Сабақ тақырыбы §25. 60-жылдардың екінші жартысы мен 80-жылдардың бірінші жартысындағы ксро



бет8/8
Дата22.02.2018
өлшемі1,6 Mb.
#38175
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8


Осыдан өзім бір қорытындыға келдім. Егер де дұрыс мақсаттар мен дұрыс таңдалынып алынған деңгейлік тапсырмаларды берсек, оқушылар онымен де жұмыс істей алады. Бұл өз кезегінде, оқушының өздігінен ізденуіне, анализдеп синтездеуге, өз пікірін қорғауға көп септігін тигізеді. Өзге топтар да жұмыстарын ойдағыдай өз дәрежесінде қорғады. Мен сабақ барысында оқушыларды
әрбір орындаған тапсырмалары үшін «өте жақсы», «дұрыс» деген ынталандырушы сөздермен бағалап отырдым. Ең бастысы, оқушыларға бүгінгі сабақ түсінікті, қолжетімді,әрі қызықты өтті. Шығыс Еуропа мемлекеттерінің ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және экономикалық хал-ахуалдарын толық сипаттатыпп, оны картадан және деңгейлік тапсырмалардың көмегімен өздігінен ізденуіне дағдыландырдым. Сабақ соңында «Басбармақ» әдісімен кері байланыс алдым. Менің ойымша,бүгінгі сабақ балаларға ұнады.

Сабақта мұғалім тек қана лидер емес, ол керісінше стратег бола білуі керек. Сабақтың әрбір бөлімі, қалай, қашан, қандай дәрежеде өтетіндігі мұғалім жоспарлаған стратегияларға, әдіс-тәсілдерге байланысты.



Мен бұл сыныпта дарынды және көшбасшы балалардың көп екендігіне, оқушылардың өздігінен ақпаратты іздеп, сыни тұрғыдан ойлай алатындығына көзім жетті. Әрбір сабағымда диалогтік оқытудың атқаратын маңызы зор деп ойлаймын, себебі, әрбір сабақ өткізу барысында сұраққа жауап беру, топтарда өзара бірлесіп жұмыс жасау, өз пікірлерін білдіріп ортаға салу, сол мақсатының қаншалықты деңгейде орындалатындығын анықтауда диалогті оқыту басты рөл атқарады.



Сабақтың сәтсіз тұстары: уақыттың жетпей қалуы (рефлексия, кері байланыста)
Сабақтың сәтті тұстары: оқудағы жаңа әдіс-тәсілдердің қолданылуы, сергіту сәтінің оқушыларға өте қызықты болуы, топта талқылау, диалог, өзін-өзі бағалау, өздігінен матреиалдар іздеуі, сабақтың ең бастысы қолжетімді, сапалы өтуі.
Алдағы уақытта нені өзгертуім керек: кретериалды бағалауды әрбір сабаққа енгізу, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, уақытты тиімді әрі ұтымды пайдалану.
Нәтижелі білім алу үдерісі мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асады. Оқыту үдерісінің басында мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай қате ой-түйгендері бар және бұны қалай түзеткен дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды пайдаланады. Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын тұжырымдайды, бір-біріне кеңес береді, өзінің алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер-оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады. Осы айтылған мақсаттар мен әдістер қолданылғанда сабақтың сапасы мен қолжетімділігі арта түседі. Қорыта келе айтарым, мен бұл сыныпқа және барлық сыныптарды әлі де саралап, анализдеп жүрмін. Мұндағы менің мақсатым біреу ғана, ол-сабаққа 7 модульді енгізу арқылы сабағымның қызықты әрі қолжетімді болуы. Сол үшін өз дәрежемде ізденіп, әрбір сабағыма үлкен дайындықпен келіп жүрмін. Мен үшін мектептегі ең басты нәрсе, ол-сабақтың, білімнің сапасы. Білім сапасы мен үшін әрқашанда бірінші орында тұрады. Ол үшін бағдарламаның 7 модулін ықпалдастырып, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу маңызды . Ұстаздың мықты болуы, пәндік-теориялық білімінің жетілуінің мықты болуы үшін ұстаздың өзі бір орында тоқтап қалмауы керек. Барлығын анализдеп, синтездеп барып қана өзіңіз күтетін нәтижелерге қол жеткізуге болады. Алдағы уақытта өзімнің тәжірибелерім мен зерттеулерімді 7 модулді ықпалдастыра отырып, сыныптағы білім сапасы мен оқушылардың функционалдық сауаттылығын одан ары көтеруге бар күшім мен жігерімді салатын боламын.
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет