Сабақ үлгісі Орындаған : Жарасова г тексерген: Караева Т


Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар



бет2/5
Дата15.12.2021
өлшемі25,1 Kb.
#100793
түріСабақ
1   2   3   4   5
Тренинг жүргізуге қойылатын талаптар:

  • Оқушылар бір – біріне жүзбе – жүз отыратындай етіп айналдыра орындықтар қоюға мүмкіндігі бар кең бөлме (бұл жағдайда еркін пікір алмасуға, жаттығулар мен серігу кезеңдерін жүргізуге ыңғайлы болады. Бір – біріне сенімділік артып, назарға іліккен әрекеттерге қызығушылық танытады, ынталы болады);

  • тренингке қатысушылар саны 20 – 25 адамнан аспауы керек (бұл сенім атмосферасын туғызатын және барлық қатысушылардың назарын тұрақты аударуға мүмкіндік беретін қатысушылар саны);

  • тренингке қатысушыларды марапаттап отыру және барлығының қатысуын қадағалау;

  • мұғалім әрбір жаттығудың кесімді уақытта жүзеге асырылуын қадағалауы керек;

  • тренингтің бастапқы сәті «танысу» жаттығуына арналып және «келісім» (топтың жұмыс ережесі) қабылданады;

  • теориялық тапсырмалар мен интерактивті жаттығулардың, сергітудің арасында сабақтастық болуы керек;

  • кез келген тренинг – сабақ басталар алдында мақсаты – міндеттері айтылады, ал соңында қорытынды пікірлер жинақталады. [3;102]

 

Тренинг түріндегі сабақты өткізген ұстаз:



  • өзара қарым – қатынас жасау мен хабарларды қабылдауға және ақпараттық мәліметтермен алмасуға дайын болу жағдайын жасау;

  • ой қозғау арқылы тілдік қарым – қатынас еркіндігі мен белсенділігін арттыру;

  • координация – іс қимылдағы өзара бағыттылық пен келісімділікті қамтамасыз ету;

  • мотивация – қажетті эмоциялар мен қызығу ынтасын тудыра білу, сол арқылы өзгерістерді бақылауға жол ашу;

  • қарым – қатынас орнату – байланыстар жүйесіндегі әркімнің өз орнын айқындай білуіне ықпал ету;

  • әсер етушілік – мінез – құлықтың және басқа да мүдде – тілектерінің өзгеруіне бағдар беруге жетекшілік жасауы керек.

Тренингтің мақсаты:

өзін-өзі тану, тұлғалық даму тәсілдерін таба білу;

— ойдың икемділігін, тапқырлығын талап ету, өзгешелігін дамыту;

— ойдың дәлдігі мен жылдамдығын жаттықтыру;

— қиялды, шығармашылық қабілетті дамыту;

— өзінің және өзгенің даралығын бағалау, өзін-өзі құрметтеу;

комуникативтік дағдыны дамыту, қарым-қатынастың түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеру;

— өзі, өз құқығы мен міндеттері туралы ойларын дамыту;

— көңіл-күйді көтеру, сезім мен эмоцияны реттеу.

Жоғарыда көрсетілген тренинг мақсаттарының қайысысы болмасын адам психологиясына тікелей қатысты болғандықтан, тренинг топтамаларының мынандай міндеттері бар:



  • өзін — өзі түсіну;

  • өзін — өзі реттеу;

  • қарым-қатынас жағдайында басқаларды түсіну;

  • қарым-қатынастың жаңа дағдыларын өз бойына қалыптастыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет