Сабақ. Балалардың қозғалу тәртібі мен гиподинамиясы


БОӨЖ 4. 1.Бас мидың ассиметриясы және «солақайлықтың» мәселесі



бет2/6
Дата23.12.2023
өлшемі0,63 Mb.
#198793
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Практикалық сабақ

БОӨЖ 4.
1.Бас мидың ассиметриясы және «солақайлықтың» мәселесі.
Ми (дұрыс айтылуы — мый) — латын тілінен encephalon деп аталады. сүтқоректілерде мінез-құлыққа жауапты орталық нерві жүйесінің меңгеру торабы. Ми баста бассүйек қуысында орналасады. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: сопақша ми, ми көпірі, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және үлкен ми сыңарлары.
Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі – ми. Ол ми сауытында орналасқан. Ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 грамм құрайды. Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді.
Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар : үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы жүйкелердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар
Сопақша ми жұлынмен тікелей байланысқан және екі түрлі қызмет өткізгіштік және рефлекторлық қызмет атқарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған. Ақ зат жүйке тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерi мен, сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нepвтepiнiң соңғы бесеуiнiң ядролары мен бiрқатар аса маңызды рефлекстердi icкe асыратын орталықтар және жұлын қызметiн реттеуде маңызды торлы құрылымның бiр бөлігi сопақша мида орналасқан.
Сопақша мидың жүйке орталықтары адамның өмірiн қамтамасыз етуде үлкен мән атқарады. Сопақша мида тыныс, ас қорытуға қатысы бар ( шайнау, жұту, сiлекей шығару, қарын сөлi мен ұйқы безi сөлiн шығаратын және құсу), қан тамырларын тарылтып, кеңейтетiн ( қозғалтатын ), жүректiң соғуын баяулатып, сирететiн ( тежейтiн) және көптеген қорғаныс ( көз жасын шығару, кipпiк қағу, жөтелу, түшкiру, тер шығару ) рефлекс орталықтары бар.
Мишық үш бөлімнен тұрады : мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлімнен және мишықтың екі жарты шарларынан. Мишықтың бетінде толып жатқан иректер болады. Сондықтан ол өте үлкен болып келеді және сұр заттан немесе қыртыстан тұрады.
Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Аралық ми төмпешіктен - таламус және төмпешік асты аймақтан – гипоталамустан тұрады. Төмпешіктің құрамына шығу тегі және функционалдық жағынан өзгеше бірнеше ядролар кіреді. Төмпешік ми қыртысымен екі жақты байланыста болады. Ядроларда барлық эфференттік жұйелерден үлкен жарты шарлар қыртысына баратын өткізгіш жолдардың ақырғы звеносының нейрондары орналасады. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары ( иіс сезуден басқа ) өтеді. Бірақ, оны жай ғана өткізгіш қақпа ретінде қарастыруға болмайды. Таламуста импульстер өзгеріп, жаңа, түрлі комбинацияға түседі. Таламус төменгі түйсік пен эмоцияны жасауға қатысады.
Солақайлық - әдетте туғаннан болатын, әрекет жасауда сол қолдың оң қолдан басым болу сипаты. Анық байқалатын солақайлықпен бірге, бала кезден оң қолды пайдалануға үйретілген адамның әдеттегі жағдайларда не аффекті жағдайында сол қолды да пайдаланатын жағдайы, жасырын солақайлық та ( амбидекстрия ) болады. Солақайлық әдетте түзетуді қажет ететін нормадан ауытқушылық ретінде қабылданады. Бірақ, солақайлар да нәзік моториканы игереді ( жазу, сурет салу), психикалық және дене дамуының барлық сатыларынан қалыпты өтеді және толыққанды тұлға болып қалыптасады. Солақайлық қайта оң қолды пайдалануға үйрету қажетсіз және зиянды. Ол психикалық жарақат пен неврозға, тіл кемшіліктеріне, соның ішінде кекештенуге соқтырады
Сәби есейе барып, кез келген нәрсені қолына ұстауға тырысады. Ол алдымен екі қолын бірдей жұмсайды. 18 айға толғаннан бастап ол оң немесе соң қолын көбірек пайдаланады. Бұл кезде біз баланың оңақай немесе солақай болатынын біліп аламыз.
Қазіргі уақытта құрсақта жатқан сәбидің солақай немесе оңақай екененін небары 10-11 аптада анықтауға болады екен. Ана құрсағында жатқан нәресте оң қолының бармағын сорса-оңақай, сол қолының бармағын сорса-солақай болып дүниеге келетіндігі анықталған. Ал туылған сәбиді етпетімен жатқызғанда оңақайлар басын оңға бұрып жатса, солақайлар керісінше істейді немесе сол күйі жата береді екен.
Солақайлық әдетте түзетуді қажет ететін нормадан ауытқушылық ретінде қабылданады. Бірақ, солақайлар да нәзік моториканы игереді, психикалық және дене дамуының барлық сатыларынан қалыпты өтеді және толыққанды тұлға болып қалыптасады.
Мамандар жер бетіне шыр етіп дүниеге келген 100 сәбидің біреуі ғана солақай болып туылатынын айтады. Ал, статистикаға сүйенетін болсақ, әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызы солақайлар екен. Қазіргі күнде жер бетінде 500 миллиондай солақай бар.Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, көбінесе ұл балалар солақай болып дүниеге келеді екен. Солақайлар әр кезеңдерде әр түрлі бағаланып келген. Кейбір халықтар бұл қасиетті әдет ретінде түсінсе, бір халықтар жынның белгісі ретінде қабылдаған. Кезінде, Жанна Д.Арк соң қолын көп пайдаланғаны үшін отта күйдірілген. Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар адам деп білсе, солтүстік америкалықтар оларды жолы ашық адам ретінде бағалайды.
Солақай жандар мынадай төрт топқа бөлінеді:
Біріншісі, тұқым қуалайды. Яғни, қан мен тек арқылы ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Бұл топтың санатына жататындардың саны солақайлар арасында 10 пайызға ғана жуық. Егер әке-шешесінің екеуі де солақай болса, олардан туылатын баланың солақай болу ықтималы 46 пайыз, әке-шешесінің біреуі солақай болса, туылатын баланың солақай болу ықтималы 19 пайыз, ал, екеуі де солақай болмағандарда 2 пайызды құрайды екен.
Екіншісі, әйелдердің кеш босануына байланысты. 40-тан асқан әйелдің баласының солақай болып туылу ықтималдылығы өте жоғары болады. Уақыт создырып алған әйелдің құрсағынан жаралған сәби дүниеге келерде ауыр қиналысқа түседі. Соның салдарынан оң қолдың қызметіне жауап беретін мидың клеткалары зақымдануға ұшырайды.
Үшіншісі, мәжбүрліктен орын алады. Мысалы, сәби қолын күйдіріп, жарақаттап алған жағдайда сол қолдың көмегіне тәуелді болады.
Төртіншісі, саналы түрде өзін-өзі күштеп үйретуден. Жалпы солақай адамдар тумысынан дарынды келеді дейді білетіндер. Себебі, ондай жандар өз мақсатына жету үшін әр қандай қиыншылыққа көнуге даяр. Бір қызығы, осы қағиданы желеу етіп, солақайлық қасиетті қолдан жасайтындар да бар екен.Осы топтың арасында екі қолымен де тамақ ішетін, қос қолымен жазу жаза алатындар да кездеседі.
Әлемде 1 пайыз адам ғана екі қолымен бірдей икемді жұмыс істей береді. Мысалы, аты аңызға айналған суретші Леонардо да Винчиның бір уақытта екі қолда бірдей сурет салу қабілетіне ие болған.
Солақай жандардың миының оң және сол бөліктерінің байланысы өте сапалы екендіктен олар тез ойлайтын, тез шешім қабылдайтын болады. Кейбір солақайлардың қысқа уақыт ішінде үлкен мағлұматтарды қабылдай алатындары да кездескен. Оларда ақылдылық коэффициенті жоғарырақ болады. Ғалымдардың айтуынша, солақайлар математика, архитектура, химия секілді кеңістікке байланысты пәндерге тумысынан қызығушылықтары төмен болады. Бірақ, осы салаларға ықыласпен зер салса, оңақайларға қарағанда икемді болып, көп жетістіктерге жетеді екен. Сондай-ақ, Австралия ұлттық университеті ғалымдары өткізген тәжірибе нәтижесінде солақай адамдардың оң қолдыларға қарағанда компьютерді жақсы ойнауы, жылдам жазуы анықталған.
Солақайлардың тағы бір ерекшелігі, соң қолмен оңнан соңға қарай жазу, жазудағы әріптерді керсінше оқып кетеберу олар үшін бір рефлекс болып қалыптасады.
Солақайлар сирек жаратылыс иесі. Әсіресе, өнер мен спорттың есігін ашқан солақайлар – биік жетістіктерге жетеді. Сондай-ақ, спорттық жүлделердің 40 пайызын солақайлар жеңіп алады екен.
Психологтар солақай жандардың шығармашылық жұмысқа да аса қабілетті болатындығын айтады. Әсіресе, дизайн, киноматография, архитектура, музыка, спорт, сурет салу, ғарышкерлік, жүргізушілік, жазушылық салаларында оларға теңдесетіні жоқ. Солақайлар арасында ұлы ғалымдар мен экстрасенстер де көп кездескен. Төменде тілге алынған әлемге танымал солақай жандар солақайлардың ақылды да қабілетті болатындығын дәлелдемек:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет