Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі


Қабатты су арынымен жару кезінде қолданылатын жабдықтар



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі7,16 Mb.
#84934
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
сабақ жоспары 36
үй тапсырмасы
Қабатты су арынымен жару кезінде қолданылатын жабдықтар
Қабатты су арынымен жару кезіндегі қолданылатын жабдықтарға сораптық агрегаттар,құмараластырғыш агрегаттар,автоцистерналармен скважина сағасына орнатылатын жабдықтар,яғни манифолдь блогы,сағалық арматура жатады.Сонымен бірге,жер асты жабдықтары,пакер мен зәкір кіреді.
ҚСАЖ техникасына УН1-630-700А(УАН-700)сораптық агрегаттар,УПА,УС-50 құм араластырғыш агрегаттар және УР-20немесе АСПП-21-5523 А жатады.
УН1-630-700 А сораптық қондырғысы ҚСАЖ кезінде әр түрлі сұйықтарды айдауға қызмет етеді және ол күштік агрегат беріліс қорапшасы,сорап,құбырлар және басқару құрылғысынан тұрады.
4П-700 үш плунжерлі сорап екі түрлі диаметрлі,ауыспалы плунжер қабылдау құбыры бір-біріне қарама-қарсы екі шығыс құбырларымен сораптық арынды құбырларды қондырған басқару автомобилінің кабинасында орналастырылады.
УН1-630-700 А техникалық сипаттамасы:

  1. Моделі КрАЗ 257 Б-1 А;

  2. Жүк көтергішті-12 тонна ;

  3. Ең үлкен қозғалу жылдамдығы-60 км/сағ;

  4. Тарту қозғалтқышының түрі –төрттактілі дизель ЯМЗ-238 17 кВт.

Күштік агрегат:

  1. Шифры-9 УСТ-800;

  2. Қозғалтқыш түрі-В2-800 тқ-С3;

  3. Ең үлкен қуаты-588 кВт;

  4. Пайдалану қуаты-544 кВт.

Агрегат 4ПА және УСП-50 қондырғысы құмды тасымалдау, сұйықты қоспаны даярлау және оны ҚСАЖ кезінде сораптық қондырғы қабылдауына беру қызметін атқарады.
4ПА және УСП-50 қондырғысына бекітілген екі пневмовибратордан, тиеу және жұмыс шнектерінен, гидравликалық араластыру камерасынан, қалқымалы деңгей реттегішті араластырғыштан, қабылдау және бөлшектеу коллекторынан және ортадан тепкіш құмдық құрылғылардан тұрады.
Агрегат бункерінің түбі конус тәрізді және екі бірдей отсекке екі түрлі фракциялы құмды тасымалдау үшін бөлінген. Бункерді тексеру және тазалау үшін әрбір отсектің қақпағында люк бар. Люктен бункерге қатты түйіршектер түспеу үшін тор орнатылған.
ҚСАЖ үшін қолданылатын жер үсті жабдықтарына БМ (манифольд блогы), саға арматурасы, жер асты жабдығына СКҚ тізбегі, пакер, зәкір жатады
Манифольд блогы БМ ҚСАЖ кезінде СҚ-ды бір – бірімен және сағалық жабдықтармен жалғастыру қызметін атқарады.
БМ екі түрлі: 1 БМ-700 қалыпты жұмыс аймағы үшін және 1БМ-700С салқын климатты аймақ үшін шығарылған.
Саға арматурасы СКҚ тізбегін скважина сағасының саңылаусыздығын бұзбай көтеріліп – түсірілуін қамтамасыз етеді.
Саға арматурасы құбырлар мен сағалық бас және оларды жалғау элементтерімен тұрады:

  1. Құбырлық бас сораптық қондырғыға скважина үстіне түсірілген СКҚ тізбегін;

  2. Саағалық бас сораптық қондырғыны құбыраралық кеңістікпен жалғастыру үшін қажет.

ҚСАЖ үшін пакер пайдалану тізбегін жоғарға қысым әсерінен сақтау қызметін атқарады. ҚСАЖ үшін қолданылатын пакер түрлері:

  1. ПНМШ- пакер (П) төменге бағытталған (Н) қысым өзгерісінен күшті қабылдауда, отырғызылуы мен босатылу әдісі механикалық (М), шмепст (Ш)

  2. ПНГС- отырғызылу әдісі гидравликалық (Г) күкірт сутекті тұрақты орындалған (К);

  3. ПНГС-өзі нығыздалынған (С)

ҚСАЖ кезінде қысымдар өзгерісі пакерді құбырлар тізбегінің үстінен ығыстырылатын күш әсер етеді. Сол пакер ығысуын жою үшін және құбырлар тізбегін босату үшін зәкір қолданылады.
Гидравликалық әрекетті 2П плашкі тәрізді зәкірлер үш түрлі диаметрлі пайдалану тізбегі үшін шығарылады:146,168,249мм.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет