Сабақ Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы. 1-жұмыс



бет13/45
Дата17.02.2022
өлшемі89,78 Kb.
#132199
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45
Байланысты:
Зертханалық жұмыс
УМК Саясаттану және әлеуметтану - для студентов, 0, Musabekov UBT
Фотосинтез
13-жұмыс
Спирттегі пигменттер ертіндісін алу жолдары.
Қажетті құрал -жабдықтар: жас және кептірілген өсімдік жапырақтары, 96 %-ті спирт, кәрлен келісі, пробиркалар, воронка, пробирка шатативі, спиртшамы, су баннасы, қайшы, сорғыш қағаз.
Жұмыс барысы:Жас өсімдік жапырақтарын,ал клетка шырынында органикалық қышқылдары бар жағдайда қышқылды бейтараптау үшін бір шымшым бор ұнтағын қосып пайдаланады.Ал Қазақстан жағдайында қыс айларында да, жаз айларында да жабайы өсетін астық тұқымдас қияқтың жапырағын пйдалану керек.Алынған жапырақтың үлкен жүйкелерін алып тастап,қайшымен кәрлен келісінің үстіне ұсақтап туралады.Оны кәрлен езгісімен езіп алған соң үстіне аздап спирт құйып, тағы езіп штативтегі пробиркаларға немесе стаканға сорғыш қағазы бар воронка арқылы ерітінді сүзіледі.Алынған спирттегі пигменттердің түсі ашық меруерт жасыл түсті болады.
Пигменттер қоспасын алудың екінші жолы өсімдіктен жұлып алынған жас жапырақты қайнап тұрған суға 1-2 минуттай салып алып, ыдыстағы спиртке салып су баннасында қайнату арқылы пигменттерді спиртке шығарып сүзіп пайдаланылады.
Үшінші алу тәсілі:жас жапырақты ыдыстың ішіндегі спирттің үстіне ұсақтап турап қараңғыда 12-24 сағаттан кейін сорғыш қағаз арқылы сүзіп алынады.
Спирттегі өсімдік жапырақтарындағы пигменттер қоспасы,жоғарыда көрсетілген әдістің бірін пайдаланып,алынған қоспалар келесі жұмыстарда пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет