Сабақ Пән атауы: Функционалды синтаксис және оны оқыту


Сөз тіркесіне ұқсас шектеулі тіркестер (терминдік тіркестер) ұқсастықтары мен айырмашылықтары, дискрипторлар құрастыру



бет3/4
Дата12.02.2023
өлшемі66,07 Kb.
#168402
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Практикалық сабақ-2 Әлімғожа Д
Тұқымқуалайтын өзгергіштік және репарация, Мадд77
Сөз тіркесіне ұқсас шектеулі тіркестер (терминдік тіркестер) ұқсастықтары мен айырмашылықтары, дискрипторлар құрастыру.
Тiл ғылымында тiркескен сөздердiң байланысу жолдары бiрiне-бiрi өте ұқсас келетiнi белгiлi. Бұл заңды құбылыс. Өйткенi, сөз тiркесi толық лексикалық мағынасы бар сөздердiң синтаксистiк тәсiлмен байланысуы. Осы қасиетiне қарай қазақ тiл бiлiмiндегi сөз тiркесiн өз iшiнде еркiн тiркестер, фразеологиялық тiркестер, терминдiк тiркестер, түйдектi тiркестер деп топтастырамыз. Бұл тiркестерге ортақ болып тұрған нәрсе – сөз. Сөз – жалпы тiркес атаулыны тудыратын импульс, фактор. Сөздердiң тiркесуiнен пайда болған бiрлiктер сөз тiркесi болады.
Сөз тiркесi атаулының бәрiне ортақ тағы бiр нәрсе – тiркес құрамындағы екiншi компоненттiң тiрек сыңар болуы.
Терминдiк тiркестердiң құрамында тiрек сыңар мiндеттi түрде термин сөз болады. Тiрек сөздiң қай ғылым саласында жұмсалуына орай тiркестi терминдер де бiрнеше категориялық топтарға бөлiнедi: Мысалы, анотомиялық атауларға, астрономиялық атауларға, әдебиеттану атауларына, биологиялық атауларға т.б Термин сөздердiң iшкi түрiн анықтайтын семасиологиялық, атауыштық мағыналар болмайды. Мұндай мағыналары болмаған соң семантикалық мағыналарға да жiктелмейдi. Терминдер – ғылым, техника, өнер т.б саласындағы динамикалық процесстiң нәтижесiнен туатын атаулар. Терминдер бiр ғана зат не құбылысқа берiлген атау емес, заттар мен құбылыстардың болмысынан, зерттеудiң нәтижесiнен қалыптасқан атаулар. Мұндай атаулар тiлде тек ономасиологиялық қызмет атқарады. Тiркес құрамында грамматикалық қатынас болмайды.Терминдiк тiркестер тек синтаксистiк формалар арқылы ғана байланысады.
Терминдiк тiркестердiң ерекшелiктері:
1) құрамындағы сөздердiң ономасиологиялық жақтан тек терминдiк атауды бiлдiруi,
2) сөздiң iшкi түрiн анықтайтын семантикалық мағыналарының болмауы,
3) тiркескен сөздердiң бiр-бiрiне тәуелсiз келуi,
4) синтаксистiк тәсiлмен байланысып, грамматикалық қатынасқа түспеуi.
Терминдiк тiркестердiң ерекшелiгi құрамындағы сөздердiң ономасиологиялық қызметiне байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет