Сабақ 90 мин Пәні: «Анотомия және физиология» Топ, мамандық, курс: «Медбикелік іс»



бет4/4
Дата15.12.2023
өлшемі16,92 Kb.
#197209
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
13-14 сабақ
6 КТЖ 22-23 күнмен, дүниетану 20-апта 3-сынып, Эссе, pisa-formatynday-himiya-biologiya-pndernen-tapsyrmalar-zhinay, KAZAKSTAN TARIKh
Қаңқа бұлшықеттері - тірек-қимыл жүйесінің пәрменді бөлігі. Қаңқаның бұлшықеттері көлденеңжолақты болып келетіндіктен, қоза да, жиырыла да және қажи да алады. Адам денесінде пішіні сан алуан және бірнеше қабатты 600-ден астам бұлшықет болады. Бұлшықеттердің әрқайсысы бұлшықет талшықтары деп аталатын жасушалардан (миоциттерден) тұрады. Талшықтар будаланады да, будалар жалпы дәнекер түптекті қабықшаға - шандыр бұлшықеттеріне бірігеді. Әрбір бұлшықеттің ішінде жасушаларды қоректендіретін, оларға тыныс алғызатын тармақталған қантарату тамырлар, сондай-ақ бұлшықеттердің жиырылуын басқаратын жүйкелер бар. Бұлшықеттер сүйектерге сіңірлердің көмегімен бекінеді. Олар екі немесе одан да көбірек сүйектерге бекініп, жиырылған кезде сүйекті өзіне қарай тартады. Өйткені бұлшықеттер босаңсу арқылы сүйекті өзінен алшақтата алмайды, бұлшықеттердің әрқайсысында қарсы әсерлі зат (антогонист) - қарама-қарсылық бар. Мысалы, екібасты бұлшықет (бицепс) - шынтақ буынын бүккіш. Ал үшбасты бұлшықет (трицепс) - шынтақ буынын жазғыш. Сезім билейтін бұлшыкеттері бір ұшымен — бассүйек сүйектеріне, екінші ұшымен теріге бекінеді. Оттегі жетіспегенде және сүт қышқылы жинақталғанда, сіңірлер созылғанда, жүйкелік орталықтар «қажығанда», бұлшыкеттер де қажиды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет