қарастыру.



Гүлшоғырларының түрлерін анықтап, гүлдерінен аталық, аналық гүлдерді табу. Жемістеріндегі ерекшеліктерді қарастыру. Кітаптан немесе кестеден қынапты ұлпабастың жалпы көрінісін, гүлі мен жемісінің суретін салып, таксономиялық бірліктерін жазу:

Класс Дара жарнақтылар немесе Лилиопсидтер - Monocotyledoneae, Liliopsidaе

Класс тармағы Коммелинидтер – Commelinales

Қатар Қияқгүлділер – Cyperаles

Тұқымдас Қияқөлеңдер - Суреrасеае

Түр Қынапты ұлпабас – Eriophorum vaginatum



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет