Сабақ мақсаты : Балалардың өзін-өзі тануына, адамгершілік құндылықтарын үйренуіне ықпал ету. Міндеттері



бет2/6
Дата19.02.2017
өлшемі0,97 Mb.
#10681
түріСабақ
1   2   3   4   5   6


Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм___14.10.2014____ № 7_____

Тақырып: Достық қымбат өмірде.

Құндылық: Достық

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты: «Достық», өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;

Дамытушылық:өзара сыйластық,өзара түсіністік,өзара көмек қарым-

қатынастарын дамыту;

Тәрбиелік: балаларды татулыққа,достыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы қарап шығу



Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

Сабақ тақырыбын ашу мақсатында тақтаға «Жүз теңгең болғанша-жүз досың болсын»дейтін мақал сөзді жазу және оны түсіндіру.

Достық қашанда бәрінен қымбат,егер қалтаңда жүз теңгең болса,оны керегіңе жұмсайсың.

Ал ,жүз досың болса ол сені қуанышқа бөлейді,сенің қасыңнан табылады.







5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Оқушыларға оқулықта берілген «Менің достарым» тақырыбында әңгіме құрастыру тапсырылады.Суреттерде балалардың бала-бақшадағы достары, ауладағы ойнайтын құрбыластары, сыныптастары,бірге серуендейтін достары бейнеленген.



  1. Жағдаятты талда(әңгімелеу).

Оқушыларға оқулықтағы суреттер арқылы берілген жағдаяттарды талдау ұсынылады.Суретте өздеріңе таныс мультсериалдар берілген.Олар бір-бірін үнемі түсінісе алмай жүрген кейіпкерлер.Ендеше,балалар осы кейіпкерлерді достастырудың амалдарын тапқандарың дұрыс.





Дәптермен жұмыс

Балаларға дәптер бетіне өз досыңа арнап сурет салу ұсынылады.








  1. Топпен ән айту.

«Дос болайық бәріміз!» Сөзі: Х.Талғаров, әні:И.Нүсіпбаев





  1. Үй тапсырмасы.

Өз досына тілек жазып келу




  1. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

-Балалар,біз бүгінгі сабақта достық жайлы әңгімелестік,өзіміздің достарымызды есімізге алдық.Достар арасындағы өзара көмек,өзара сыйластық туралы білдік.Достарымызды сыйлауды,бір-бірімізден кешірім,рұқсат сұрауды,қолда бар заттармен бөлісуді,өзара көмектесуді барлығымыз білсек және соны көрсете алсақ,онда біз сыйлы,ұйымшыл,тату боламыз.






Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм____21.10.2014____ № 8 сабақ_____

Тақырып: Достық қымбат өмірде.

Құндылық: Достық,сыйластық

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып : 1 «А» «Ә» «Б»





Сабақ мақсаты: «Достық», « өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік : балаларды достарымен жағымды қарым-қатынас жасауға үйрету;

Дамытушылық: өзара сыйластық,өзара түсіністік,өзара көмек

қарым-қатынастарын дамыту;

Тәрбиелік: балаларды татулыққа,достыққа,ұжымшылдыққа тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Достарыңа арнап тілек жазып келдіңдер ме?



Сабақ барысын талқылау:

  1. Әңгiмелеу (сұхбат).

Оқушыларға достық өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіндіру мақсатында «Қарлығаш пен дәуіт»атты ертегіні әңгімелеу.Балалар ертегіні мұқият тыңдайды.Балалар қарлығаш неге ренжіді? Не себепті көкек, қарғаларды достар деп атауға болмайды?




  1. Дәйексөз.

Оқушыларға дәптерде берілген «Досыңмен кездескенде сөзді неден бастайсың?» деген тапсырмасын орындауды ұсыну.

Балалар сәлемдесетінін қал жағдай сабақ жайлы сұрасатынын айтады.







  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ойын. «Мен қандай баламын?»

Тақтаға күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді.Қағаздың ортасына «Мен» деген сөз жазылады.Алдын ала оқушылар санына сәйкес қағаздан жасалған күннің шуағы тәріздес сары жолақтар балаларға таратылады.Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерінің бірін айтып, шумақты тақтаға кезекпен іліп отырады.Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.Тапсырма нәтижесі қорытындыланады.

-Балалар,бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған,шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық.Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр.Бізде сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлайық.Сонда ғана өзіңнің көңілің көтеріңкі болады.


  1. Дәптермен жұмыс

Оқушыларға дәптерде берілген «Досыңмен кездескенде сөзді неден бастайсың?» деген тапсырмасын орындауды ұсыну.

Балалар сәлемдесетінін қал жағдай сабақ жайлы сұрасатынын айтады







  1. Топпен ән айту.

Қол ұстасып,шеңбер құру.Бір-бірімізге қарап тұрып,шат көңілмен мына өлеңді айтайық.

Сөзі: Ә.Дүйсенбиев «Біз-өмірдің гүліміз» әні:Б.Ғизатов

Бал достыққа,жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта,

Нұр құштық та

Бақыттымыз бәріміз!





  1. Үй тапсырмасы.

Біз өмірдің гүліміз әнін жаттап келу




  1. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Оқушыларға сабақта үйренгендерін қорытындылауға көмектесу

-Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзіміздіжұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!







Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм___28.10.2014____ № 9 сабақ____

Тақырып: Сәлем берем ізетпен.

Құндылық: Әдептілікке баулу

Қасиеттер: сүйіспеншілік, мейірім, достық, сыйластыққа.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып : 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты: «Әдептілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік:Балаларға әдептілік сыпайылық,ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру;

Дамытушылық:Сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік:ізеттілікке,сыпайылыққа,әдептілікке,достыққа тәрбиелеу.








Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4.Дәйексөз.

«Сәлемдесу-әдептілік бастауы» деп жазылады және осы халық даналығын бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіріледі.-Амандасу-кездескен адамдардың бір-біріне амандық тілеуі,хал-жағдайын біліп,қуанышқа бөлеуі.







5.Әңгiмелеу (сұхбат).

«Сыпайы сөздер»

Алдын-ала дайындалған жеміс ағашының(жемістерінсіз) сұлбасы тақтаға ілінеді.Ақ қағаздан жасалған жемістер үстел үстіне жайып қойылады.Суреттің бір жақ бетіне тапсырмалар жазылған.Балалар әрбір жеміс суретінің бетіне жазылған сұрақ-тапсырмаларға дұрыс жауап берсе,жемісті ағашқа ілетіндігі туралы түсіндіріледі.Оқушылар өз қалаулары бойынша кезегімен шығып,жеміс суретінің біреуін таңдайды,өз еркімен шыққан оқушы сұраққа дұрыс жауап бере алмаған жағдайда,басқа бала жауап беруі мүмкін.Сол жауапты жеміс түстес маркермен жеміс суреті салынған қағаздың екінші бетіне үлкен етіп жазып,тақтаға жеміс ағашына іледі.Берілген жауаптар арқылы сыпайы сөздер құрастырылады.







6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Ойын-жаттығу. «Сыпайы сөзді қайда,қалай қолданамын?»

Мұғалім немесе оқушы кезегімен бір сыпайы сөзді атағанда,ол сөздің қайда,қалай қолданатынын бәрі бірігіп анықтайды мысалы: «Рұқсат етіңіз». Сыртқа шығып кетуге бола ма? ойын тапсырма бойынша жалғаса береді.


7. Дәптермен жұмыс

дәптер бойынша «Суреттерді бояп, «Әдепті бала»атты әңгіме құрастырыңдар» тапсырмасы беріледі.Баланың көмегімен жолдан өткен қарияның баланың басын сипап,алғыс айтып тұрған сәті.






8.Топпен ән айту.

«Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы, әні:Ф.Жолдасова







9.Үй тапсырмасы.

Дәптердегі суретті бояу үйде аяқтап келу тапсырылады.







10.Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.


жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!






Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм_18.11.2014___________ № 10 сабақ_____

Тақырып: Сәлем берем ізетпен

Құндылық: Әдептілікке баулу..

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты: «Әдептілік» ұғымының адамгершілік құндылығы ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері: Білімділік:Балаларға әдептілік сыпайылық,ізеттілік адами қасиеттер туралы түсінік беру;

Дамытушылық:Сыйластық қарым-қатынас дағдыларын дамыту;

Тәрбиелік:ізеттілікке,сыпайылыққа,әдептілікке,достыққа тәрбиелеу.





Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.


3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4. Сергіту сәті:

-Армысың,сұлу күн! (күнге қарап бас иеді.)

-Армысың,ашық аспан! (аспанға қарап бас иеді.)

-Қайырлы күн, баршаға! (құшақтарын жаяды.)







5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Әдеп әңгәмесін айтып беру.








6. Дәптермен жұмыс:

-Ұстазымен кездескенде қалай амандасар едің ?

-Жұмыстан келген ата-анаңды қалай қарсы аласын ?

-Сабақтан соң досыңмен қалай қоштасасың ?





7.Топпен ән айту.

«Балдырғандар әні» Сөзі:О. Әубәкіров, әні:Ш. Қалдаяқов






8.Үй тапсырмасы.

Дәптердегі суретті бояу.







9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11______ Мерзiм_25.11.2014_____ № 11сабақ_____

Тақырып: Тіл табыса білейік

Құндылық: Әдептілікке баулу..

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты: «өзара түсіністік» ұғымының адамгершілік

құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу;



Міндеттері: Білімділік: өзара түсіністік,өзара сыйластық,тіл табысу туралы түсінік беру;

Дамытушылық:балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу

қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:балаларды өзара жағымды қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4. Сергіту сәті:

-Армысың,сұлу күн! (күнге қарап бас иеді.)

-Армысың,ашық аспан! (аспанға қарап бас иеді.)

-Қайырлы күн, баршаға! (құшақтарын жаяды.)







5.Әңгiмелеу (сұхбат).

Оқушыларға өсиет әңгіме айтып беру.








6. Дәптермен жұмыс:

-Ұстазымен кездескенде қалай амандасар едің ?

-Жұмыстан келген ата-анаңды қалай қарсы аласын ?

-Сабақтан соң досыңмен қалай қоштасасың ?






7.Топпенен айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып «Біз бақытты балдырғандармыз» әнін айтады.

Асыр салып ойнаймызда,Ән шырқаймыз билейміз,

Үлкендерді сыйлаймыз да тентектерді сүймейміз.

Біз бақытты, біз-бақытты,

Біз-бақытты балдырған.






8.Үй тапсырмасы.

Дәптерге тіл табысу туралы әңгіме жазып келу.






9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!





Өзiн-өзiтану сабағының жоспары
Мектеп_№11_____________ Мерзiм_2.12.2014______ № 12сабақ_____

Тақырып: Тіл табыса білейік

Құндылық: Сыйластық.

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, мейірім, достық.

Мұғалiм: Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып: 1 «А» «Ә» «Б»




Сабақ мақсаты: «өзара түсіністік» ұғымының адамгершілік

құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу;



Міндеттері: Білімділік: өзара түсіністік,өзара сыйластық,тіл табысу туралы түсінік беру;

Дамытушылық:балалардың өзін және басқа адамдарды түсіне білу

қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік:балаларды өзара жағымды қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.







Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.


2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Дәптердегі берілген тапсырманы қарап шығу.



Сабақ барысын талқылау:

4. Сергіту сәті:

-Армысың,сұлу күн! (күнге қарап бас иеді.)

-Армысың,ашық аспан! (аспанға қарап бас иеді.)

-Қайырлы күн, баршаға! (құшақтарын жаяды.)







5.Әңгiмелеу (сұхбат)

Сабақта оқушылардың тіл табысу туралы білімдерін кеңейту үшін М.Төрежановтың «Аяқталмаған ойын » атты әңгімесін оқу.








6. Дәптермен жұмыс:

Оқушылар дәптерде берілген тапсырманы орындайды.

Тіл табысып ойнау үшін не қажет?

Суретті бояп өз ойларыңды айтып беріңдер?








7.Топпен ән айту.

Балалар мұғаліммен бірге шеңберге жиналады. бәрі қосылып «Дос болайық бәріміз!» әнін айтады.








8.Үй тапсырмасы.

Достар тілін ұғамын» атты ата –анасының көмегімен шығарма жазып келу.






9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

Оқушыларды шеңберге жинап,тіл табысу қажеттілігі мен маңыздылығын қорытындылайды «Балалар, бір-бірімізбен тіл табысу үшін не қажет деп ойлайсыңдар?»деген сұраққа балалар өз ойларын айтып,кезекпен жауап береді.







Каталог: uploads -> doc -> 09ae
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09ae -> Сабақтың тақырыбы: Америка Құрама Штаттары Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет