Сабақ жоспары: Жүрек етінің неізгі функциясын анықтайтын өткігзгіш жүйесінің құрылымы



бет4/10
Дата22.12.2021
өлшемі75,95 Kb.
#127567
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
практика-1

3. Жүрек жұмысының циклы. Жүрек камералырыңың жиырылуы систола, босаңсынуы – диастола деп аталады. Нормада жүрек жиырылуларының жиілігі минутына 60-80 болуы керек. Жүрек жұмысының циклы жүрекшелердің систоласындан басталады. Циклдың минутына 75 ұру болғанда жалпы мерзімі 0,8 с. құрайды. қарыншалардың систоласының ұзақтығы 0,33 с. тең. Ол 2 кезеңнен тұрады: күш салу кезеңі, ұзақтығы 0,08 с, және қуылу – 0,25 с. күш салу кезеңі екі фазаға бөлінеді: асинхронық жиырылу фазасы, ұзақтығы 0,05 с, және 0,03 с. изометриялық жиырылу фазасы.

Асинхрондық жиырылу фазасында қарыншалараралық қақпақ миокард талшықтарының асинхрондық жиырылуы болады. Кейін жиырылу синхронды болып, барлық миокардты қамтиды. Қарыншалардағы қысым үлкейіп, атриовентикуляр қақпақтар жабылады. Бірақ оның үлкендігі жарым ай қақпақтарды ашу үшін жеткіліксіз. Изометриялық жиырылу фазасы басталады (бұлшық еттік талшықтар қысқармайды, бірақ олардың жиырылу күші және қарыншалар қуысындағы қысым көтеріледі). Солда 80 мм. рт. ст., оңда 15-20 мм.рт.ст. жеткенде қолқалық және пульмоналдық жарым ай түріндегі қақпақтары ашылады. Қуылу кезеңі басталады. Ол 0,25 с жалғасады және жылдам және жәй фазаларын бөлінеді. Жылдам қуу фазасы 0,12 с, жәй фаза – 0,13 с. жалғасады. Жылдам қуылу фазасында қарыншалардағы қысым тиісті қантамырларына қарағанда айтарлықтай жоғары, сондықтан олардан қан тез шығады. Бірақ қантамырларындағы қысым көтерілуі себепті, қан шығуы бәсеңкірейді.

Қан қарыншалардан қуылғаннан кейін қарыншалардың диастоласы басталады. Оның ұзақтылығы 0,47 с. болып, протодиастоликалық кезең, изометриялық босаңсу кезеңі, толу және преситолалық кезеңдерге бөлінеді. Протодиастоликалық кезең ұзақтығы 0,04 с. Ол кезде қарыншалар миокардының босаңсынуы басталады. Оларда қысым қолқа және өкпе артериясына қарағанда төмендеу бола бастайды, сондықтан жарым ай қақпақшалар жабылады. Одан кейін изометриялық босаңсу кезеңі басталады. Оның ұзақтығы 0,08 с. Бұл кезеңде барлық қақпақтар жабық, босаңсу миокард талшықтарының ұзындығы өзгермей болады. Қарыншалардағы қысымның төмендеуі жалғасады. Ол 0-ге дейін төмендегенде, атриовентикуляр қақпақтар ашылады. 0,25 с. уақыт алатын толу кезеңі басталады. Ол 0,08 с. тез толу және 0,17 с. жалғасатын жәй толу кезеңдерін қамтиды. Қарыншалар белсенді емес түрде қанмен толғаннан кейін жүрекшелердің систоласы болатын преситоликалық кезең басталады. Оның ұзақтылығы 0,1 с. Бұл кезеңде қарыншаларға қосымша қан келіп түседі. Жүрекшелердегі систола кезеңіндегі қан қысымы солда 8-15 мм.рт.ст., ал оңда 3-8 мм.рт.ст. құрайды.

Протодиастоликалық кезең басталғаннан пресистоликалық кезеңге дейінгі уақыт аралығы жалпы кідіріс деп аталады. Оның ұзақтығы 0,4 с. Жалпы кідіріс кезінде кардиомиоциттердің энергетикалық қоры толтырылады, олардан зат алмасыну өнімдерінің, калий және натрий иондары шығарылып, оттегімен шылықтырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет