Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Кинематика»


IV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушыларлың есептерін тексеру



бет12/23
Дата23.05.2018
өлшемі16,29 Mb.
#40642
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

IV. Карточкамен жұмыс жасаған оқушыларлың есептерін тексеру.

V. Үйге тапсырма: А.П.Рымкевич. Физика есептер жинағынан: №488,№489,№490.

VI.Қорытындылау.




10-сынып.

Сабақ тақырыбы:§4.7.Нақты газдар. Ван-дер Ваальс теңдеуі.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға нақты газдар, Ван-дер Ваальс теңдеуі, аса қаныққан газ, аса қыздырылған сұйық , кризистік температура туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

  3. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақ түрі:аралас

Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1873 жылы голланд физигі Ван-дер-Ваальс егер молекулалардың қасиеттері жайлы көзқарастарды өзгертсе, яғни олардың өзара әрекеттесуіне және молекулалардың өлшемдеріне түзетулер енгізсек, онда практика мен теорияның нәтижелерінде үйлесімділікке жетуге болатынын көрсетті.

Нақты газдың бір молі үшін молекулалардың өзара тартылыс күшін ескерген кезде Менделеев –Клапейрон теңдеуі: (p+a/V2)V=RT

а түзетуі молекулалардың өзара тартылыс күшін ескереді. Бұл Менделеев-Клапейрон теңдеуіне енгізілген бірінші түзету.

Екінші түзету: (p+a/V2)(V-b)=RT – нақты газдар үшін Ван-дер-Ваальс теңдеуі.

Осы теңдеу теория мен практика арасында дұрыс үйлесімдік береді, мұның өзі осы күнгі техникалық деңгей үшін жеткіліксіз болады. Сондықтан практикада бұдан да күрделірек теңдеу пайдаланады.

V3-(b+RT/p)V2-aV/p-ab/p=0

Бұл теңдеудің графигі Ван-дер-Ваальстік изотермасы деп аталады.



АВ – қанықпаған бу.

ВС –сұйық фаза.

ВВ1 ,СС1 – метаорнықты күйлер.

В1С1 –табиғатта кездеспейтін күй.

Қисықтың жоғарғы өркеші аса қаныққан буға сәйкес келеді. Аса қаныққан буды нақты газды изотермалық түрде сығумен ғана емес, қаныққан буды салқындата отырып та алуға болады. Сондықтан аса қаныққан буды аса салқындатылған бу деп те атайды.

Изотерманың төменгі өркеші сұйықтың аса қыздырылған сұйық деп аталатын күйіне сәйкес келеді.

Кризистік күй деп тепе-теңдіктегі екі фазалық жүйенің екі фазасының да өздерінің қасиеттері бойынша тепе-тең болатын шектік күйін айтады.



Әр түрлі температураларға сәйкес келетін Ван-дер-Ваальс изотермалары аумағы.


ІV.Пысықтау.

  1. Ван-дер-Ваальс қандай түзетулер енгізді?

  2. Ван-дер-Ваальстің теориялық изотермасының тәжірибелік изотермасынан айырмашылығы қандай?

  3. Аса қаныққан газ дегеніміз не?

  4. Аса қыздырылған газ дегеніміз не?

  5. Газдың қандай күйі метеоорнықты деп аталады?

  6. Қандай температура кризистік деп аталады?

  7. Заттың кризистік күйі дегенді қалай түсінесің?

V.Есептер шығару.

VІІ. Қорытындылау.

VІІІ. Бағалау. Үйге тапсырма:§4.7. 10-жаттығу. №1, №2, №3.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы:§4.8. Газдардың техникада қолданылуы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға газдардың қасиеттері, олардың техникада қолданылуы туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

  3. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақ түрі:аралас

Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтар:

  1. Ван-дер-Ваальстің еңбегі қандай?

  2. Ван-дер-Ваальс қандай түзетулер енгізді?

  3. Ван-дер-Ваальс теориялық изотермаларының тәжерибелік қисықтан айырмашылығы қандай?

  4. Тәжірибелік изотермаларының АВ, ВС, СД бөліктерінде нақты газдарда қанадй физикалық процестер өтеді?

  5. Қандай газ қаныққан деп аталады?

  6. Оны қалай алады?

  7. Кризистік температура деген не?

  8. Заттың кризистік күйін қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Газдардың қайталанбайтын ерекше қасиеттері бар. Сондықтан осы қасиеттері оалрды түрліше, техникалық қондырғыларда пайдалануға болады. Газдардың әр түрлі қысымдағы қасиеттері түрліше болады. Үлкен қысым түсірілген газ серпімді дене бодып табылады. Р. Бойль ол газды «ауа серіппесі» деп атаған.

Газдың қысымын оның массасын, көлемін немесе температурасын өзгерте отырып басқаруға болады. Газдың сығылғыштығы оның үлкен массасын аз көлемде ұстауға мүмкіндік береді. Сығылған газды құбырлар арқылы үлкен қысыммен алыс қашықтықтарда тасымалдауға болады. Сонымен қатар газдың көлемі температураға тәуелді өзгереді. Бұл қасиеті техникада пайдаланады. Сиеретілген газдың жылуөткізгіштігі нашар, онда диффузия және жылу беру процестері басқаша өтеді.

Газдардың қолданылуы:

1. Газ амортизатор ретінде қолданылады.

2. Газ қозғалтқыштардың жұмыстық денесі ретінде алынады.

3. Сиретілген газдардың қолданылуы.



  • Сұйық газдарды сақтайтын Дьюар ыдыстары.

  • Жоғары вакуум электронды-сәулелік түтіктерде қолданылады.

  • Элементар бөлшектердің үдеткіштерінде де жоғары вакуум жасайды.

4. Жоғары вакуумды алу.

IV. Пысықтау.

  1. Газдарда техникада қолдануға мүмкіндік беретін, өздеріңе беліглі газдардың қасиеттерін атаңдар.

  2. Неліктен сығылған газдарды «газ серіппесі» деп атайды?

  3. Жұмыстық дене ретінде газдарды қолданатаын құралдырады тааңдар.

  4. Сиретілген газ дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Сиретілген газдар қайда қолданылады?

VІІ. Қорытындылау.

VІІІ. Бағалау. Үйге тапсырма:§4.8.

10-сынып.

Есептер шығару

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың «Молекулалық физика және термодинамика. МКТ негіздері» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге үйрету.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

  3. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс

Таратпа материалдар: карточкалар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындап келгендерін тексеру.

  1. Газдарда техникада қолдануға мүмкіндік беретін, өздеріңе беліглі газдардың қасиеттерін атаңдар.

  2. Неліктен сығылған газдарды «газ серіппесі» деп атайды?

  3. Жұмыстық дене ретінде газдарды қолданатаын құралдырады тааңдар.

  4. Сиретілген газ дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Сиретілген газдар қайда қолданылады?

ІІІ. Есептер шығару.

8- жаттығу. №8.

Егер абсолют температурасын 30%-ға азайтса, онда неон атомының орташа кинетикалық энергиясы қанша есе өзгереді?



Берілгені:
Шешуі:

Неон атомының бастапқы күйдегі орташа кинетикалық энергиясы:



Соңғы күйде бұл энергия мынаған тең:



Энергияның өзгеру: , яғни 1,43 есе азаяды.




Т=0,7T0

MNe=20ּ10-3кг/моль





8-жаттығу. №15.

Температурасын 370С-тан 400С-қа арттырғанда су буы молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы қанша пайызға артады?



Берліген:
Шешуі:

Т1 температурады су буы молекулаларының квадраттық жылдамдығы:

Т2 температурады су буы молекулаларының квадраттық жылдамдығы: .

Т1-ден Т2 температураға дейін температураны арттырғанда молекулалар жылдамдығының артуы:






t1=370C

t1=400C


9-жаттығу. №3.

Изотермалық сығылу процесінде газдың көлемі ∆V1=2л-ге кемиді. Осы кезде оның қысымы 20 %-ға артады. Егер көлем ∆V2=4л-ге азайған болса, онда оның қысымы қанша пайызға артқанда болары еді?




Шешуі:

Бойль-Мариот теңдеуін қолданамыз:



Газдың бастапқы сығылу кезінде оның түрі мынадай болады:



Газдың қайталап сығылу кезінде теңдеудің жазылатын түрі:








Берілгені:




9-жаттығу. №7. *

Идеал газ pV2=const заңы бойынша ұлғаяды, мұндағы р-газ қысымы, V-алатын көлемі. Егер газдың көлемін 3 есе арттырсақ оның температурасы Т2=100 К болады, газдың бастапқы Т1 температурасын табыңдар.



Берілгені:
Шешуі:

pV2=const (1) теңдеуін T, V параметрлері арқылы жазайық. Менд.-Клапейрон теңдеуінен



Бұл қатынысты қысым үшін (1) теңдеуге қояйық:

=const немесе

pV2=const

V2=3V1

T2=100 K



T1=?


9-жаттығу. №15*

Алыс ғарыштық байланыс үшін қалыпты жағдайдағы ауамен тотырылған, көлемі 1000 м 3 серік пайдаланылады. Метеорит серіктің корпусында ауданы 1см2 тесік тудырады. Серіктің ішіндегі қысымның 1%-ға өзгертетін уақытты табыңдар. Газдың температурасы өзгермейді деп есептеңдер.



Берілгені:
Шешуі:

Ох осіне перпендикуляр ауданы S тесіктен шығатын молекулалар массасы:



(1)





, ал болғандықтан, онда Менд. –Клапейрон теңдеуінен: , (4)-ті (3)-ке қойсақ, онда:




t-?


VІІ. Қорытындылау.

VІІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: 9-жаттығу. №8, №9.

10-сынып.

Есептер шығару

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушылардың «Молекулалық физика және термодинамика. МКТ негіздері» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығару барысында қолдана білуге үйрету.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

  3. Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс

Таратпа материалдар: карточкалар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай орындап келгендерін тексеру.

ІІІ. Есептер шығару.

10-жаттығу. №4.

Жұқа қабырғалы массасы 5 г резеңке шар азотпен толтырылған және көлге 1 м тереңдікке батырылған. Егер шар осы тереңдікте тепе-теңдік күйде болатын болса, азоттың массасын табыңдар. Атмосфералық қысым 760 мм. сын. бағ. өзенннің түбіндегі температура 40С. Резеңкеде пайда болатын серпімділік күшін ескермеңдер.



Берілгені:
Шешуі:

Шар тепе-теңдік күйде h тереңдікте орналасады, егер



-ауырлық күші,

-Архимед күші

Шар жұқа қабырғалы болғандықтан, онда оның көлемі мен онда орналсқан азоттың көлемі бірдей және



. Осыны ескергенде шардың тепе-теңдік шарты жазылады:

m1=5 г

h= 1м

p0=760 мм.сын. бағ.



t=40C

10-жаттығу. №5.

Бір жағы бітеу, ұзындығы 76 см түтікшені вертикаль қалыпта ашық жағымен сынабы бар ыдысқа батырады. Түтіктегі сынаптың деңгейі ыдыстағы сынаптың деңгейінен 7,6 см төмен тұруы үшін түтіктің бітеу ұшы сынап бетінен қандай қашықтықта болу керек? Атмосфералық қысым 105 Па.




Шешуі:

Тепе-теңдік жағдайда түтікшенің ішіндегі ауа қысымы р атмосфералық қысым р0 менн гидростатикалық қысымның қосындысына тең:



Тұтікшенің батуы тұрақыт температурада болады деп есепетп Бойль-Мариот заңы бойынша жазуға болады:







Берілгені:






10-жаттығу. №6.

Екі жағы да бітеу горизонталь жатқан түтіктің ішінде ұзындығы 10 см сынап бағаны бар. Түтіктің екі жағындағы қысымы 760 мм. Сын. Бағ. Түтіктің ұзындығы 1 м. Егер түтікті вертикаль қойса, сынап бағаны қандай қашықтыққа жылжиды?



Берілгені:
Шешуі:

Түтікшені бұрғанда температурасы өзгермейді деп санағанда былай жазуға болады:



p1 мен p2-ні (1) –теңдеуге қоямыз. Сонда:



Осыдан х=3 cм.



р1 –вертикаль түтікшенің жоғары бөлігіндегі ауаның қысымы.

p2- төменгі бөлігіндегі ауаның қысымы.



(1)





х-?


10-жаттығу. №2*.

Көлемі V1 ыдыста қысымы p1 және температурасы Т1 біратомды газ бар, ал көлемі V2 ыдыста p2 және температурасы Т2 дәл сондай газ бар. Оларды қсоқанда ыдыстарда қандай қысым және қандай температура орнайды? Қоршаған ортамен және ыдыстардың қабырғаларымен жылу алмасуды ескермеңдер.


Шешуі:

Ыдыстарда орналасқан газдар біратомды болғандықтан, оларды қосқанда хаостық қозғалыстың қосынды кинетикалық энергиясы өзгермейді, яғни:







  1. –теңдеуден .

Менд. –Клапейрон теңд.


Берілгені:

V1

V2

p1

Т1

Т2

р-?

Т-?


VІІ. Қорытындылау.

VІІІ. Бағалау. Үйге тапсырма: 10-жаттығу. №1, №3, №7.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы:§5.1,§5.2. Ішкі энергия.Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері.

Сабақ мақсаты:

  1. Идеал газдың ішкі энергиясы, көп атомды газдың ішкі энергиясы,ішкі энергияны өзгерту тәсілдері туралы түсінік беру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

  3. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақ түрі:аралас

Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген есептердің шығарылуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Дененің ішкі эенргиясы оның барлық микробөлшектерінің сол дененің массалар центріне қатысты хаостық қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әрекеттесу, яғни потенциалдық энергиясының қосындысына тең болады.



Идеал газдың ішкі энергиясы:



Көп атомды газдың ішкі энергиясы дегеніміз – серпімді шариктер деп қарастыруға болатын молеклалардың ілгерілмелі қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы.

Екі атомды идеал газдың ішкі энергиясы молеклалардың ілгерілмелі қозғалысының кинетикалық энергиясы мен айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясының қосындысына тең.

Үш атомды идеал газдың ішкі энергиясы:



Бір күйден екінші күйге өткен кезде термодинамикалық жүйенің ішкі энергиясының өзгерісі сыртқы күштердің жұмыс мен жүйеге берілген жылу мөлшерінің қосындысына тең және ол осы өтудің қалай іске асатынына тәуелсіз.

∆U=Q-А немесе Q=∆U +А – термодинамиканың І заңы.

Ішкі энергия термодинамикалық жүйенің күйін сипаттайтын функция да, ал жұмыс пен жылу мөлшері қандай да бір процестің нәтижесінде жүйенің ішкі энергиясының өзгерісін сипаттайтын шамалар болып табылады.

Жұмыс пен жылу мөлшері жүйенің ішкі энергиясының өзгерісінің мөлшері болып табылады.

ІV. Пысықтау.

V. Есептер шығару. Рымкевич есептер жинағынан: №619, № 620,

VI. Қорытындылау. Бағалау. Үйге тапсырма: §§5.1. 5.2. №615, №316, № 617, №618.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы:§5.3. Механикадағы және термодинамикадағы жұмыс.

Сабақ мақсаты:


  • Оқушыларға термодинамикадағы жұмыс туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

  • Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақ түрі:аралас

Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Ішкі энергия деген не?

  • Заттың микроқұрылымы тұрғысынан алғанда ішкі энергия нені білдіреді?

  • Дененің ішкі энергиясын өзгерту үшін дене молеулаларының қандай параметрлерін өзгерту керек?

  • Идеал газдың берілген массасының ішкі энергиясы оның температурасына қалай тәуелді?

  • Зат мөлшерін азайтса, идеал газдың ішкі энергиясы өзгере ме?

  • Неліктен идеал газдың ішкі энергиясы газ молекуласындағы атомдар санына тәуелді болады?

  • Газдың ішкі энергиясын қалай өзгертуге болады?

  • Жылу мөлшері дегеніміз не?

  • Жұмыс деген не?

  • Жылу мөлшерінің, жұмыстың ішкі энергиямен байланысы қандай? Осы физикалық шамалардың ұқсастығын және айырмашылығын түсіндіріңдер.

  • Жүйені сипаттайтын қандай физикалық шамаларды күй функциялары деп қарастыруға болады?

ІІІ. Жаңа сабақ. (Сабақ презентация арқылы түсіндіріледі).

Механикада макроскопиялық денелердің қозғалысы қарастырылады. Егер күштің әрекетінен дене орын ауыстырса, онда шамасы:



Термодинамикада дененің тұтастай қозғалысы емес, макроскопиялық дененің ішіндегі дара микробөлшектрдің бір-біріне қатысты салыстырмалы орын ауыстырулары қарастырылады.




Газдың атқаратын жұмысы:

Газ көлемі өзгергенде ғана жұмыс атқарылады.

Егер , онда газ оң жұмыс атқарады. Бұл жағдайда газдың өзі жұмыс атқарады.

Егер, онда газдың жұмысы теріс болады. Сыртқы күш жұмыс жасайды.







  1. формула бойынша газдың тұрақты қысымда атқарған жұмысын ғана, яғни изобаралық процесс кезінде атқарылатын жұмысты есептеуге болады.

Газ қысымының көлемге тәуелділік графигін изобаралық процесс үшін салайық:


Боялған фигураның ауданы газдың жұмысына тең.



Тұрақсыз қысымда жұмыс мына графикпен шектелген боялған фигураның ауданына тең, бірақ фигура басқаша болады.

Демек газдың атқаратын жұмысы болып жатқан процеске тәуелді.



ІV. Есептер шығару. А.П.Рымкевич есептер жинағынан: №622, № 623.

VI. Қорытындылау.

VIІ. Бағалау.

VIІІ. Үйге тапсырма: §§5.3. А.П.Рымкевич есептер жинағынан: №624, №625.
10-сынып.

Сабақ тақырыбы:§5.4.Жылу мөлшері. Калориметрлік тәжірибелер.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға жылу берілу, жылу мөлшері ұғымдарын қалыптастыруды жалғастыру, калориметр құрылысы, жылулық құбылыстарды зерттеудегі калориметрлік тәжірибелердің рөлі, жылу баланс теңдеуі туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

  • Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақ түрі:аралас

Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Газдың атқаратын жұмысының формуласын қорытып шығарыңдар.

  • Қай жағдайда газ оң, қай жағдайда теріс болады?

  • Үш процесс берілген: изохоралық, изобаралық, изотермалық. Қандай процесс кезінде газдың атқаратын жұмысы көлемнің өзгерісі кезінде максимал және минимал болады?

ІІІ. Жаңа сабақ. (Сабақтың түсіндірілу барысы презентация арқылы экранда демонстрацияланады).

Оқушыларға сұрақтар беру арқылы 8- сыныпта жылу мөлшері, жылу берілу туралы ұғымдар еске түсіріліп, жалғастырылады.



Калориметр–қоршаған ортамен өзара әрекеттеспейтіндей етіп оқшауланған денелер арасындағы жылу алмасуды бақылауға болатын аспап.


1-үлкенірек ыдыс

2-пробкалар (жылу өткізбейтін кеуек материал)

3-жұқа қабырғалы екінші ыдыс

4- жылу оқшаулағыш қақпақ.




Калориметр арқылы тәжірибе жүргізу.

1-тәжірибе.

Калориметрге су құйып, оның массасын m 1және t 1 температурасын өлшейміз. Сосын оған массасы m2 және температурасы t 2су құямыз. Біраз уақыт өткеннен кейін жылулық тепе-теңдік орнайды.

Тәжірибе барысында мына теңдік орындалады:

(1)
2-тәжірибе.

Массасы m 1және температурасы t 1 суға массасы m2 және температурасы t2 >t1 мыс денені саламыз. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін жылулық тепе-теңді орнайды. Бірақ енді массалар мен температуралар арасындағы байланыс басқа, (1) теңдіктің оң жағында k коэффициенті пайда болады:



(2).



(3

-салқын денеің алған жылу мөлшері.

-қызған дененің берген жылу мөлшері.

Жылу алмасу кезінде қызған дененің берген жылу мөлшері салқын дененің алған жылу мөлшеріне тең болады.



-жылу балансының теңдеуі.

ІV. Есептер шығару. 11-жаттығу. №4, №5, №6.

VI. Қорытындылау.

VIІ.Бағалау.

VІIІ.Үйге тапсырма: §§5.4. 11-жаттығу. №1 №2 №3.

10-сынып.

Сабақ тақырыбы:§5.5.Жылусыйымдылық.

Сабақ мақсаты:

  • Оқушыларға жылу мөлшері ұғымдарын қалыптастыруды жалғастыру, жылу сыйымдылық туралы түсінік беру.

  • Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

  • Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.

Сабақ түрі:аралас

Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:

  • Жылу берілу дегеніміз не?

  • Жылу берілу түрлерін атаңдар.

  • Жылу берілу механизмін түсіндіріңдер.

  • Калориметрдің құрылысы қандай және ол не үшін керек?

  • Жылулық құбылыстарды зерттеуде калориметрдің рөлі қандай?

  • Жылу баланс теңдеуі нені білдіреді?

ІІІ. Жаңа сабақ. (Сабақтың түсіндірілу барысы презентация арқылы экранда демонстрацияланады).

-заттың меншікті жылу сыйымдылығы.

Заттың меншікті жылу сыйымдылығыдегеніміз –температурасын 1 К-ге жоғарылату үшін дененің бірлік массасына қанша жылу мөлшерін беру керек екенін көрсететін физикалық шама.

Өлшем бірлігі 1 Дж/кгּК.

Тұтас дененің жылулық қасиеттерін сипаттау үшін –дененің жылусыйымдылығын С пайдаланады.



Өлшем бірлігі 1Дж/К.

Заттың бір молінің жылу сыйымдылығы мольдік жылу сыйымдылық деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет