Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі



Дата13.08.2017
өлшемі454,78 Kb.
#23365
Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім Биоалуантүрлілік және құрып кету



Мектеп: Шымкент қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:10.01.2017 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Үсен Айгүл Мырзакелдіқызы

Кәсіби даму мақсаты

Мәтінді талдату арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру

Сынып: 8 «Е», «Ғ» Т2

Қатысқан оқушылар саны: 9/10

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Биоалуантүрлілік туралы түсінік

Оқу бағдарламасына сілтеме

Т1. Болжау

А2. Сөз мәнері мен сөйлеу этикеті



Сабақтың мақсаты

Мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау.

Кеңес беру, ұсыныс жасау, талап ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу.



Жетістік критерийлері

Тілдік мақсаттар

«ПОПС» формуласы

• Бірінші сөйлем «Менің ойымша, ... »

• Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

• Үшінші сөйлем «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын … »

• Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім ... »


Сабақта қамтылатын құндылықтар

Құрметтеу: оқушыларға мәтін талдату арқылы табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға құрметпен қарауға шақыру;

Пәнаралық байланыс

биология

АКТ қолдану дағдылары

Осы сабақ барысында оқушылар Power Point бағдарламасынан тақырыпқа қатысты көрнекі құралдарды пайдаланып, интербелсенді тақтаны қолданады.

Осыған дейін меңгерілген білім

Бұл бөлімнің тақырыбы өткен және қазіргі кездегі құрып кету мен олардың қозғаушы күштеріне назар аудартатын «Биоалуантүрлілік және құрып кету» болып табылады. Осы бөлім тілдік дағдыларды толассыз меңгеруді білдіреді.

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Басы

15 минут

5 минут

Қызығушылықты ояту

Сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын анықтау



1.Кілемнің түрлеріндей жүндері бар, 


Айбаты жан шыдамас үндері бар. (Жолбарыс) 

2. Жауымнан мен қашқанда


Ағаштарға самғап бағам
Ал қарыным ашқанда
Отырып ап жаңғақ шағам. (Тиін)

3. Басы — тарақ, арты — орақ. (Қораз)

4. Асты тас, үсті тас, 
Ортасында жанды бас. (Тасбақа) 

5. Орманда туып, жетілемін,


Талдан талға секіремін.
Айуан боп өскеніммен,
Тамақ жеймін қос қолыммен.
Әттең үйде тумағанмын,
Әйтпесе ғой құдды адаммын. (Маймыл)

6.Бекінген бір тау теке тұшалау үйге,

Құдайым оны салды мұндай күйге.

Күн шықса жатады салқын үйде,

Күн жауғанда кетеді жапан түзге. (Ұлу)

7. Жеміс-жидек жегенім


Балды жақсы көремін. (Аю)

8.Бір мақұлық мойны жуан, тірсегі ұзын,

Тікпесе өзі етік, сақтар бізін.

Тағы да іске ыңғайлы қайшысы бар,

Іс тігіп көрген де емес еш қызығын. (Шаян)

9. Көк жүзiнде жылжып жай,

Керуен құрған тiзiлiп,

Iлгек-iлгек шынжырдай,

Қалмайды олар үзiлiп? (Тырна)

10. Қырда жүрер ол жортып,

Iнi де жоқ бармайтын.

Құйрығымен бұлтартып,

Қандай аң ол алдайтын? (Түлкi)

11.Бір аң бар қайраты көп, болған күшті 


Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)

12. Тұрқы, түрi

Жылқы тектес жалы бар,

Шөп жеп түрлi,

Түзде өскен жануар.  (Құлан)

14. Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Сегіз тұяғы бар,

Иегінде сақалы бар. (Ешкі)

15. Қанаты бар ұшпайды, 


Жұрт айламен,ұстайды. (Балық) 

16. Ат басты,

Арқар мүйізді,

Бөрі кеуделі,

Бөкен санды,

Қос қанатты,

Құмырсқа ізді,

Бота тірсекті. (Шегіртке) 


Жез бейнелi өзi,

Кең дала еркесi,

Мөп-мөлдiр көзi.  (Киiк)

Оқушыларды оқу мақсаттарымен таныстыру;

Оқушыларды жануарлар мен олардың төлдері арқылы жұптарға бөлу

Арқар төлі – қозықа

Барыс баласы – мәулен

Түлкі баласы – жәудір, мырмай, міршәй

Суыр баласы – мондын

Мысық баласы – марғау, соқыр


https://www.balakai.kz/zhumbaktar/757-zhan-zhanuarlar-zhayly-zhmbatar.html


Ортасы

15 минут

5 минут

2-сабақ

15 минут

15 минут

5 минут

Тыңдалым алды сұрақтар:

  • Биоалуантүрлілік дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Жер бетін мекенеушілердің қанша түрі бар?

  • Жердегі тіршілік неше топқа бөлінеді?


Тыңдалым

«Биоалуантүрлілік дегеніміз не?» тақырыбында бейнежазбаны «Стоп кадр» әдісі арқылы тыңдайды.

00:14 сек. Ғаламшарымда қанша түр бар?

01:02 сек. Организмдердің біріне-бірі ұқсамастай болуының себебі неліктен деп ойлайсыздар?

01:35 сек. Ғалымдар жердегі тіршілікті неше топқа бөлді деп ойлайсыздар?

01:42 сек. Жердегі тіршілік иелерінің ең қарапайым түріне нелер жатады?

02:09 сек. Ішек қуыстылар дегеніміз не, оларға нелер жатады?

02:44 сек. Буынаяқтыларға нелер жатады?

03:30 сек. Ол қандай түр?

03:48 сек. Сүтқоректі жануарлар туралы біз не білеміз? Сүтқоректілерге нелер жатады?

04:02 сек. Қалай ойлайсыздар, өсімдіктер әлемі неше түрге бөлінеді?

04:33 сек. Биоалуантүрлілікті сақтау не үшін қажет?


Сергіту сәті

Жануарлар мен аңдардың төлдерін қалай атайды?



Арқар төлі – қозықа

Барыс баласы – Мәулен

Түлкі баласы – жәудір, мырмай, міршәй

Суыр баласы – мондын

Мысық баласы – марғау, соқыр

Құндыз баласы – құнай

Қоян баласы – көжек

Қасқыр баласы – бөлтірік

Киік төлі – құралай

Жолбарыс баласы – арлан, шөнжік, таутан, сарымақ

Есек баласы – құдыға, көдек, қодық

Елік төлі – еңлік

Бұғы төлі – бұғышақ

Аю баласы – қонжық

Арыстан төлі – алан, абдан
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

Мәтін талдау



Білу

Жердегі тіршілік иелерінің түрлерін атай аласыз ба?



Түсіну

Ішекқуыстылар, буынаяқтылар, сүтқоректілерге анықтама бере аласыз ба?



Қолдану

Тіршілік иелерін сипаттамалары бойынша топтастыра аласыз ба?



Бағалау

Ғалымдарымыз тіршілік иелерін тұрақты бола бермеген тіршілік ету ортасына бейімделе ақырындап өзгеріске ұшыраған деп болжайды. Енді бірінде мұның бәрі кенеттен, мысалы радиация, метеориттің құлауы, немесе климаттың кенеттен өзгерісі секілді әсерден түрлі өзгеріске түскен деп тұжырымдайды. Сіз тіршілік иелерінің өзгеріске ұшырауына тағы да нелер әсер етті деп ойлайсыз?



Жасау

Сіз биоалуантүрлілікті сақтаудың ерекше жаңа жолдарын ұсына аласыз ба?



Қазақстанда биоалуантүрлілікті сақтау және оның проблемалары туралы халыққа ақыл кеңес бере аласыз ба?

Бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек»


Айтылым

Жағдаят

Сіз бір күні достарыңызбен хайуанаттар бағына барып, ондағы мекен етіп жатқан жыртқыш аңдардың жағдайымен, тұрмыс-тіршілігімен танысып қайттыңыз. Бірақ мұнда жағдай сіз ойлағандай емес екен. Өйткені жануарлар бағының ресми сайтында кеселге шалдыққан жануарлардың тізімі мен диагнозы жарияланыпты. Жыл басынан бері хайуанаттар бағында 20 жануар өліпті. Тағы 12 хайуанның жағдайы мүшкіл екен. Олардың қатарында сирек кездесетін амур жолбарысы, қасқыр, явандық макака, капибара мен пони да бар екен. Көздің қарашығындай қорғалуы тиіс аңдардың жаппай өліп жатқаны, хайуандар арасында ауру-сырқаудың жиілеуі сіздің көңіліңізді құлазытты. Хайуанаттар бағындағы жабайы аңдарды аман сақтап қалудың жолдары қандай?



«РАФТ» әдісі

рөл

аудитория

форма

тақырып

Табиғат жанашыры

Хауанаттар бағының қызметкерлері



Кеңес беру

Жабайы жануарларды қорғау



Эколог

Ұсыныс жасау

Қоршаған ортаны қорғау ұйымы

Талап ету

Хайуанаттар бағының директоры

Бұйрық беру

Журналист

хабарландыру




Бағалау «3-2-1»

http://bilimland.kz/kk/content/category/search#p=1&pn=6&s=%D0%B1%D0%B8%D0%BE&lesson=11894




Сабақтың соңы

5 минут



Кері байланыс

«Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының

1 -баспалдағы *Мен.............. БІЛЕМІН*,

2 -баспалдағы *мен.................. ТҮСІНЕМІН*,

3 - баспалдағы *Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН*



Үйге тапсырма

Жойылып кеткен жануарлар туралы мәліметтер іздеу






Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)








Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?


Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:
2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?


Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі: ________________ Турлыбекова С.К.



арқар қозықа

барыс мәулен

түлкі жәудір

суыр мондын

мысық марғау

Тыңдалым мәтіні

Жер бетін мекендеушілер әртүрлі. Біріне-бірі мүлде ұсамайды. Ғаламшарымызда қанша түр бар? Миллион, он миллион, мүмкін елу, қызық-ақ. Дегенмен бірде-бір ғалым осы сұраққа жауап бере алмайды.

Бұл биоәртүрлілік деп аталады. Барлық тіршілік иесінің пайда болғаннан бергі өмірі. Тіршілік біздің ғаламшарымызда 4 миллиард жыл бұрын басталған. Өмір сүру ортасы бірдей болған секілді. Алайда түрлі организмдер алуан түрлі болып қалыптасқан. Бірі – суда тіршілік етсе, бірі аспанға ұшып, бірі- жерді, тіпті жер астын мекен етті. Кейбірі шөппен қоректенетін болса, енді бірі жыртқыш болып қалыптасты. Олардың біріне-бірі ұқсамастай болуының себебі әлі күнге дейін белгісіз. Бұған қатысты бірнеше теория бар. Оның бірінде тіршілік иелері тұрақты бола бермеген тіршілік ету ортасына бейімделе ақырындап өзгеріске ұшыраған деп болжанады. Енді бірінде мұның бәрі кенеттен, мысалы радиация, метеориттің құлауы, немесе климаттың кенеттен өзгерісі секілді әсерден түрлі өзгеріске түскен деп тұжырымдалады. Дегенмен ғалымдар жердегі тіршілікті топтарға жіктеуді назардан тыс қалдырмай келеді. Біріншіден, тіршілік иелері түрлерге бөлінеді. Олардың бірқатарын қарастырып көрелік. Ең қарапайымдардан бастайық.

Ең қарапайым түріне микро организмдер: микробтар, вирустар, бактериялар жатады. Олардың кейбірі көзге шалынбайтындай, тіпті кішкентай болса, енді бірі – көзге көрінерліктей. Қарапайымдар суда және жерде тірлік етеді. Олардың ішінде ұсақ балдырлар, саңырауқұлақтар немесе өзге де қарапайымдармен қоректенетін жыртқыштары да бар.

Келесі түрі – ішек қуыстылар. Оларға медузалар, теңіз маржандары жатады. Олар топ-топ болып тіршілік кешеді. Олардың арасындағы кішкентай және адам бойындай үлкендері кездеседі.Кейбір медузалар улы болады. Олардың уы тіпті өлтіріп жіберердей уытты болады. Әдетте теңіз құбыжығы ретінде бейнеленетін аса зор кальмарлар шындығында омыртқасыз жануар ғана. Кальмарлар алуан түрлі шырышты ұлулар, қабыршықты ұлулармен бір класқа жатады. Ең көп тараған және алуан түрлі түрі бар түрдің бірі – буынаяқтылар.Олардың түрлері өте көп, тіпті басқа түрлердің барлығын қосқанда да олардың санына жетпейді. Олар құрлықта да, әуеде де, суда да, жер астында да кездеседі. Шындығында бұл қабыршақ емес, буынаяқтыларда тек ол сыртқы қаңқа ғана. Ал нағыз қаңқаның белгілері хордалы түрлерде кездесе бастайды. Оларға негізінен балықтар жатады. Олардың омыртқалары дәл осылай «хорда» деп аталады. Бақалар, тритондар, саламандралар, қосмекенділер.Түр атауынан байқалып тұрғандай, олар құрлықта да, суда да тіршілік кешеді. Жыландар, кесірткелер, тасбақалар, қолтырауындар бауырымен жорғалаушыларға жатады. Олар қозғалысының ерекшелігінен жер бауырлап жылжитындығына байланысты осылайша аталады.

Тағы бір түр туралы жеке айтып кеткен жөн. Олар – құстар. Олардың түрлері өте көп. Орнитологтардың (құстарды зерттейтін ғалымдарды осылай атайды) дерегінше, әлемде қанаттылардың 10 жарым мыңға таяу түрі бар.



Ең соңғысы барлық түрлердің ішінде, әр алуандылығымен ерекшеленетін – сүтқоректілер. Бұл топқа емшекпен емізетін, организмде зат түзілетін барлық жануарлар жатады. Сүтқоректілерге адамдар да жатады.Ал біз жататын түрді Хомо Сапиенс (Homo sapiens) деп атайды, саналы адам дегенді білдіреді.

Өсімдіктер әлемі де сан алуан. Олар да бірнеше түрге жіктеледі. Ең күрделісі тұқымды яғни тұқыммен көбейетін түрлер. Бұлар гүлдер, шөптер, ағаштар. Саңырауқылақтар өзінше бір жеке әлем. Айтарлық жайт осы саңырауқұлақтар әлемдегі ең үлкен тірі организмдер болып саналады. Шындығында оның көзге көрінерлік жер бетіндегі бөлігі түбірі мен қалпағы саңырауқұлақ организмінің миллионнан бір бөлігі. Оның ұрығы жер астанда және ол метр немесе километр емес, жүздеген гектарға таралып жатыр.

Биоәртүрлілік табиғаттың жай кездейсоқтығы емес, ол ғаламшардағы тіршіліктің жоғалып кетпеуін қамтамасыз етеді. Мысалы, азықтық тізбекті алып көрелік. Тіршілік иелерінің бір түрі екінші түрімен қоректенеді. Одан бір тізбекті алып тастасақ, бір түрдің жоғалу қаупі туады. Немесе керісінше, егер қандай да бір жыртқыш жоғалып кетсе, ол азық ететін зиянкес шектен тыс көбейіп, адамдарға машақат тудырады. Биоәртүрлілік біздің ғаламшарымыздың ерекше өзгешелігі. Себебі астрономдар осы кезге дейін біздегідей тіршілік иелеріне бай бірде –бір ғалам тапқан жоқ.
Каталог: uploads -> doc -> 0143
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0143 -> Сабақ жоспары 1 «А» сынып Тақырыбы: Colours (Түстер) Мақсаты: Білімділігі: Ағылшын тілінде түстерді атап беруге үйрену, ажырату, қазақ тілімен салыстыру
0143 -> Сабақ Пәні: қазақ тілі Тақырыбы: Жұрнақ пен жалғау Сынып: 2 Өткізген: Нурпеисова Жибек Сакеновна Еңбек өтілі: 19 жыл Санаты: 2 Білімі: жоғары Рудный қаласы 2016 жыл
0143 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «Қозғалыс материяның ажырамас қасиеті»
0143 -> Сабақтың тақырыбы : «Шоқан ғалым, этнограф, жазушы, саяхатшы, суретші» Сабақ эпиграфы : «Шоқанның ұлылығы соншама, біз оны енді ғана толық түсіне бастағандаймыз»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет