Сабақ конспектілері №1 дәріс конспектісі Дәріс тақырыбы:



бет5/9
Дата29.03.2020
өлшемі1,95 Mb.
#61050
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ЭН курсынан дәрістік сабақ конспектілері

№5 дәріс конспектісі

Дәріс тақырыбы: «Су (гидравликалық) электр станциялары (СЭС). Гидроаккумуляциялаушы электр станциялары (ГАЭС)»

Гидравликалық қозғалтқыштардың қолдана бастағанына 2000 жылдан артық уақыт өтті. Ең әуелі механикалық энергияның көзі ретінде жекеленген су доңғалақтары қолданса, кейін жекеленген су турбиналары қолданылып, нәтижесінде гидростанциялар өмірге келді.

ЖЭС-мен салыстырғанда СЭС-ы тек қана отынды үнемдеу мен энергетика проблемаларын тиімді шешуге қатысты мәселерде ғана емес, сонымен бірге келе тасымалы, жерді суландыру, сумен қамтамасыз ету сияқты проблемаларды шешуде де артықшылықтары байқалады.

СЭС-ті пайдалану тәжірибесі оның маневр жасауға қолайлылығын, жұмыс жасау сенімділігін және пайдалануда аз шығындылығын, қызмет ету персоналдар санының аздығын қызмет ететіндігін және кең ауқымдық басқару мүмкінділігін электр энергиясын өндіру процесін толық автоматтандыруға болатынын көрсетті. Қазіргі қолданыстағы гидравликалық турбиналардың ПӘК-і 93 %-ға дейін баруда. СЭС-те өндірілетін энергия ЖЭС-те өндірілетін электр энергиясынан арзан.

Ірі энергетикалық жүйелер үшін гидроагрегаттардың маневрлығы аса маңызды болып саналады, себебі жүктеменің шұғыл ұлғаюында, әсіресе жүйедегі апаттық жағдайларда резервтік агрегаттарды тез қосу арқылы компенсациялауға болады. Сонымен бірге, СЭС агрегаттарының консструкциясы ЖЭС-пен салыстырғанда қарапайым, ал электр энергиясын өндіру процесі күрделі емес. Бірақ, СЭС-ті салуға кететін алғашқы шығын ЖЭС-ке қарағанда жоғарырақ екенін айта кету керек.

Қазір қолданылатын гидротехникалық құрылыстар күрделі кешеннен тұрады. Бөгет (плотина) тіректі құру үшін және одан суды, мұзды өткізу үшін қызмет етсе, суды бекіту құрылғысы суды беру, суландыру, сумен қамтамасыз ету және т.б. үшін қызмет етеді. Шлюздер, салдар, бөрене түсіргіштер, аймақтар (гавань) және т.с.с судағы тасымалдау көлігінің құрылымдары болып табылады және бөгетті тұрғызғаннан кейін өзен көлігін пайдалану жағдайын сақтап, жақсартып отырады. Дамбалар мен бөгендер су ағындарын бағыттау үшін жасалатын, гидро түйіннің реттеуші бөліктері болып табылады. Гидро түйіннің энергетикалық құрылғысы – бұл су станциясы, оның машиналық залы, тарату құрылғылары, сораптың (насос) агрегаттар және т.б. – электр энергиясын өндіру мен тарату үшін қызмет істейді.

Қазіргі кезде күшті ағынды тау өзендері мен аз ағынды жазық өзендерінің энергияларын қолдануға арналған әртүрлі географиялық жағдайларда СЭС-ті салудың әдістері құрылған.

Су энергетикалық қондырғыларында (СЭҚ) судың энергиясын қолданудың үш түрі бар:



  • өзендердің энергиясын пайдаланатын су электр станциялары (СЭС);

  • мұхиттар мен теңіздердің толқыны және құйыллл пайдаланатын, тасқындық электр станциялары (ТЭС);

  • жасанды тоғандау мен көлдердің энергиясын жинақтауға және пайдалануға арналған, гидроакккумуляторлаушы станциялар (ГАЭС).

СЭС-тің басқа станциялардан нақты артықшылығы, ол-мәңгі қайта жаңаратын энергетикалық қорларды қолданылуы: СЭС-те су қолданылады, ол СЭҚ-ның жұмысынан болып құрып кетпейді және толығымен сақталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет