1. Оқушылар сөйлемнің дара және күрделі мүшелеріне берілген тапсырмаларды орындай алады.
2. Сөйлем мүшелеріне талдау үлгісін пайдаланып, сөйлемге талдау жасай алады.
3. Шығармашылық тапсырмаларды орындап, сөйлемнің дара және күрделі мүшелеріне талдау жасайды.
Сұрақтарға жауап береді.
«Оқушының бастапқы және соңғы деңгейлері арасында байланыс орнату» идеясына сәйкес
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Ортасы
ІІІ.Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу.
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Мен Отанымды сүйемін.
35-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Қарамен жазылған сөйлемнен күрделі мүшені тап.
Мұнда жұмыр бас кесіртке де тіршілік етеді.
Сөйлем мүшелеріне талда.
Терең ойлау тапсырмалары: 36-жаттығу. Кестені толықтыр.
Сөйлемнің дара мүшесі
Сөйлемнің күрделі мүшесі
Шығармашылық тапсырма:*Тапқан күрделі мүшелеріңді қатыстырып, сөйлем құрап жаз.
37-жаттығу. Өлеңнен күрделі мүшелерді теріп жаз. Ә.Тәжібаев
- Ә.Тәжібаев кім?
- Оның саған қандай өлеңдері таныс?
Әбділда Тәжібаев - туған әдебиетіміздің ірі тұлғаларының бірі. Ол 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Атақты ақын Нартай келіп, Әбділданың анасы Айманкүлмен айтысқа түскен. Ә.Тәжібаев "Күй атасы", "Ақын", "Портреттер" аталатын дастандары бар.Әдебиетті зерттеумен де айналысты. Балалар тақырыбына да қалам тартты.
Ә.Тәжібаев (1909ж. т.)-ақын, драматург, әдебиет зерттеуші ғалым. Филология ғылымының докторы, проф., Қазақстан Республикасының халық жазушысы. Оның «Жаңа ырғақ», «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Жаңа өрімдер», «Құрдастар», «Толағай» және 5 томдық жыр жинақтары жарық көрген. «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Той боларда» т. б. пьесалары қойылған. «Өмір және поэзия», «Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы», «Жылдар, ойлар» т. б. зерттеу еңбектерін жазған. Т. Абайтану мәселесіне де белсене араласып, ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері мен шеберлігі тақырыбын сөз ететін мақалалар жазды.1998 жылы 90-ға қараған шағында дүние салды.
... Есімде жоқ шын суреті,
Әкем менің қандай кісі.
Тек елестей бұлдырайды
Әлдекімнің көлеңкесі,-деп әкесі жайында жазған.Әкесі Ә.Т. 6жасында қайтыс болған.
Өлең мәтініне сүйеніп, табиғат таңғажайыптары туралы әңгімелеп көр.
Терең ойлау тапсырмалары: 38-жаттығу. Ребусты дұрыс шешсең, Абай өлеңінің екі жолы шығады.
Көк ала бұлт сөгіліп,
Күн жауады кей шақта.
Терең ойлау тапсырмалары: Өлеңдегі дара және күрделі мүшелерді тауып, дәлелде.
Бұл – күрделі мүше, өйткені ......................................................................
Жұпта, топта талқылайды.
Бағалау критерийі:
1.Берілген жаттығуларды түсініп, тапсырмаларын өз бетіммен орындадым.
А) берілген әр жаттығудағы тапсырмаларды толық түсініп, қатесіз көшіріп орындай алдым. 5 ұпай
Ә) жаттығуларды көшіріп жаздым, күрделірек тапсырмаларды толық орындай алмадым.3 ұпай
Оқушы ойын дәлелдейді.
«Басбармақ» әдісі
«Шешімдері алдын-ала анықталмаған тапсырмаларды зерделеу» идеясы