Сабақ жоспары Практикалық сабақ



бет8/13
Дата29.01.2017
өлшемі1,25 Mb.
#8210
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


Композиция


Композиция – латынның "compositio" ойлап шығару, "құрастыру" деген сөзінен шыққан ұғым.

Кез келген суретті салу композициядан басталады. Композиция дегеніміз салынатын суреттегі барлық бөліктерді байланыстырып, орынды құрастыру, үйлестіру. Сурет мазмұнын ашу, пішінді нақты табу, шығарма көлемін табу т.б. дұрыс беру композициялық құрылым элементтеріне байланысты. Үйлесімділік құрылымы күшті көркем шығарма адамға айрықша әсер етеді. Үйлестіру мен сюжет өзара тығыз байланыста болады. Сюжет дегеніміз шығарманың мазмұнының көрінісі, оқиғалар жүйесі. Компзициялық шешімде симметрия және ассимметрия үлкен рөл атқарады, және оның түстік, реңдік қатнастары өте маңызды.

Яғни форматқа сурет ішіндегі бейнелерді белгілі бір ретпен ыңғайластырып, жарасымды орналастыруы. Дұрыс композициялық шешімдер арқылы бейнелейтін көріністі шашыратпауға, ұсақ бөлшектердің, басты назар аударылуы қажет басты бөлшектердің ерекшеліктерін көру қажет. Суретші өз шығармасында айтпақ ойы анық әрі әсерлі болу үшін онда бейнеленетін адамдар мен оларды қоршаған нәрселерді белгілі бір ретпен орналастыруға көп көңіл бөледі. Әдетте шығармада оқиғаның негізгі өтетін және басты кейіпкерлер орналасатын белгілі бір орталық болады. Қайта өрлеу дәуірінің шеберлері өз шығармаларында бас кейіпкерлерін әдетте қақ ортаға орналастырған. Композицияның одан да басқа шешімдері бола береді




Сөздік
Айрықша – особенно

Тығыз байланыста – тесно связана

Үйлесімділік – соответствие

Жүйе – система

Решения – шешімдер

Шығарма - произведение

Әсерлі – значимое

Қоршаған нәрселер – окружающие предметы

Ретпен – по порядку

Ұғым – понятие

Басты кейіпкерлер – главные герои

Орналастыру – поместить



Өз түсінігіңізді айқындайтын сұрақтар:

  1. Суретті салу неден басталады?

  2. Композициялық құрылым элементтері неге байланысты?

  3. Композиция дегеніміз не?

  4. Композиция деген сөз қайдан шыққан ұғым?

  5. Шеберлер шығармаларында кімді қақ ортаға орналастырған?

  6. Композиция дегеніміз қай елдің сөзі?


Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Берілген сұрақтарды пайдалана отырып, тақырып бойынша өзара әңгімелесіңіздер.

3. Мәтін мазмұнын қазақша баяндаңыз.

4. Мәтіннен етістіктерді теріп жазып:

салынып жатыр, қалап тұр етістіктерін жекеше, көпше түрде жіктеңіз



5. Сөйлемдердегі сөз таптарды аңықтаныз:

Біздің қалада қоршаған ортаны қорғау бойынша жобада ескерілген шараларды қамтамасыз етуге айрықша көңіл бөлінеді.Шеберлер өздерінің шығармаларында бас кейіпкерлерін әдетте қақ ортаға орналастырған. Әрленетін беттерге бояу құрамы қолмен және механикаланған тәсілмен қондырылады. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс табуы тиіс. Суретті салғанда композициялық жағынан дұрыс орналасуын қадағалаймыз.



6. Қазақ тіліне аударыңыз:

Любой, даже самый мастерски исполненный рисунок можно испортить неправильной композицией. Композиция — это не только умение грамотно расположить объекты в плоскости рисунка, объединить их в единое целое, но и умение заинтересовать зрителя, привлечь его взгляд к своей работе. Чаще всего художник находит правильную композицию по наитию, это надо чувствовать, но это не значит, что этому нельзя научиться.



7.Мына тақпақ бойынша салынған сурет қай жанрға жатады?

Далаға жайып көк жібек,

Өзен боп өзі мөлдіреп,

Гүл болып қызыл желбіреп,

Көктем сұлу келеді

Құшағын жайып елжіреп.



8. Көп нүктенің орнына дұрыс жалғауларды қойыңыз.

Композиция жасағанда, зат... өзіне қарап көп жұмыс істеуді дағдыға айналдырған дұрыс. Көре білу, көргенді есте сақтау қабілеттер... шындай отырып, қоршаған орта... сұлу келбетін, әсерлі сәттер... бейнелей білу үлкен талант. Әдетте, шығарма... оқиғаның негізгі өтетін және басты кейіпкер... орналасатын белгілі бір орталық болады. Қайта өрлеу дәуірінің шеберлер... өз шығармаларында бас кейіпкерлер... әдетте қақ ортаға орналастырған. Композиция... одан да басқа шешімдер... бола береді.



9. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.

Практикалық сабақ№15



Мақсаты: грамматикалық жаттығулар арқылы білімдерін жинақтау, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, мәтін бойынша теориялық білімдерін қорытындылау.

Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сөздік жұмысы.

3.Мәтін бойынша жұмыс

4.Жаттығу орындау
Өнер мәңгі бақи өмір сүреді. Ол біздің түкке тұрмайтын толғаныстарымыздың үстінен сан мың жылдар бойы жұлдыздар шоғыры болып жарқырайды…

Сергей Калмыков.


Тапсырмалар


1. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз:

құстар, сүйсіне, азаттық, жаппай, дағдылы, тәсіл, басқыншы, табиғат,сүйіспеншілік.



2. Қазақ тіліне аударыңыз:

Натюрморт – изображение так называемой мёртвой природы. Наиболее точным определением для такого жанра как натюрморт, является - застывшая жизнь.Многообразие этого жанра проявляется в различных формах и интерпретациях в изображении предметных композиций. Темы для натюрмортов поражают любителей живописи своим многообразием.

И варьируются от традиционных натюрмортов с цветами, фруктами, дичью, предметами быта, посуды, до аллегорических, тематических и исторических натюрмортов несущих в себе особый философский смысл. Существует особый жанр натюрморта, так называемые натюрморты обманки, в которых предметы изображаются настолько реально, что создаётся иллюзия настоящей жизни. Натюрморт на протяжении многих веков является неотьемлимой частью интерьера.

3. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын қойыңыз:

Натюрморт жанры бізді қоршаған орта ... кездесетін заттар ... , гүлдер ... , жемістер ... бейнелейді. Пейзаж, натюрморт, сәндік эскиз, интерьер жасағанда да әр бөлікті ой елегі... сан қайтара өткізіп, жөндеп, түзетумен ғана табыс... қол жеткізуге болады. Салып отырған заты... өзіне қарап, салыстырып, ұқсамаған жерлер... түзетіп, қайта жөндеу... суретші өзінің шығарма... аяқтайды.

4. Сөздіктің көмегімен мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

5. Берілген сын есімдерді зат есімдермен тіркестіріңіз:

Биік, ақ, табиғи, жасанды, ұлғаймалы, материалдық, жақсы, белсенді, күшті, құрғақ, ұнтақ тәрізді, қамыр тәрізді.



6. Берілген зат есімдерден сын есімдер жасаңыз:

Бейне, шығарма, өнер, көңіл, материал, қолдан, технология, табиғат, кешен, ақыл.


7.Сөйлемдердегі етістіктерді теріп алып, болымсыз етістік формасына қойыңыз.

Халқымыз табиғатты аялап,одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша,тал қалсын» деген оның айғағы.Адам өзіне қажетті тамақ өнімдерін табиғаттан алады. Бейнелеу өнерінің барлық жанрындағы шығармалары мазмұнына қарай монументальді – сәндік және қондырмалы шығармалар негізінен музейлер, галереялар немесе үй интерьерлерін безендіріп, сол жерлерде орналасады. Монументальді мүсін архитектура кешендерде, қала көшелері мен алаңдарда, мекеме ғимараттарының қасбеті мен интерьерлерінде орналасады. Бейнелеу өнеріне тарихи даму процесі барысында қалыптасқан портрет, пейзаж, натюрморт сияқты жанрлар ортақ.

Практикалық сабақ№16

Мақсаты: сөз таптарын грамматикалық жаттығулар арқылы қайталау; зат есім жасайтын жұрнақтарын пысықтау; ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту, мәтін бойынша теориялық білімдерін қорытындылау.

Көрнекіліктер :мәтін,карточкалар

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Сөздік жұмысы.

3.Мәтін бойынша жұмыс

4.Жаттығу орындау
Өнер мәңгі бақи өмір сүреді. Ол біздің түкке тұрмайтын толғаныстарымыздың үстінен сан мың жылдар бойы жұлдыздар шоғыры болып жарқырайды
Сергей Калмыков.


Перспектива
Перспектива - бір шаршы кенепте қағаздың бетінде кеңістікті қалай бейнелеу туралы ілім. Ол бізге көз алдымыздағы болмысты сол көрініп тұрған қалпында бейнелеуге мүмкіндік береді.

Перспективаның заңдары өте көп, соның ең басты екеуін суретшілер қалайда білуге тиісті. Біріншісі, зат бізден неғұрлым алыс тұрса, ол солғұрлым кішкентай боп көрінеді. Екіншісі, параллель сызықтар бізден алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысып тынады.

Перспектива заңдылығын алғаш ашқандардың бірі - Қайта өрлеу дәуіріндегі атақты итальян сәулетшісі және суретшісі Брунемески. Оны зерттеумен Паоло Учелло, Пьероделла Франческа, Леон - Баттиста Альбертилер және сол дәуірдегі басқа да итальян суретшілері шұғылданған.
Сөздік
Кеңістік – пространство

Көкжиек – горизонт

Тоғысу – сойтись в одном месте

Неғұрлым – поскольку, насколько

Солғұрлым – настолько

Кенептер – холсты



Cөйлемдерді қазақ тіліне аударып, зат есімдерді көпше түрге айналдырындар жасаңыз: .

Перспектива — наука об изображении предметов в пространстве на плоскости или какой-либо поверхности в соответствии с теми кажущимися сокращениями их размеров, изменениями очертаний формы и светотеневых отношений, которые наблюдаются в натуре.Способ изображения объемных тел, передающий их собственную пространственную структуру и расположение в пространстве. В изобразительном искусстве возможно различное применение перспективы, которая используется как одно из художественных средств, усиливающих выразительность образов.



Зат есім
Заттың, нәрсенің атын білдіретін атау сөздер зат есім деп аталады. Зат есімдер кім ? не ? деген сұрақтарға жауап береді.

Қазақ тілінде кім ? деген сұрақ тек қана адамдарға қойылады.




Құрамына қарай

Дара

сала

Күрделі

жеміс - жидектер

Тұлғасына қарай

Негізгі

жұмыс

Туынды

жұмысшы

Мағынасына қарай


Жалпы

сәулетші

Жалқы

Қанат


Тапсырмалар
1. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.

2. Берілген сұрақтарды пайдалана отырып, тақырып бойынша өзара әңгімелесіңіздер.

3. Мәтіннен зат есімдерді тауып, құрамына қарай ажыратыңыз.

4. Төмендегі сөздермен сөз тіркестерін жасаңыз:

құстар, сүйсіне, азаттық, жаппай, дағдылы, тәсіл, басқыншы, табиғат,сүйіспеншілік.



5. Қазақ тіліне аударыңыз:

Натюрморт – изображение так называемой мёртвой природы. Наиболее точным определением для такого жанра как натюрморт, является - застывшая жизнь.Многообразие этого жанра проявляется в различных формах и интерпретациях в изображении предметных композиций. Темы для натюрмортов поражают любителей живописи своим многообразием.

И варьируются от традиционных натюрмортов с цветами, фруктами, дичью, предметами быта, посуды, до аллегорических, тематических и исторических натюрмортов несущих в себе особый философский смысл. Существует особый жанр натюрморта, так называемые натюрморты обманки, в которых предметы изображаются настолько реально, что создаётся иллюзия настоящей жизни. Натюрморт на протяжении многих веков является неотьемлимой частью интерьера.

6. Көп нүктенің орнына қажетті жалғауын қойыңыз:

Натюрморт жанры бізді қоршаған орта ... кездесетін заттар ... , гүлдер ... , жемістер ... бейнелейді. Пейзаж, натюрморт, сәндік эскиз, интерьер жасағанда да әр бөлікті ой елегі... сан қайтара өткізіп, жөндеп, түзетумен ғана табыс... қол жеткізуге болады. Салып отырған заты... өзіне қарап, салыстырып, ұқсамаған жерлер... түзетіп, қайта жөндеу... суретші өзінің шығарма... аяқтайды.



7. Эпиграфты қалай түсінесіз, айтып беріңіз.

Каталог: uploads -> doc -> 125a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
125a -> Сабақ тақырыбы: 1980 жылдардан бергі ақындар айтысы Жалпы мақсат


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет