Сабақ тақырыбы: «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»



Дата04.05.2017
өлшемі40,19 Kb.
#15638
түріСабақ
Абакова Айжан Мамыраевна

№1 мектеп- гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Алматы облысы

Сарқан қаласы
Сабақ тақырыбы: «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»
Сабақ мақсаты:
Білімділік –Асан Қайғы баға берген жерлер тарихына кеңірек тоқталып, жалпы қазақ жерін әңгімелеу арқылы білімін толықтыру.
Дамытушылық - өз туған жерлеріне ойтолғау түрінде баға бергізу арқылы логикасын дамыту.
Тәрбиелік – туған жер табиғатымен, ел тарихымен таныстыру арқылы отансүйгіштікке, өз елі мен жерін құрметтеуге, қадір тұтуға тәрбиелеу.

ІІІ. Қолданылатын әдістер: түсіндіру, баяндау, салыстыру, сұрақ-жауап әдістері.


IV. Сабақ түрі: жаңа сабақ

VI. Сабақ барысы:


1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Өткен сабақтар бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.

Жаңа сабақ: Аңыз әңгімелер. «Асан Қайғының жерұйықты іздегені»

Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы - аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады.
Асан Қайғы туралы мәлімет: Асан Қайғы (шын аты-жөні Хасан Сәбитұлы XIV ғ/ң 2-жартысында, Еділ бойы –т.ө.ж. белгісіз) – қазақ жырауы. Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы ілкіде Сарайда, біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ-Мұхаммед ханның жанында болған. XV ғ/ң 50-жылдарында Дешті қыпшаққа қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды. Толғауларына қарағанда елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныс тебуін қалағаны байқалады.
Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған. Ел аузындағы аңыздарда да Асан Қайғы халқының қамын ойлап күңіренген абыз-жырау ретінде танылады. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмей «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Дүниедегі сондай «жерұйықты» іздеп, Асан Қайғы желден жүйрік желмаямен жердің жеті бұрышын кезеді. Болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап айтып отырады. «Жерұйықты» таба алмай, әбден қалжырап, Ұлытауға жеткенде дүние салады.

Тірек-сызба.


Асан Қайғы:
«Түбінде мал баққан шаруаға Маңғыстаудан жақсы жер болмас»,
«Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жақсы қоныс»,
«Ей, Аспара, көршіңмен тату бол, шөбіңе суың жетер»,
«Баянға жаймай, қой семірмес»,
«Жерің семіз, шөбің шүйгін, қарың мол, топырағың май екен, қадіріңді егін салған ел білер»,
«Айналаң жапан түз екен, тауыңның асты жез екен. Жұртың ашықпас»,
«Жылқының өзі өскен жоқ. Шыңғырлау, сен құт болған екенсің, сен өсірген екенсің!» - депті.

1. Каспий теңізіне сұғына орналасқан Маңғыстау түбегінде Маңғыстау таулары жатыр. Аласа жас таулар қатарына жатады. Ең биік тау жотасы-Қаратау, биік нүктесі Бесшоқы -556м. Маңғыстау таулары құм, кристалды тақта тастардан тұрады. Қара әктастан Қаратау, ақ әктастардан Ақтау түзілген. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан терең ойыс Қарақия ойысы бар-132 м. төмен. Маңғыстауда мұнай мен газ өндіріледі, мол қоры бар. Түбекте Ақтау қаласы әктастан салынған.


2. Жайық өзенінің сол жақ саласы Шыңғырлау өзені болып табылады. Өзен қар, жауын суымен қоректенеді. Шыңғырлау ауданы, Ақсай қаласының маңымен ағып өтеді, кейде Жайыққа жетпей қалады.

3. ІІ дүниежүзілік соғыс басталар алдында 12 көмір шахтасы жұмыс істеп, түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі Қарсақбай кен орны пайда болды. Орталық Қазақстандағы Жезқазған кен орны «Қазақстан магниткасы» деп аталады. Қарсақбай кен орны түсті металға бай.

4. Қырғыз тау жотасынан басталатын Аспара өзені ағып өтеді. Мерке жерінде ежелгі Аспара қаласы болған. Аспара өзені Жібек жолы бойында орналасқан. Аспара өзенінің халық шаруашылығында маңызы зор. Мал жайылымына қолайлы.

5. Баянауыл - Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы өлке. Батыстан шығысқа қарай 40-50 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 км созылып жатыр. Таудың биіктігі 600 м -1000м дейін. Ең биік тауы –Ақбет 1026 м.

Киелі жерім менің Баянауыл,
Тау-тасы, өзен-көлі бәрі асыл,
Осындай жер жаннатта туып өскен
Бақытты ғой, шіркін барша қауым.

6. Сарыарқаның оңтүстік-батысында Ұлытау жүйесі орналасқан. Ұлытау құмтастан, аралас жыныстардан, кристалды тақтатастан, граниттен тұрады.


Ұлытаудың биіктігі-1134м. Ұлытау қуаңшылық климатымен көзге түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 180-230мм. Шоқ-шоқ қарағай өседі. Жусан, бетеге, боз, көде, еркекшөп, сораң өседі.

7. Әулиеатаның батысындағы Жуалы Жамбыл облысындағы аймақта орналасқан. Ауыл шаруашылығы және ірі қара мал шаруашылығымен айналысады. Жуалы теміржол станциясы бар, ірі жол торабының бірі.

8. Жоңғар Алатауының солтүстік-шығысындағы созылып жатқан Жетісу тау сілемі Алакөл ойысының оңтүстік-батыс жағындағы ендік бағытта созылып жатыр. Биіктігі -2605м. Қызыл қоңыр топырағында әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өседі. Шыршалы орман өседі. Жетісу халық шаруашылығында мал жайылымына қолайлы.
9. Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы - Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйесі. Солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге, батыста ені 100 км, шығысында 250 км-ге жетеді.

Сөздікпен жұмыс:


Желмая – түйе.
Жиһан - дүние, жер-жаһан
Жерұйық –жайлы қоныс.
Түз - дала, мидай дала.

І топ (қатар)


Венн диаграммасы

Ертегі Ортақ Аңыз әңгіме


кейіпкерлері:дәу,жалмауыз кемпір,

Жеті басты жылан,аң,құс, ауыз әдебиетінің бір саласы тарихта болған адам

қиял ғажайып оқиға жай адамдар туралы


Тест.
1. Кендебай мінген тұлпарды ата.


а) Керқұла б) Кербесті в) Шалқұйық
2. «Ер Төстік» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.
а) Тазша бала б) Жалмауыз кемпір в) Кендебай
3. Жаман адамның хан болған кездегі аты.
а) Ерназар б) Мадан в) Аяз би
4. «Ер Төстік» ертегісіндегі жалмауыз кемпірдің қызының аты.
а) Бекторы б) Күңке в) Кенжекей
5. Қырық уәзір қай ертегідегі кейіпкерлер?
а) «Ер Төстік» б) Аяз би в) Қырық өтірік
6. «Аяз би» ертегісіндегі құстың жаманын белгіле
а) Қырғауыл б) Шеңгел в) Сауысқан
7. Қай шығарма аңыз әңгімеге жатады?
а) Асан Қайғының Жерұйықты іздегені
б) «Аяз би»
в) Қырық өтірік

Шығармашылық жұмыс.


Тапсырма: өзіңнің туған жеріңе Асан Қайғыша баға беріп көр.
(Әр қатар жазған тұжырымдамаларын өзара тексеріп, автор орындығына біреуін ұсынады.)

YII Бекіту. Төмендегі белгілер бойынша әңгімелеу.


а) Асан Сәбитұлының тарихта болғаны;
ә) Жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы;
б) Көрген жерінің бәріне қонымды баға беруінің мәні, оның шыңдыққа қатысы;
в) Әркімнің туған жері – жерұйық. Мүмкін сендердің туған жерлеріңе де Асан аталарың келген шығар?
:
YIII. Үйге тапсырма:92-93бет.Мәтінді оқу.Сұрақтарға жауап беру.
Каталог: uploads -> doc -> 08c5
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
08c5 -> Ана тілі 2- сынып Тақырыбы : Ұшқан ұя Мақсаты
08c5 -> Білім берудегі қазіргі заманғы технологиялар
08c5 -> Жұмыс бағдарламасы 1 сынып Факультатив жұмысының бағдарламасы 1 жылға арналған
08c5 -> Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев «Дарынды суретші» (2-сынып)


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет