Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет37/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
VIІ.Сергіту сәті.

Есептедік, шаршадық,

Орнымыздан тұрайық.

Қимылдатып аяқты,

Шапалақты ұрайық.
Отырайық, тұрайық,

Соқтығысып қалмайық.

Сәл демалып алған соң,

Жазуды қайта жалғайық.



Математика 21.09.15ж

Тақырыбы: Есеп. Есеп шығаруға дайындық

Сабақтың мақсаты: 1. Қарапайым түсініктер тақырыбы бойынша еркін игеруге тиісті қандай деңгейде білетінін анықтау.

2. Алған білім деңгейін дамыту.

3. Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың көрнекілігі:геометриялық фигуралар, кесінді, суреттер.

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: қайталау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен-

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.



ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру:

1.-Кітап пен дәптердің саны қанша?

-Қалың кітап нешеу?

-Жұқа кітап нешеу?

- Не артық?

- Не кем? (сурет бойынша.)

-Қайсысы ұзын, қайсысы қысқа?



2.Геометриялық фигураларды ата.

ІV. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V.Оқушының білім деңгейін анықтау.

а) Өзіндік жұмыс.

1.Он таяқша сыз.


№3.Саны көп фигураны қорша.

Нүктені -көк сиямен боя.

Түзу сызықты – қызыл сиямен боя.

Сәулені –сары сиямен боя.

Қисық сызықты – жасыл сиямен боя.

VI.Сергіту сәті.

Бір-иілеміз,шалқаямыз,

Екі-алақанды үш соғамыз.

Басымызды үш изеп,

Төрт дегенде қол соғамыз.

Бес, алты дегенде

Орнымызға отырам



ҮІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз өз білімімізді еске түсіріп пысықтадық.

5.Орындаған жұмыстарынан білім деңгейін анықтапалу. 1) Салыстыру. 2) Сонша 3) Кесінді. 4) Фигураны ажырата біледіҮ.Үйге тапсырма ҮІ. Бағалау



















Математика.

Сабақтың тақырыбы: 1 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты:

1 санының мән мағынасын ашу,

1 саны және цифры туралы түсінік беру

1 цифрын жазып үйрену.

См туралы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі:

Геометриялық фигуралар, әр түрлі заттардың шаблоны.



Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.

Дайындық , тәртіп ,түгендеу.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



.Психологиялық дайындық.

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен-

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.



.Өткен сабақты еске түсіру:

1.Геометриялық фигуралар тақтада ілінеді,мұғалімнің айтқан фигураны оқушылар көрсету керек.

2.Тура және кері санау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

Практикалық жұмыс:

1. Сыныпта барлығы неше ұл? ... есімді нешеу?

2. Көп заттың ішінен бір затты бөліп алу,оның санын анықтау.

3.Геометриялық фигуралармен жұмыс.

4. Оқулықпен жұмыс:

1см


1 цифрымен таңыстыру

Сергіту сәті:

Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық.

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.

1) Қара өрік-1 Шие-1 Өрік-1

2 ) Суреттегі нәрселерді санату. Тек біреу болса ғана, 1 деген жазуы бар қорапқа салғызу.

3. 7 алманы кірпі 1 алмадан неше рет тасиды?

4. Бірінші қатардағы заттардың санын анықтау.(жеке-жеке)

5. Құстардың ішінде пілдің суреті тұрғаны дұрыс па?



Дәптермен жұмыс:

1 цифрын жазу. 1- ден 10-ға дейін оң санау. 10-нан 1-ге дейін кері санау

Кесінді сыз – 1см, шаршы сыз қабырғалары 1см

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен қанша саны және цифрымен таныстық?

ҮІІ.Үйге тапсырма.1 цифрын жазу.

Бағалау: жұлдызша арқылы


Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 1. 2 саны және цифрымен таныстыру

2. 2 цифрын таза жазып үйрену.

3. 2 цифры мен заттардың санын сәйкестендіре білуді үйрете отырып, білімін тереңдете түсу.

Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, әр түрлі заттардың шаблоны

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы пысықтау

ІІІ.Білімді еске түсіру.

«Ойлан , тап» ойыны. Мен адам туралы жұмбақ жасырамын, сендер оны шешіп көріңдер:1. Екі шырақтың арасында мен жалғызбын( мұрын)

2.Біреуі сөйлейді, екеуі қарайды, екеуі тыңдайды ( тіл, көз, құлақ)



  1. Өмір бойы бірін – бірі өкшелей жүрсе де бір-бірінен озып кете алмайды( аяқ)

  2. Апалы- сіңілілі екі еңбекқор, шабады салады қазады,Жүйектегі арамшөпті жұлады, Бірін-бірі жуады(қол)

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Сыныпта ұл да, қыз да көп. Ұлдың ішінен бір ұлды, немесе екі қызды бөліп алып, санды сәйкестендіру. - Менің қолымда неше алма бар?-1 алма 2 алма болу үшін не істеу керек?-Тағы бір алма қосу керек.Осындай жаттығудың нәтижесінде 2 санын шығарып алу қорытындысын оқушылар өздері жасайды.

ә) Полотноға бір көк, екі қызыл дөңгелек қыстыртып салыстыру. Қандай дөңгелек көп? Қандай дөңгелек аз? Демек,1 ≤ 2. 2>1-ден. 2-1 азайтса1 шығады. 1+1 қосса 2 шығады.

Сергіту сәті:

Бірден кейін тұрамын

Бірден кейін тұрағым.

1-ді 1-ге қосқанда

Мен шығамын шырағым.

Ү.Жаңа білімді бекіту.

1) Суреттен 2 санын бөліп алу.

2 ) Қорапта не бар?

2 см

-2 деген қорапқа нені саламыз? -2 капуста, 2 қияр, 2 көк бұрыш.

3) Дәптермен жұмыс

2 Цифрын ауада жазып,дәптерге жазып үйрену. 1- ден 10-ға дейін оң санау. 10-нан 1-ге дейін кері санау.

ҮІ. Дәптермен жұмыс

№1 Суретте бейнеленген заттардың санына сәйкес цифрды бояу керек.

№2 Балаларды дәлдікке және көз мөлшермен анықтауға баулу. Сызық бойынша бір тор көзді аттап кетіп, екі тор көзді бастыра сызады.

№3 заттардың жұбын анықтауға және 2 цифрын жазуға көңіл аудару



VII.Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен қанша саны және цифрымен таныстық?

Бір дегенім-бөрік

Кисең бойға көрік

Екі дегенім-етік

Киеді сәнді етіп

ҮІІI. Үйге тапсырма

ІX. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты: 1. Қосу және азайту таңбаларымен таныстыру (+)және(-) таңбаларын енгізу арқылы қосу және азайту амалдарын жазуды үйрету.

2. Ұқыптылыққа баулу.

3. Қосу және азайту амалдары ұғымын қалыптастыра отырып, олардың негізінде топтарды біріктіру және ажырату екенін көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа сабақ:

а) Үлестірмелі материалдардың көмегімен 1+1 деп жазып, 2-1 түсіндіру.

ә) Оқулықпен жұмыс:

Сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру.

1 шаршыға тағы 1 шаршыны қосқанда 2 шаршы болады. 1+1=2

1 дөңгелекке 1 дөңгелекті қосқанда 2 дөңгелек болады. 1+1=2

2 дөңгелектен 1 дөңгелекті алып тастаса,1 дөңгелек қалады. 2-1=1




Сергіту сәті:

Бірден кейін тұрамын Бірден кейін тұрағым.

1-ді 1-ге қосқанда Мен шығамын шырағым.

Ү. Жаңа білімді бекіту.

1) Бір бала сабаққа ерте келді.Одан кейін тағы бір бала келді. Қанша бала болды.

2) Дәптермен жұмыс

«+».»-«таңбаларын қандай жағдайда қолдану керектігін түсіндіріп торқөздерге қажет сандарды жазу.

Ұзындығын салыстыру.

№1 қандай жағдайда біріктіру және бөліп алу бейнеленген.

№2 «+» және «-» таңбаларын және 1 мен 2 цифрларын жазуға үйрету

№3 цифрлар мен таңбаларды таңдай алады.

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен +,- таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық?

ҮІІ. Мадақтау



20. Сабақтың тақырыбы: 2 санының құрамы . Сандарды салыстыру.

Сабақтың мақсаты: 1. 2 санының 2 бірліктен тұратынын , қосудың нәтижесін белгісін пайдаланып жазуды, 2 ден 1-ді азайтқанда 1 шығатынын түсіндіру. 2. Ұқыптылыққа баулу. 3. Теңдік , теңсіздік ұғымын қалыптастыру. Сана сезімін ой-өрісін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау 2 санын қалай шығарып алдық.Саны неше бірліктен тұрады?

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ: а) Демонстрациялау арқылы түсіндіру.-Сол қолымда неше дәптер бар?

-бір. -Оң қолымда неше дәптер бар? Сол қолымдағы дәптерді оң қолыма қосып ұстап, біз не істедік? -Көк дәптерді ,қызыл дәптерге қостық. Оны амал таңбаларын қолданып жазып көрейік: 1+1=2 Осылай 2-1=1 теңдігін де түсіндіремін. ә) 2- ні 2- мен, 2 мен 1-ді, 1 мен 1-ді салыстырып,салыстыру ережесін тақтаға жазу. 2=2 2>1 1=1 1<2` теңдік ,теңсіздік таңбасымен таныстыру.

Оқулықпен жұмыс:










1-2 сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндіру.

салыстыру. 2>1 1<2 Бұлар теңсіздіктер

2=2 1=1 Бұлар теңдіктер.

4.Өлше салыстыр.

Сергіту сәті:

ҮІ. Сабақты қорытындылау:

Бүгін біз сендермен <, >, = таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық?



ҮІІ. Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: 0саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 1. 0 санының мағынасын , пайда болуын, қатардағы орнын білу.

2.Ұқыптылыққа баулу.

3 .Теңдік , теңсіздік таңбаларын дұрыс пайдалана білу іскерліктерін дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген тапсырманы тексеру, сұрау,

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-2 санын қалай шығарып алдық.Саны неше бірліктен тұрады?



2>1 1<2 2=2 1=1

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Түсіндіру.-2 дәптер бар еді 2 оқушыға бердік Дәптер қалды ма?

2-2=0


3) 1 алманы 1 оқушыға бере салсақ, неше алма қалады? 2-2=0 1-1=0

ә) Оқулықпен жұмыс: 1)1-1=0 2) 0+1=1 2+0=2



Оқулықпен жұмыс:










1-2 сурет бойынша 1+1, 2-1 жазуын түсіндір

№3 0санымен 1,2 санын салыстыруТеңсіздіктерді дұрыс оқып үйрену.

Сергіту сәті:

Ү. Жаңа білімді бекіту.

Шығармашылық жұмыс. ? белгісінің орнында қандай фигура бар?( бесбұрыш)

7) Дәптермен жұмыс. 1-ші суретке қажет санды сәйкестендіру.0 цифрын жазып үйрену

0,1,2, қатарын жазу. Сандар қатарында 0 нешінші орында тұрады.?



Кел, ойнайық! «Себетті толтыр»

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен <, >, = таңбаларын қандай жағдайда пайдаландық?Қандай санмен таныстық?

Мадақтау

Сабақтың тақырыбы: 3 саны және цифры.

Сабақтың мақсаты: 1. 3 саны жәнецифры. Үш бұрыштың элементтері жайлы түсінік беру.

2. Тапқырлыққа баулу.

3. Қабылдау қабілетін дамыту

Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ .Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

-0 санының сандар қатарындағы орнын айт.



  1. 2.>1 1>0 2>0 өрнектерін оқы не деп аталады? 2=2 1=1 0=0 не деп оқылады.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:

а) Түсіндіру:3 санының пайда болуымен таныстыру. 2+1

Демек, 2 санына 1 санын қоссақ,3 саны шығады. 3 дегеніміз 2 мен 1-дің қосындысы.

2 1


3 санының алдындағы санның қанша екенін табу әдісін үйрету.

3-1 =2 2-1=1 1-1=0




0

1

2

3

Сергіту сәті:



Ү. Жаңа білімді тексеру. -2 санын, 3санын қалай шығарып аламыз?-3,2,1 санының алдындағы қандай сан?-Оны қалай білдіңдер?

ҮІ. Жаңа білімді бекіту.

1-сурет. 2қ+1қ=3 қ

2-сурет. 3тікұ-1 тікұ=2 тікұ.

3- сурет. Үшбұрыштың қабырғалары кесінділер. Үшбұрыштың қабырғалары сәулелер.



7) Дәптермен жұмыс. 3 цифрын жазып үйрену.0,1,2, 3 қатарын жазу.

Сандар қатарында 3 нешінші орында тұрады.?


ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен қай санды білдік?3 санын қалай шығарып аламыз?

Сабақтың тақырыбы: 3 санының құрамы.

Сабақтың мақсаты: 1. 3. санының құрамы туралы түсінік беру.

2. Ұқыптылыққа баулу.

3. 3 санының атауын дұрыс атай білу дағдысын қалып тастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Таңбалар, цифрлар.

Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың мазмұны.

І Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.


  1. 2+1=3 1+1+1=3 0+3=3

  2. 2+1=3 3-1=2 3-2=1

  3. 0+3=3 3+0=3

ІІІ Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа сабақ: а) Түсіндіру:3 санының пайда болуымен таныстыру. 2+1 1+1+1 0+3 1+2

Демек, 2 санына 1 санын қоссақ,3 саны шығады. 3 дегеніміз 2 мен 1-дің қосындысы.



  1. мен 2-ң қосындысы. 0 мен 3-тің қосындысы.

ә) Оқулықпен жұмыс: Теңдік қалай құрылғанын түсіндіру.2+1=3 1+2=3

3-1=2 3-2=1



  1. Теңдік құру. 2 кесе+1 кесе=3 кесе

3кесе-1 кесе=2кесе.

  1. Салыстыру. 0 * 1 0*2 0*3

1*2 1*3 2*3

  1. Шығармашылық жұмыс: Әр суретте неше үшбұрыш бар?

Сергіту сәті:

Үйімде бар үш қалам, Үш досымды салдым мен,

Үшеуін де ұштағам. Үш балықты ұстаған.

Ү. Жаңа білімді бекіту.

-2 санын, 3 санын қалай шығарып аламыз? -3,2,1 санының алдындағы қандай сан?

-Оны қалай білдіңдер?
Дәптермен жұмыс. 3 цифрын жазып үйрену.0,1,2, 3 қатарын жазу.

Сандар қатарында 3 нешінші орында тұрады.?



ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен қай санның құрамын білдік?

3 санын қалай шығарып аламыз?



Сабақтың тақырыбы: Өрнек. Қосынды. Қосындының мәні.

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды «өрнек»,қосу амалымен байланысты қарапайым төрнек атауы - «қосындымен» және оның мәні – «қосындының мәнімен» таныстыру.

2. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Байқампаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:таратпа материал,геометриялық фигуралар.

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру барысы: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру. Жалпы математика сабағынан «Қарапайым түсініктер» тарауы бойынша осы уақытқа дейін алған білімдерін көрсету. 1.« Геометриялық фигуралар» бойынша.

2. Осы уақытқа дейін қандай сандармен таныстық?

- 0, 1, 2, 3. - Ендеше осы сандарға байланысты қандай сергіту жұмысын білетін едік?

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.



Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

3.Тура,кері санату.

4. «Санамақ» айту.

6.Ауызша есептеулер.

1+1 2-1 3+0

0+2 1-1 3-0

1+0 1-0 2-2

2+1 2-0
ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІV. Жаңа сабақ:

1.Мұғалімнің түсіндіруң түсіндіру:

а/ 2+1 3-1 Бұлар өрнектер.

1+1 3-2

ә/ Жұмбақ жасыру.

Қарап сүт пен қаймақты,

Көзін шоқтай жайнатты.

Тышқан көрсе тықыршып,

Бола қалар айбатты. /Мысық/

2+1=3-теңдік

2+1 - қосынды.

3-қосындының мәні.

V. Жаңа білімді бекіту.

№1(ауызша)

1+1 2+1 1+1

0+1 1+3 1+0 3+1 Бұлар не? 2+1- не? 3-1- не?

№2. Қосындыны оқу.Қосындының мәнін тап:

1+1 2+1 1+2

№4. «Көршісін» тап.

0 ... 2 ... 1....

... 2 ... ... ... 3

VІ.Сергіту сәті.

Үйімде бар үш қалам,

Үш досымды салдым мен,

Үшеуін де ұштағам.

Үш балықты ұстаған.

VІІ. Дәптермен жұмыс.

5-47-бетті орындау.



ҮІІ. Сабақты қорытындылау:

-Бүгінгі сабақта не жайында білдік?

-Егер өрнек қосу түрінде болса, ол қалай аталады?
Сабақтың тақырыбы:Өрнек.Айырма.Айырманың мәні.Азайтудың компоненттері. 50-53 бет.

Сабақтың мақсаты:


  1. Оқушыларды азайту амалындағы сандардың атаулары(«азайғыш», «азайтқыш») туралы түсінік беру.Өрнектерді оқи білуге үйрету.

  2. Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Ауызша есептеу жылдамдығын,шапшандығын жетілдіру.

  1. Алғырлыққа,ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар, таңбалар, суреттер .

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Оқушылар:

Сабаққа біз әзірміз,

Жалқаулықты қоямыз.

Үздік оқып әрқашан,

Кілең бестік аламыз.

Мұғалім:

1,2,3,


Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру:

а) 1+1 2+1

- Не деп аталады?

ә) Өрнекті оқытып, мәнін тапқызу. (Ауызша)

1+0= 1+1= 0+2= 0+1= 2+1= 0+3= 1+1+1=

б) 2+1=3- теңдік.



2+1-қосынды.

3- қосындының мәні.

2-қосылғыш.

1-қосылғыш.

Оқылуы: 2 мен 1-дің қосындысының мәні 3-ке тең.

в)Тура,кері санау.



ІV. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V. Жаңа сабақ:г) Демонстрациялай отырып, азайту амалының компjненттерімен таныстыру.

д) 2-1 - өрнектер. 3-1=2 - теңдік.

3-1 3-1 - айырма

3-1 =2 - теңдік. 3-азайғыш

3-1 - айырма. 1-азайтқыш

2 -айырманың мәні.2- айырманың мәні



VI. Жаңа білімді бекіту.

№1.Өрнектерді оқу.Айырмалар екенін айту.Айырманың мәнін табу.

3-1 1-1 2-1

№2.


Айырманы дұрыс оқу.Айырманың мәнін табу.

2-1 1-1 3-1

№3.Айырмалар құру,мәндерін табу.

3-1 2-1 3-2

№4. «Көршісін» ата.

3...1 ...2... ...1... 2...0



VI.Сергіту сәті.

Есептедік, шаршадық,

Орнымыздан тұрайық.

Қимылдатып аяқты,

Шапалақты ұрайық.
Отырайық, тұрайық,

Соқтығысып қалмайық.

Сәл демалып алған соң,

Жазуды қайта жалғайық.



VII.Дәптермен жұмыс.

2-1=3-1=1-1=3-0=

2-2 = 3-2 = 3-3= 2-0=

2-1-1=1-0=

6.(ауызша)



VІІІ.Сергіту сәті.

Бас бармағым - алғашқы,

Балаң үйрек - жалғасы.

Ортан терек - ағасы,

Шылдыр шүмек - нағашы.

Кішкентай бөбек - балақан,

Бәріне ортақ алақан.

ІХ.Қорытынды.

-Не білдік?

-Не үйрендік?

Х. Бағалау.Мадақтау.


Сабақтың тақырыбы: Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.

Сабақтың мақсаты: 1. Қосудың ауыстырымдылық қасиетін түсіндіру және оның мәніне тоқталу.

2.Қосу және азайтудың атаулар жайлы оқушылар ұғымын кеңейтіп,дамыту.

3.Оқушылардың ауызша шапшаі есептеу қабілеттерін дамытып,жылдамдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: геометриялық фигуралар, суреттер .

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық.

Оқушылар:

Сабаққа біз әзірміз,

Жалқаулықты қоямыз.

Үздік оқып әрқашан,

Кілең бестік аламыз.

Мұғалім:

1,2,3,


Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

ІІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) Тура,кері санату.

ә) «Санамақ» айту.

б) Қандай геометриялық фигураларды білеміз?

в) 2=2 1=1 3=3

1+1=2 3-1=2

1+2=3 3-2=1

1+1+1=3 2-1=1Бұл не? - Теңдік.

г) 1<2 2<3 2>1 3>1 3>2 Бұл не? - Теңсіздік.
д) 2+1=3

2+1


3

е) 3-1=2


3-1

2

ІV. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.



V. Жаңа сабақ:

а) Мұғалімнің түсіндіруі.



2+1=3

1+2=3

Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

VІ. Жаңа білімді тексеру.

1.Суретке қарап,қосуға мысалдар құрастыру.

1+2=3

2+1=3


№2.Теңдікті құр. Түсіндір. Жазуды оқы:

№3.Салыстыр:

2*1 2*0 3*1 1*0 3*2 3*0

VІІ.Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.

№4.Балдырғанға қатесін табуға көмекте

VIII.Кел, ойнайық! Үшіншісі артық

ІX.Дәптермен жұмыс.

6.



1+...=3 3-...=2

2+...=3 3-...=1

Х.Сергіту сәті.

Есептедік, шаршадық,

Орнымыздан тұрайық.

Қимылдатып аяқты,

Шапалақты ұрайық.

Отырайық, тұрайық,

Соқтығысып қалмайық.

Сәл демалып алған соң,

Жазуды қайта жалғайық.

ХI.Қорытынды.

Сұрақ-жауап:

-Қосу амалының атауларын ата?

-Азайту амалының атауларын ата?

-Қосу амалында қосылғыштардың орнын ауыстырғаннан не өзгермейді?



ХІI.Бағалау.Мадақтау.

Сабақтың тақырыбы: Қосу мен азайту - өзара кері амалдар. бет

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға қосу мен азайту - өзара кері амалдар екенін түсіндіру.

2.Ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Білімділікке тәрбиелеу.



Сабақтың көрнекілігі: мазмұнды суреттер. .

Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Психологиялық дайындық.

-Кәне, досым, тексерші,

Дайынсың ба сабаққа?

Орнында ма, бүтін бе,

Дәптер,қалам,кітаптар?

Тұр ма сызғыш алдыңда,

Қолыңда ма қарындаш?

ІІІ.Өткен сабақтан алған білімін тексеру.

а) Ауызша есептеулер:

3-0=3 3-1=2 3-2=1 3-3=0

2-0=2 2-1=1 2-2=0 2-2=0

1-0=1 1-1=0



ә) сұрақ-жауап:

-геометриялық фигураларды ата?

-тура,кері санату.

-қандай таңбаларды білеміз?

-теңдік (теңдіктерге мысал келтір)

3=3 2=2 1=1 0=0 2+1=3 3-1=2 т.б.

-теңсіздік (теңсіздіктерге мысал келтір)

3>0 0<2


1<3 2>1

3>2 0<1


-қосу амалының атауларын ата?




+




=



-азайту амалының атауларын ата?






-




=



б)Қосудың ауыстырымдылық қасиетінің ережесін айту.

2+1=3 1+0=1 0+3=3

1+2=3 0+1=1 3+0=3



Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындының мәні өзгермейді.

ІV. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

V.Жаңа сабақ:

1.Мұғалімнің түсіндіру:

2+1=3

3-1=2


3-2=1

Қосындының мәнінен қосылғыштардың біреуін азайтқанда, екінші (бірінші)

қосылғыш шығады,яғни екі амалдың бір-біріне өзара кері екен.

Қосу амалына азайту амалы кері амал.



VІ.Сергіту сәті.

VII. Жаңа білімді тексеру.

2.Oқулықпен жұмыс.

1.Қосындылар мен айырмаларды оқып,мәндерін тап:(ауызша)

2-1= 2+1= 3-2=

1-1= 3-1= 3-3=

2-2= 1+1=



VIII.Дәптермен жұмыс.

3.Көркем жазу.



0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0 0

2. Теңдіктер құр. Түсіндір. Теңдікті оқы.



Мысалы:

2+1=3


2-1=1

1-1=0


3. Салыстыр:

3*2 3*1 2*1 3*0 2*0 1*0

4. Балдырғанға қатесін табуға көмектес

5. Кел ойнайық! «Үшіншісі артық»



ІХ.Сергіту сәті.

Есептедік, шаршадық,

Орнымыздан тұрайық.

Қимылдатып аяқты,

Шапалақты ұрайық..

6.(жазбаша)


1+1= 2-1= 3-2=

2+1= 3-1= 3-3=

ІХ.Қорытынды.

-Не білдік?

-Не үйрендік?



Х.Бағалау.Мадақтау.

ХІ.Үйге:ережені қайталап,келу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет