Сабақ Математика Күні: 16. 11. 2016ж Сынып: 1 «Б» Мектебі: «Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп» кмм мұғалімі: Малжанова Ш. Б. Қатысқандар саны



Дата22.08.2017
өлшемі206,74 Kb.
#24469
түріСабақ

39-сабақ Математика

Күні: 16.11.2016ж

Сынып: 1 «Б»

Мектебі: «Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ

Мұғалімі: Малжанова Ш.Б.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Қосудың шаршы түріндегі кестесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.2.4 біртаңбалы сандарды ондықтан аттамай қосу кестесін құру, білу және қолдану


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: қосудың шаршы түріндегі кестесінің көмегімен бір таңбалы сандарды ондықтан аттамай қосуды біледі және қолданады;

Оқушылардың басым бөлігі: қосуға байланысты өрнек құрып, мәнін таба алады.

Кейбір оқушылар: қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.

Жетістік критерийлері

Қосудың шаршы түріндегі кестесін пайдаланып қосуға байланысты математикалық өрнектер құрастырады және шығара алады

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды достық қарым-қатынасқа, байқағыштыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, орыс тілі

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, слайд

Тілдік құзіреттілік

Бір-один-one ,екі-два-two ,үш-три-three ,төрт-четыре-four ,бес-пять-five

алты-шесть-six ,жеті-семь-seven ,сегіз-восемь-eight ,тоғыз-девять-nine , он-десять-ten



Алдыңғы меңгерілген білім

Қосу кестесін құрастыруды, қолдануды біледі


Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

3 минут

Психологиялық дайындық

Мұғалім:

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Оқушылар:

Қол алысып ,қане,біз

Достасайық бәріміз

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру.

Қандай жақсы дос болу!



Оқушыларды сабақтың оқу мақсатымен таныстыру

Қосудың шаршы түріндегі қосу кестесінің көмегімен сандарды қосуды үйренеміз


Шаттық шебері




Сабақтың ортасы

28 минут

Тапсырма №1

Бағалау критерийі:

Қосудың шаршы түріндегі кестесінің көмегімен қосындының мәнін таба алады.

(МК, Т, Ө, Қ ) -Біз өткен сабақта қосу кестесін қолдануды үйренгенбіз.

-Қандай сандарды қосып, азайта аламыз?



1-ден 10-ға дейін қазақша, орысша, ағылшынша санату.

(МТ ) Қосудың шаршы түріндегі қосу кестесін қолдануды үйрету.

Өрнектегі бірінші қосылғыш-жолдың нөмірі,

Екінші қосылғыш-бағанның нөмірі

Ал баған мен жолдың қиылысында қосындының мәні

орналасады.
(МК, Ө, Қ ) Қосындының мәнін қосу кестесінің көмегімен тап.
Дескриптор:

1.Қосудың шаршы түріндегі кестесін қолдана алады

2.Қосындының мәнін таба алады.


1-ден 10-ға дейінгі сандар

Әр оқушыға қосудың шаршы түріндегі кестесі

Таныстырылым

Әр оқушыға тапсырма үлгісі



Тапсырма №2
Бағалау критерийі:

Қосу кестесін қолданып, белгілі сандар арқылы мысалдардағы белгісіз санды табады.

(МК, Ж, Қ ) Шығарып көр.

Мысалдарда қандай сандар түсіп қалған?



Дескриптор:

  1. Қосу кестесін қолдана алады.

  2. Белгілі сандар арқылы белгісіз санды таба алады.




Әр жұпқа арналған тапсырма


Сергіту сәті

1 минут


Бейнекөрсетілім «Ырғақты би»

Оқушылар музыка ырғағымен билейді


Бейнекөрсетілім



Тапсырма №3
Бағалау критерийі:

Қосу кестесін қолданады;қосындының мәнін тауып,өрнектерді оқиды.

(МК, Т, Қ) Орындап көр. Уйлерде қандай сандар тұратынын айт.

Дескриптор:

1.Қосу кестесін қолданады.

2.Қосындының мәнін табады

3.Өрнектерді оқи алады.



Әр топқа А3 парақ қағазындағы тапсырма






(МК, Ө, Қ) Дәптермен жұмыс

1.Түсіп қалған сандарды орнына қой. Оқушылар қосудың шаршы түріндегі кестесі бойынша баған мен жол нөмірлеріне сүйене отырып, қалдырылып кеткен сандарды табады. Қосу нәтижелерін бос ұяшықтарға жазып қояды. Қосудың бірдей нәтижелері жазылған кестенің ұяшықтарын бір түспен бояйды..

2.Сандарды тап. Оқушылар тапсырманы орындай отырып, әріптің артында қай сан жасырынғанын анықтайды. Мысалдар құрастырып, оларды жазады.

Жұмыс дәптері

Сабақтың соңы

3 минут


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

  1. Жауап беріп талпынған оқушыларды «жарайсың», «жақсы», «өте жақсы» деген мадақтау сөздер айтып, смайликтер арқылы бағалау.

  2. Тапсырма

Қосу кестесін пайдаланып, өрнектердің мәнін табыңыз.

2+4 6+3 1+9 2+6 8+2 3+3 5+3


Бағалау критерийі:

Қосу кестесінің көмегімен өрнектердің мәнін табады.



Дескриптор: Білім алушы

1. Қосу кестесін пайдаланады;

2. Өрнектің мәнін табады.

Смайликтер

Әр оқушыға арналған тапсырма


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Рефлекция

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тақырыпты жақсы меңгеріп, талқылауға жақсы қатысып отырған оқушыларды қиналатын оқушылармен жұптастырып, біріншілердің көшбасшылық қабілеттерінің ашылуына мүмкіндік туғызу.

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.



Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім




Сергіту сәттерін өткізіп отырамын


Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Егер жоқ болса, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс өткізілген бе?

Сабақтың уақыты ұтымды пайдаланылды ма?

Сабақ жоспарына қандай өзгерістер енгізілді және неліктен?




Қорытынды

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:
2:
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)?

1:
2:
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?


Каталог: uploads -> doc -> 0f73
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f73 -> 3 сынып бойынша қазақ тілі пәнінен бақылау жұмыстарының банкісі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет