Сабақ 7 Жүріс бөліктеріне сынақ жүргізуге арналған стенділер



Дата14.12.2021
өлшемі1,09 Mb.
#126182
түріСабақ
Байланысты:
7КТБСӘтәж


Тәжірбиелік сабақ 7

Жүріс бөліктеріне сынақ жүргізуге арналған стенділер
Осы стенділерде автомобильдердің рамаларын, рессорларын, белдік арқалықтарына статикалық және циклдік жүктеуге сынақ, амортизаторлардың, өзі аударғыш платформалардың көтеру механизмдерін және автомобильдердің жүріс бөліктерінің басқа тетіктеріне сынақ жүргізіледі.

Арнайыландырылған стенділерге арналған статикалық жүктеуге арналған рамаларға сынақ жүргізу барынша қарапайым және конструкцияның қаттылығы мен беріктігін тексерудің жеткілікті анық нәтижелерін береді. Көрсетілген сынақтар рамадағы элементтерді жүктеуді, олардың кернеулі-деформацияланған жағдайын бағалауға, конструкцияның жекелеген элементтерінің қаттылыққа әсер етуін зерделеуге мүмкіндік береді.

МАЗ ұяшығындағы автопоездардың және ауыр жүк автомобильдерінің рамаларын сынауға арналған стендіде (3.20-сурет) тік жазықтықта раманың бұралуы мен иілуі рессорды бекіту орнында 2 динамометр арқылы жүктемені беретін 1 гидроцилиндрлердің көмегімен қамтамасыз етіледі. Автомобильдің рессор астылық массасынан болатын реакция бұрандалы механизмдермен ұқсастырылады (схемада көрсетілмеген). Цилиндрлер 1 синхронды түрде (вертикаль жазықтықта раманың иілуі) және фазаларға қарама-қарсы (раманың иілуі мен бұралуы) жұмыс істейді. Оларды қоректендіру 5 радиалды-поршеньді сорғыдан және 6 май багынан жүзеге асырылады. Майдың негізгі ағынынан тазалау 3 сүзгімен жүргізіледі.

3.20-сурет. Автомобильдердің рамаларын сынауға арналған стендінің гидравликалық схемасы
Раманы циклдік жүктеу 8 реверсивті реттығын көмегімен қамтамасыз етіледі. Горизонталь жазықтықтағы раманың иілуі лонжерон арасында орнатылатын 10 гидроцилиндрмен орындалады. Гидроцилиндрдің жетегі 8 реттығын арқылы 7 жеке тістегерішті сорғыдан жүзеге асырылады. Гидравликалық жүйе 4 сақтандырғыш клапандармен жүзеге асырылады.

Сынақ процесін автоматтандыру үшін микропроцессорлар базасындағы арнайы блок пайдаланылады.

Рамалардың ұзаққа жарамдылығын сынау осы элементтердің әрқайсысының сенімділігінің көрсеткіштерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Жүктеу режимі пайдалану жағдайында тензометрлеу арқылы алынған рама элементтерінің артық жүктеуін статистикалық өңдеу нәтижелері бойынша беріледі.

Аспалардың серпімді элементтерінің сипаттамаларын анықтау үшін гидравликалық жүктелген құрылғысы бар стенділер пайдаланылады. 3.21-суретте көрсетілген стендіде жүктеу 5 динамометр арқылы 1 гидроцилинрдің көмегімен жүзеге асырылады. Зерттелетін 4 объект 2 тіреуішпен ұсталынып тұратын 12 тақтаға орнатылған сфералық 3 тірекке орналасады. Тіректер арасындағы ара қашықтық жүріс бұрандаларының көмегімен реттеледі. Гидравликалық жетек 10 май багын, 9 электр қозғалтқышы бар 8 сорғыны, 7 реттығынды, кері 6 және сақтандырғыш 11 клапандарды қосады. Стенд жылжытылатын реохордты 13 датчикпен жабдықталған.

Сынақты автоматтандыру мақсатында арнайы басқару блогы құрылған. Блок басқарушы ЭЕМ-мен байланыстырады, бұл сынау режимін береді және олардың нәтижелерін тіркейді және талдайды. Графақұрғышпен ЕСКД талаптарына сәйкес рессордың ізделетін сипаттамалары сызып тасталынады. Стендіні автоматтандыру сынақ жүргізу ұзақтығын 12 есе азайтуға мүмкіндік береді.

Сипатталатын стендті серпімді элементтерді қажуға сынау үшін пайдалануға болады. Алайда осындай сынақтар циклдік жүктеуі бар стенділерде барынша жиі жүргізіледі.




3.21-сурет. Рессорлардың серпімді сипаттамаларын алуға арналған стенд схемасы
Мұндай стенд (3.22-сурет) жоғарғы 13 және төменгі 17 қозғалмайтын тақталардан тұратын тұйық жүйені білдіреді, олар өзара 16 төрт колоннамен қатты жалғанған, сол бойынша 15 үстел жылжиды. Тақтада 13 екі шығу білігі бар 10 электрқозғалтқыштан, электрқозғалтқыштың 9 төлкелі-саусақты муфтасымен жалғанған 8 бұрамдықты екі редуктордан тұрады. Тақтаға 11 кронштейн арқылы 12 теңгермелі иінтірек бекітіледі. Иінтіректе сыналатын тораптарды орнататын екі орын болады. Бұл қосиінді-бұлғақты механизммен қозғалысқа келеді. 15 үстел 16 колоннаға цангалы қыспақтар және 6 бұранданың көмегімен бекітіледі. Үстелдің үстінде 14 жылжымалы тіректерді бекітуге арналған Т тәріздес ойықтар болады.

Қосиінді-бұлғақты механизм 4 тірек тіреуішін іске қосады, онда қосиіннің жетекті білігі және 5 бұлғақ орнатылған. Қосиіннің ұзындығын реттеу механизмі бұрамдықты жұптан және конустық доңғалақтан тұрады.





3.22-сурет. Рессорларды циклдік жүктеуге сынауға арналған стенд схемасы

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет