Сабақ №57 Мерзімі: қазақ әдебиеті 5-сынып Сабақтың тақырыбы : Ақынның сұлулыққа, табиғатқа көзқарасы Сабақтың мақсаты



бет4/6
Дата06.02.2022
өлшемі77,18 Kb.
#35148
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Не болды деп ойлайсың?

Дәлеліңіз қандай?

Не болды?

Киік жапан далада қиналып келе жатқанда талып жығылады, әлсірейді.

Көп қан жоғалтты, шаршады.

1. Осы кезде бір қасқыр кездесіп, жан қинамай жеп қояды.
2. Мейірімді адам қорыққа апарып емдейді.

Мұғалімнің қосымша дерек беруі



бере кетейін. Арқа, яғни, Сарыарқа - Орталық Қазақстанды алып жатқан аймақ. Батысынан шығысына дейін 1200 шақырым өңірді алып жатыр. Бетпақдала осы Сарыарқада орналасқан, батысы сазды, шығысы тасты, құмды, шөлді жер.(Картадан көрсетеді). Бұл аймаққа Қазақстанның ірі 6 облысы орналасқан. Олар: Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Павлодар. Қысы суық, жазы ыстық болады. Пайдалы қазбаларға өте бай. Басты өзендері: Есіл, Нұра, Сарысу.
Табиғат зоналары шөлейт және шөл зоналарымен көзге түседі.Қуаңшылық жерлер көп болатындықтан сор, сортаңды жерлерде өсетін көкпек, жусанның бірнеше түрі кездеседі.

  • «Киік» қандай аң? Сендер ол туралы не білесіңдер?

Киікті қазақ ақбөкен деп те атайды. Ақбөкен – жұп тұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын, тұлғасы ірі, қойға ұқсас, дөңес тұмсықты, күйіс қайтаратын түз жануары. Ақбөкеннің қазба қалдықтары плейстоцен қабатынан Батыс Англиядан Шығыс Аляскаға дейінгі аралықта табылған. Ақбөкендер Монғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Текелерінің дене тұрқы 126-150см салмағы 37-49 кг, ал ешкілері кішірек, дене тұрқы 109-127 см, салмағы 22-37 кг-дай болады. Үстіңгі ерні салбырап, етті тұмсыққа айналған. Текесінің мүйізі қайқылау келеді, ешкісінде мүйіз болмайды. Жаз айларында арқа түсі сарғыш тартады, қыста түсі ақшылданады. Қазақ халқы «Құралайдың салқыны»деп атайдын мерзім мамыр айындағы киіктің баласын өргізуіне байланысты атаған. Көбіне егізден, кейде 3 лақ та туады. Ақбөкендер шөл, шөлейтті және далалық аймақтарда тіршілік етуге бейімделген. Олардың қоныс өзгертуі ауа райына, жайылымға байланысты болады. Бетпақдаладағы ақбөкендер өсімдіктің 81 түрімен қоректенеді. Олар әр түрлі шөптерді жылдың мезгіліне қарай таңдап жейді. Киіктер шөпті жерден жұлып жеуге ғана дағдыланған.
Ақбөкеннің негізгі жауы - қасқыр, ал жас төлдеріне бүркіт, дала қыраны мен қарақұстар да шабуыл жасайды. Ол аусыл, пастереллез ауруларымен ауырады. Ақбөкен дәмді еті,құнды мүйізі мен тұяғы, әдемі терісі үшін ауланады. Оның мүйізінен пантокрин дәрісі алынады. Ақбөкеннің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі теміреткіге жағады, сусамыр ауруына шалдыққандарды емдеу үшін де пайдаланады. Осы қасиеттерін дәріптеп, қазақ киікті «Киелі», «Қасиетті аң» деп бағалайды.
ІІ деңгей.

  1. Өлеңде қандай жерді суреттеген? (3 слайд, Қазақстан картасынан Бетпақдаланы көрсету). Бетпақдала – Сарыарқа деген үлкен аймақтың шөл даласы. Онда киік мекен етеді. Онда елді-мекен, өзен, көл болмайды. Өсімдіктен жусан өседі.)

  2. Қандай өсімдік атаулары кездесті? Дәптермен жұмыс. (Көкпек, боялыш, жусан - шөлді жерде өсетін жапырақсыз шөптер).

  3. Киікті неге теңейді? (Ақын оны жас балаға теңейді. Әрбір кішкентай бала сұлу болады. Бөкен де бала сияқты сұлу.)

ІІІ деңгей .

  1. Киіктің портреті қандай? (таңы аппақ, екі көзі мөлдір қара... Бөкеннен сұлу аңды мен көмедім... Қап-қара екі көзі мөлдіреген, Әдемі екі танау желбіреген).


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет