Сабақ барысы I. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың оқу-құралдарын түгелдеп, сабаққа назарын аудару. Психологиялық дайындық: Өзімізге: Сәттілік, қуаныш! Қонағымызға: Жақсы көңіл-күй. Елімізге: Ашық аспан, молшылық



Дата06.02.2022
өлшемі84,19 Kb.
#30667
түріСабақ

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ш.Қодаманов ауылы №158 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Еркінбекқызы Гульзира
Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем 185-189 жаттығулар
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру, коңіл-күйді, сезімді білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.
Ә) Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасай білуін, сөйлеу тілін, байланыстырып сөйлеуін, жазба тілін дамыту.
Сөздік қорын молайту.
Б) Тәрбиелік: Ұйымшыл болуға, елін жерін, табиғатын қорғауға, қатесіз, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: Тақта, оқулық, тест, суреттер.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың оқу-құралдарын түгелдеп, сабаққа назарын аудару.
Психологиялық дайындық:
Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!
Қонағымызға: Жақсы көңіл-күй.
Елімізге: Ашық аспан, молшылық.
II. Үй тапсырмасын сұрау:
184-жаттығу «Қамқорлық» тақырыбына жазып келген әңгімелерін оқытып шығу.
Ребус шешу «Сөйлем»
-Қандай сөз шықты?
-Бұл сөз туралы не айта аласыңдар? Кім ережесін еске түсіндіреді.
Осы сөйлем туралы білімдерімізді жүйелеу үшін тест жұмысын ұсынамын.
-Мен сұрақ қоямын, сендер қолдарыңдағы дөңгелекшелерді көтеру арқылы дұрыс жауапты таңдайсындар.
1. Сөйлем неден құралады?
А) Сөзден Ә) Буыннан.
2. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?
А) Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.
Ә) Сөйлемдегі сөздер бірге жазылады.
3. Сөйлемнің алғашқы сөзі қандай әріптен басталып жазылады.
А) Бас әріптен басталып жазылады.
Ә) Кіші әріппен жазылады.
4. Сұраққа жауап алу мақсатында айтылған сөйлем қалай аталады.
А)Сұраулы сөйлем. Ә) Хабарлы сөйлем.
5. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?
А) Үш түрге. Ә) Екі түрге.
Тренинг жүргізу.
Балалар, біз далаға шыққанда ең бірінші көзіміз қайда туседі?
Күнді кейде не басады? Бүгін біз сол бұлттарды тазартып, күнге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайық






III. Жаңа сабақ: Лепті сөйлем:
Балалар, тақтадағы мына сөйлемдерді оқып шығайық.
Бейбітшілік жасасын!
Көйлегім қандай әдемі!
Отан сүйер ұлан бол!
Жүйрік тұлпарың болса ғой!
-Қалай ойлайсыңдар бұлар қандай сөйлемдер? Қандай коңіл күй білдіреді? Мұндай сойлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады? Қане ойланып корейік.
-Бұл сөйлемдер адамнның қуанышын, ренішін, өкінішін, таңданысын білдіріп, котеріңкі дауыспен оқылады. Ендеше бұл сөйлемнің үшінші түрі, ол лепті сөйлем.
Тірек сызбамен жұмыс.

Лепті сөйлем



Адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді.

Сөйлем аяқталған соң!



Ұран

Қуану


Өкіну

Бұйыртуууу

Бұл сөздер көтеріңкі дауыспен оқылады.

Оқулықтағы ережені оқып шығу.


Дәптермен жұмыс.
Ал, балалар енді дәптерімізді ашып күннің ретін, тақырыпты жазамыз.
Көркем жазу: Л л Л л
Оқулықпен жұмыс
185-жаттығу
Қадір Мырза Әли ақынымыздың «Балақай» өлеңін мәнерлеп оқытып шығу.
Орал обылысында 1935 ж
Қадір Мырза Әли

ақын
жазушы аудармашы


Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.
186-жаттығу
Қоянға сәбіз жинауға комектесу арқылы осы жаттығуды орындаймыз. Хабарлы сөйлемді сұраулы және лепті сойлемдерге айналдырып жаз.
Сыныпта өнерлі оқушылар коп пе?
Мектеп ауласына әдемі гүлдер егілгенбе?
Алақай, сыныпта өнерлі оқушылар көп екен!
Алақай, мектеп ауласына әдемі гүлдер егілді!
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді
Қарап еді артына.
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің
187-жаттығу
Үш қатар үш түрлі сөзге сөйлем құрайды.
1-қатар «Алақай», 2-қатар «Ура», 3-қатар «Жасасын»
188-жаттығу Ауызша орындалады.
Әкем шаңғы әкелді. Алақай, әкем шаңғы әкелді!
Қар қалың жауды. Қардың қалың жаууын- ай!
Ауа райы жақсы екен. Ауа райы қандай жаксы!
Ойын «Сәйкестендіру»
Өкіну Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!
Армандау Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным- ай!
Бұйрық Үйден шықпаңдар!
Ұрандату Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!
Қорытынды: Сөз жұмбақ шешу.
Ешкінің төлі


Төрт түлік
Ең ірі жануар
Үй құсы
Аңның үйі
Біздің оқитын
бөлме
Бас киім
Нан атасы
Әнші құс
Кіші сөзіне қарсы мағыналы
Білім ордасы
-Сонымен балалар лепті сөйлем дегеніміз не?
-Лепті сөйлемнен кейін қандай тыныс белгісі қойылады?
Бағалау.
Үйге тапсырма: 189-жаттығу.
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет