Сабақ жоспарларын әзірлеу тақырыбындағы дипломдық жұмысты ұсынуға рұқсат етсеңіздер



Дата03.05.2023
өлшемі17,98 Kb.
#175939
түріДоклад
Байланысты:
Доклад
1-тапсырма, 2 тапсырма

Доклад
1-бет. Қайырлы күн комиссия мүшелері. Назарларыңызға «Қатты дене динамикасы» тақырыбы бойынша тірек конспектілер мен сабақ жоспарларын әзірлеу тақырыбындағы дипломдық жұмысты ұсынуға рұқсат етсеңіздер.

2-бет. Бұл тақырып мектеп оқушылары үшін өзекті. Соңғы уақытта мектеп оқушылары олимпиадаларда және өзіндік жұмыстарда өздерінің «Қатты дене динамикасы» бөлімін дұрыс түсінбеген немесе толық қарастырмағанын байқадым. Сондықтан, «Қатты дене динамикасы» бойынша зерттеу жұмыстарын жүргіздім.


3-бет. Зерттеудің мақсаты- қатты дене тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндіру.


Зерттеу міндеттері.



  • БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА СӘЙКЕС ЖАҢА САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ МЕН АНЫҚТАМАЛЫҚ КОНСПЕКТІЛЕРДІ ӘЗІРЛЕу

  • ҚАТТЫ ДЕНЕ ДИНАМИКАСЫ БОЙЫНША ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ

4-бет. Барлық жұмысты жүргізбес бұрын жоспары құрылғандай, мектеп мұғалімдері білім беру барысында кезең кезеңімен жоспар құрады. Бұл мектеп бағдарламасында-қысқа мерзімді жоспар деп аталады. Іс тәжірибе уақытында қысқа мерзімді жоспар құрастырдым. Сабақ жоспарын Мякишев және Кронгарт кітаптарына сүйене отырып әзірледім. Әзірлеу барысында, оқулықтарға шолу жасап

5-бет. қазіргі қолданыстағы 10 сыныптың Закиров кітабында мәліметтердің аз екенін байқадым. Және де, зерттеулер жүргізу барысында, көптеген мұғалімдер Закиров кітабын пайдаланбайтындығына көзім жетті. Себебі, берілген көп мәліметтер мектеп оқушылары үшін ауыр тілде жазылған.


Болашақта оқушыларды олимпиадаларға , ұлттық бірыңғай тестілеуге немесе жақсы мамандар дайындау үшін Мякишов және Кронгарт кітаптарын біріктіріп мектеп бағдарламасына енгізу керек деп санаймын. Себебі, Мякишов кітабында тақырыптар толығымен ашылып, оңай әрі түсінікті жазылған, ал Кронгарт кітабында көбіне практикалық жұмыстарға, яғни есептерге көп көңіл бөлінген. Мякишев және Кронгарт кітаптарын пайдалана отырып, бірқатар есептер шығардым. Есептер дипломдық жұмыста көрсетілген.

6-бет. Ал енді есептерге келетін болсақ, Бұл есепті шығару үшін алдымен Ньютонның екінші заңын жалпы түрде жаздым. Бұл жерде денеге әрекет ететін күш, ауырлық күші, тірек реакция күші, үйкеліс күші қарастырылған. Ауырлық күш пен үйкеліс күші үдеуді тудырады. Ох және Оу осінде денеде қозғалыс жоқ. Mg-N-Fsina нөлге тең болады. Осы жерден N ді тауып аламыз.


7-бет. Педагогикалық эксперимент. Іс-тәжірбие кезінде Қызылорда қаласы,


Ә.Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің 10 «А» сыныбына педагогикалық эксперимент жүргіздім.Ең алдымен, оқушылардың білім деңгейін анықтау мақсатында, оқушылардан тест алдым. Алынған нәтижеге байланысты, білім деңгейлерін жоғарылату мақсатында Мякишев және Кронгарт кітаптарын пайдаланып, оқушылармен жұмыс жасадым, әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдандым.
Бірінші -диалогтық әдіс болды. Диалог оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып қана қоймай, білім деңгейлерінің жоғарлауына үлес қосады әрі оқушылардың физикалық тілде сөйлеуін дағдыландырады.
Екінші - оқушыларды сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытуға тырыстым.Бұл оқушылардың өздігінен түсінуіне, ұғынуына мүмкіндік береді.
Үшінші-ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдандым. Педагогикалық эксперимент барысында АКТ-ны қолдану оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге оң ықпал етті және қарапайым көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестерімен әр түрлі тәжірибе нәтижелерін көріп, сезіну мүмкіндігін берді.
Осы жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың деңгейі диаграммада көрсетілгендей жоғарылады.

8-бет. Бұл жерде оқушылармен жасалынған кері байланыс көрсетілген. Оқушыларға бірнеше сұрақтар қойылып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.


9-бет. 3 ай ішінде жасалған жұмыс нәтижесінде Әбубәкір Тыныбаев атындағы №11 мектеп-лицейінің директоры алғыс хатпен марапаттады.


10-бет. Қорытынды


Мякишев пен Кронгарт кітаптарын пайдалан отырып, қысқа мерзімді жоспар жасадым және де бірқатар есептер шығардым. Болашақ мұғалім ретінде осы екі кітапты пайдалану барысында оқушылармен жоғары нәтижелерге, көптеген жетістіктерге жететініме сенімдімін.


11-бет. Назар аударғандарыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет