Сабақ. Адам ағзасы және оның денсаулығын сақтау 3 4


Тыныс алады Өте сезімтал



бет3/26
Дата08.02.2022
өлшемі2,17 Mb.
#118368
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
экология
Остеомиелит КЗ, «Браузер. Браузермен жұмыс істеу.», Тапсырма 1, Тапсырма 3
Тыныс алады

Өте сезімтал

Зиянды заттарды






Қан тамыры мен жүйке жасушаларын

температурасын

түсін



жуыну

Қурап кетуден

Қорғаныш әрекеті






Тест әдісі.



  1. Жарақат алғанда алғашқы көмек көрсету үшін

А) Суық зат немесе суық су басу керек.
Ә) Ыстық компресс қою керек


  1. Жарақат алғашқы көмек көрсету үшін

А) Егер жарақат терең блмаса, жарақат айналасын йодпен немес зарарсыздандыратын затпен сүрту керек
Ә) Егер жарақат терең болса, дереу дәрігер шақыру керек.


  1. Күйген кездегі алғашқы көмек:

А) Күйген жерді суық суға малып, ауырғаны басылғанша ұстау
Ә) егер адам қатты күйсе, дереу дәрігер шақыру керек


  1. Үсіген кездегі алғашқы көмек:

А) Үсік шалған жерді қатты-қатты уқалау керек
Ә) Мүлдем уқалауға болмайды, себебі терісіне зақым келтіріп, микроб түсуі мүмкін

3



  1. Жарақат алғанда алғашқы көмек көрсету үшін:

А) Үсік шалған жерді спиртпен сылап, жұмсақ матамен сүрту керке
Ә) Егер үсік шалған жер күлдіреп кетсе, спиртпен сылап, таза дәкемен таңып, дәрігерге қаралу керек
Білгенге маржан.
Егер теріні тырнап немесе жарақаттап алсаң, онда жараны, оның маңайын қайнаған жылы сумен жуып, иод жақ. Иод микробтарды өлтіреді. Одан соң жараны дәріханаларда болатын арнайы дәкелермен байла. Тері күйсе оны майлау керек. Қатты күйгенде дәрігерге көріну керек. Көбінесе беттің , құлақтың, аяқ бақайларының, қол саусақтарының терісі үсиді. Терінің үсіген жері бозарып, жансызданады. Ол жерді жайлап ысқылап, қаз майын жағады.

3 – сабақ.


Адам денесінің тірегі - қаңқа.
Адам қаңқасы бас, кеуде, қол, аяқ сүйектерінен тұрады. Бас жіктескен бірнеше сүйектерден тұрады. Оның ішінде ми орналасқан. Бас сүйек миды зақымданудан сақтайды. Баста екі жақ сүйек болады: үстіңгі жақсүйек бассүйекеке тұтасып кетеді, сатыңғы жқасүйек шықшыт буыны арқылы басқа жалғасады. Сондықтан адам аузын ашып-жұмып, қимыл жасай алады.Адам омыртқасы 33-34 омыртқадан тұрады.Омыртқалар бір-бірімен шеміршек арқылы жалғасады. Осының арқасында адам денесін еркін қозғалта алады.Адамда 12 жұп қабырға бар.олардың артқы жағы артықы омыртқаға, алдыңғы жағы төс сүйекке жалғанған.
Адам қаңқасы:

  • Бассүйек

  • Төссүйек

  • Тоқпан жілік

  • Кәрі жілік

  • Алақан, саусақ сүйектері

  • Қабырғалар

  • Омыртқа жотасы

  • Жамбас

  • Жауырын

  • Ортан жілік

  • Асықты жілік ( жіліншік )

  • Т абан, башай сүйектері

Сөзжұмбақ. Сөйлемді оқып, нені сипаттап тұрғанын тауып жаз.

4

6
3 4 5


1 2








  1. Сағат емес, бірақ соғып тұрады.

  2. Адам денесіне қорек жеткізіп жүрген ұшы қиыры жоқ пойыз дерсің.

  3. Тоқ кезінде үндемейді, ал аш кезінде щұрылдайды.

  4. Көреді бәрін өзгенің,

Көре алмайды өздерін.

  1. Бірде көтеріліп, бірде сығылып,

Жұмысы бір көрік іспетті.

  1. Б ір тыным таппайды, тамақ та жейді, сөз де сөйлейді.

Ойлан, тап !


Адам қаңқасы қандай сүйектерден тұратынын тауып жаз.

Сөздік: омыртқалар, жамбас сүйегі, бас сүйегі, қабырға, аяқ сүйектері, қол сүйектері.


С ен білесің бе?
Жазу кезінде үстелде дұрыс отыру ережесін тұжырымда. Дене сымбатының бұзылуы неге әкеліп соғады? Жазу кезінде орындықта дұрыс отыр!

5

Дене сымбатының бұзылуы неге әкеліп соғады?


Тест әдісі.

  1. Ағзада неше сезім мүшесі бар?

А) 7
Ә) 6
Б) 5


  1. Қай қатарда дені сау адам туралы айтылған?

А) болбыр, мықты, икемсіз, ұзын бойлы
Ә) бүкір, бозғылт түсті, әлсіз, аласа бойлы
Б) сымбатты, күшті, епті


  1. Денсаулықты сақтау және нығайтуды зерттейтін ғылымды қалай атайды?

А) анатомия
Ә) гигиена
Б) зоология


  1. Адамдардың ауруды, ыстық пен жылуды сезіну қабілетін қалай атайды?

А) сипап сезу
Ә) иіс сезу
Б) дәм сезу


  1. Өз ағзаңды білудің қажеті не?

А) денсаулығыңды сақтап, шынықтыру үшін
Ә) өз мүмкіндігін білу үшін
Б) адам ойлану, сөйлеу, еңбек ету үшін


  1. Теріні таза ұстаудың басты тәсілін көрсет:

А) массаж жасау
Ә) жуыну
Б) күнге күю


6

4 – сабақ.


Қанайналым мүшелері
Жүрек кеуде қуысының сол жағында орналасқан. Оның үлкендігі адамның өз жұдырығындай ғана. Жүрек жақсы жетілген қалың бұлшықеттен тұрады. Жүрек еті кезекпен бір жиырылып, бір босаңсып, тынымсыз жұмыс істейді. Жүрек жиырылғанды қан күшпен қантамырларға шығарылып, солардың тарамдалған арнасымен адамның барлық мүшелеріне тарайды, босаңсығанда жүрек мүшелерді аралап қайтқан қанға толады. Осылай қанның ағзада қозғалуын қанайналым дейді. Жүректен қантамырларға күшпен айдалып шығарылған қан серпіні бірден қантамырларға беріледі. Оны тамырдың соғуы дейді. Тамырдың соғуын санау арқылы жүркетің бір минутта неше рет жиырылып, босаңситынын білуге болады.
Көп ойла, тез ойла! Қанайналым мүшелерін атап жаз.

С өздік: жүрек, ірі қан тамырлары, ұсақ қан тамырлары.


Тамырдың соғуын сынау.
Сенің тамырың бір минутта неше рет соғады? Сана.
Қажетті құралдар: секундомер.
Сол қолыңды алақаныңды жоғары қаратып, үстелдің үстіңе бос сал. Оң қолдың саусақтарымен сол жақ білектегі күре тамырды тап. Тамырдың соғуы айқын сезілген кезде секундомерді іске қос та, 15 секундта тамыр неше рет соғатынын анықта. Анықтаған сайын төртке көбейт. Сонда жүректің бір минутта неше рет соғатынын білесің.
Сау адамның жүрегі минутына 60 – 80 рет соғады.
Қорытынды:

7
Қалыпты жағдайда адамның тамыры 1 минутта ........ рет соғады, ал дене шынықтыру шынықтыру жаттығуларын жасаған соң 1 минутта ........ соғады. Дене жаттығуынан соң тамыр соғысы жиілейді, олай болса жүректің жұмысы да артты. Демек, дене жаттығулары жүрек бұлшық еттерін шынықтырады.



Сөйлемді толықтырып жаз.



  1. Қанайналым мүшелерінің басты ағзасы - ..................................

  2. Жүрек кеуде қуысының ........................ орналасқан.

  3. Жүрек жиырылғанда ................. жүректен шыққан ірі қан тамырларға тарайды.

  4. Ал ................. жүрек қанға толады.

  5. Жүрек сен .............. да тоқтамай үздіксіз жұмыс істейді.

  6. Қан адам ......... кез-келген жеріне қажетті қоректік заттар мен оттегін тасымалдайды.

Сөздік: жүрек, сол жағында, қан созылғанда, ұйқыда жатқанда, ағзасының.

«Сау жүрек» бағдарламасынан



  • Шылым шекпе, ішімдік ішпе.

  • Ұйқыға жеткілікті уақыт бөл. Ұйқы - жүрек саулығының негізі.

  • Асқа қарапайым, табиғи азық – түліктерді пайдалан.

  • Тойып тамақтанба.

  • Асты асықпай, жақсы шайнау керек.

  • Күнделікті дене шынықтыру жаттығуларын жаса.

  • Жақсы әдеттерді бойыңа ср.

  • Кофе, шай, ішімдіктен бойыңды аулақ ұста.

  • Жаяу жүр, терң демал.

  • Тұзды аз пайдалан.

  • Жемістер мен көкөністер күнделікті астың 50 % құрауы керек.

  • Консервіленген қант алмастырушыларды пайдаланба.

  • Аптасына 24 сағат ашық.


Тест әдісі.



  1. Теріні тазартатын заттар қатарын көрсет:

А) тіс щеткасы, тіс пастасы, сағыз.
Ә) жөке, сабын, сүлгі, крем
Б) аяқ киім майы, аяқ киім щетка, желім


  1. Терінің екінші қабаты қалай аталады?

А) сыртқы қабат
Ә) негізгі тері
Б) тері асты майы


8



  1. Қай ағзада таза ауа қан құрамына өтеді?

А) мұрында
Ә) қолқада
Б) өкпеде


  1. Адамға тамақ не үшін қажет?

А) адам тамақпен қоректік заттар алады
Ә) адам тамақпен ағзаға қажетті оттегін алады
Б) адам тамақпен су және дәрумендер алады


  1. Денені қозғалысқа келтіретін мүше:

А) қаңқа
Ә) бұлшық ет
Б) дене сымбаты


  1. Терінің түсі неге байланысты болады?

А) пигментке ( бояуға )
Ә) күнге күю арқылы
Б) тұрып жатқан жеріңе байланысты


  1. Адам ағзаларының әрекетін реттеп, басқарып отыратын мүше:

А) қаңқа
Ә) жүрек
Б) ми


  1. Қай ағзада таза ауа қан құрамына өтеді?

А) мұрында
Ә) қолқада
Б) өкпеде


  1. Иіс сезу мүшесін ата.

А) тері
Ә) тіл
Б) мұрын
5 – сабақ.
Тыныс алу мүшелері

9
Тыныс алу мүшелері және олардың атқаратын қызметері жайында тереңірек мағлұмат беру.

Адам ауасыз өмір сүре алмайды. Ауа тыныс алу қозғалыстарының нәтижесінде біресе өкпеге еніп, біресе өкпеден шығып тұрады. Өкпеге енген ауада оттегі көп болады. Бұл оттегі қанмен қосылып, қантамырлары арқылы бүкіл денеге тарайды. Өкпеден шыққан ауада көмірқышқыл газы көп болады. Сонымен тынысалу мен тыныс шығару арқылы өкпе ағзаны отегі мол таза ауамен қамтамасыз етіп, зиянды көмірқышқыл газынан тазартып отырады. Өкпе кеуде қуысына орналасқан. Ол екі бөліктен тұрады: оң жақ өкпе, сол жақ өкпе. Таза ауа өкпеге ауа жолдары: мұрын қуысы, кеңірдек және осы кеіңірдектен тармадалып, екі өкпеге кірнетін шеміршекті түтікшелер – ауа тамырлары арқылы енеді.


Ойлан, тап!

4

3

1

2
Тыныс алу кезіндегі ауа жолдарын цифрлармен көрсет.
Кеңірдек Өкпе Қолқа Мұрын қуысы

Тыныс алу мүшелерін жаз.




С өздік: қолқа, мұрын қуысы, өкпе, кеңірдек.
Сөйлемдерді толықтырып жаз.

  1. Ауаның құрамында ............. , көмірқышқыл газы және азот бар.

  2. Тыныс алу мүшелері: мұрын қуысы, кеңірдек, қолқа және ......................

  3. Кеңірдек түиікшелері тармадалып, өкпеде альвеола ................. аяқталады.

  4. Тыныс алу мен тыныс шығарудың нәтижесінде өкпе ағзаны .............. таза ауамен қамтамасыз етіп, зиянды .............. тазартып отырады.

Сөздік: оттегі, өкпе, көпіршіктерімен, көмірқышқыл газынан.


10

6 – сабақ.
Ас қорыту мүшелері
Ас қорыту мүшелеріне: ауыз, жұтқыншақ, өңеш, бауыр, ұйқы безі, сілекей безі жатады. Ас қорыту жолы ауыз қуысынан басталады. Мұнда асты шайнап, тістердің көмегімен ұсақтайды да тіл арқылы қозғап араластырып, содан кейін жұтады. Жұтқан ас жұтқыншақ арқылы өңешке одан ары қарынға өтеді. Қарыннан және ішектен ас қорытатын сөлдер бөлінеді. Ішекте бұл сөлдерге ұйқыбезі мен бауырдан бөлінетін сөлдер қосылады. Сөйтіп ауыз қуысындағы сілекейдің, қарын мен ішектің және ұйқыбезі мен бауырдың сөлдері асқа араласып, оны сұйық, ерімтал күйге айналдырады. Қорытылған тамақ қанға өтіп, қан арқылы бүкіл денеге тарайды. Қорытылмаған қалдығы ішек арқылы сыртқа шығарылады.
Ас қорыту мүшелерін астың жылжу жолына қарай цифрмен белгіле.



Тоқ ішек Асқазан Ащы ішек
Ауыз қуысы Өңеш


Ас қорыту мүшелерін жаз.




Сөздік: ауыз қуысы, өңеш, асқазан, ащы ішек, тоқ ішек.


11


Берілген сөздерді 2 топқа бөліп, сөздерді тиісті топқа топтап жаз.
Тағамдық азық – түліктер: Құнарлы заттар:
........................................... ......................................



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет