Сабақ №30 Тақырып: Ақуыздар Жоспар: Ақуыздар (нәруыздар) Нәруыздардың қасиеттері



бет1/3
Дата11.05.2022
өлшемі18,19 Kb.
#142644
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
ХИМ Сабақ№ 30 2
Қазақ тілі Қол Өнер, englishh, ХИМ Сабақ №29, РЯЛ №20 , Нуралнов Д реф

Сабақ №30
Тақырып: Ақуыздар


Жоспар:
1. Ақуыздар (нәруыздар)
2. Нәруыздардың қасиеттері


1. Ақуыздар (нәруыздар)
Нәруыздар – аминқышқылдарының қалдығынан құралған құрылысы күрделі жоғары молекулалы биополимерлер. Нәруыздарды протеиндер деп те атайды. Тірі организмнің бүкіл әрекеті нәруызды заттармен байланысты.
Нәруыздар, негізінен, көміртек (50-55%), оттек (20-24%), азот (15-19%), сутектен (6-7%) тұрады. Кейбір нәруыздардың құрамына бұлардан басқа күкірт, фосфор, темір кіреді.
Барлық нәруыздар 20-дан астам әртүрлі аминқышқылынан құралады. Аминқышқылдарының (АҚ) жалпы формуласы: R –CHNH2 – COOH.
Полипептид тізбегінің құрылысы. Нәруыздардың құрылысы өте күрделі.
Бірінші реттік. Полипептидтік тізбектегі аминқышқылдары қалдықтарының қатаң тәртіппен бірінен кейін бірінің орналасуын бірінші реттік құрылым анықтайды. Нәруызды құрайтын жүздеген, мыңдаған аминқышқылдарының қалдықтары өзара пептидтік (амидтік) байланыс (-СО-NН-) арқылы жалғасып, полипептид түзеді.
Екінші реттік. Нәруыздардың көбінің кеңістікте оралма тәрізді оратылуы екінші реттік құрылым деп аталады.
Үшінші реттік. Нәруыздың оралматектес молекуласы биологиялық процестердің әсерінен, молекула арасындағы сутектік байланыс, дисульфид көпіршесі, күрделі эфирлік көпірше және бүйір тізбектегі аниондар мен катиондар арасындағы иондық байланыстар арқылы өзара байланысады да, күрделі үшінші реттік құрылым түзіледі.
Төртінші реттік құрылым – кейбір нәруыздарда бірнеше полипептидтік тізбектердің бір-бірімен күрделі кешендерге бірігуі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет