Сабақ тақырыбы: Барлығы өзім туралы Мен кіммін? Мектеп: Күні



бет146/153
Дата07.02.2022
өлшемі18,1 Mb.
#93756
түріСабақ
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   153
Байланысты:
Дүниетану ҚМЖ

Сабақтың мақсаты:

1.1.4.1 жеке бас гигиенасын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

Сабаққа байланысты деректі материалдар



Сабаққа қатысты ескертпелер



Қазақ халқында «Денсаулық – зор байлық» деген мақал бар. Денсаулық дегеніміз не? Денсаулық – бұл жақсы физикалық жай-күй, өзін- өзі жақсы сезіну, жақсы көңіл-күй. Денсаулықты күту қажет. Денсаулықтың жақсы болуы адамдардың ұзақ әрі белсенді өмір сүруін қамтамасыз етеді, өмірдегі міндеттерді нәтижелі шешуге мүмкіндік береді.

Өз денсаулығын сақтау үшін жеке бас гигиенасын сақтау қажет. Ауыз қуысының гигиенасы туралы


адамдар өте ертеден ойланған болатын. Ежелгі мысырлықтар тіс тазартатын ұнтақ ретінде күлді пайдаланған. Ал микроскопты ойлап тапқан ғалым Антоний Ван Левенгук тісті тұзбен тазалауды ойлап тапты. Ол 91 жасқа дейін өмір сүрді және ешқашан да тісі ауырып көрген емес. Бірақ мұндай ұнтақ барлығына да ұнай бермеді. Петр І уақытында Ресейде тісті ылғалды шүберекті ұнтақталған борға батырып, тазалаған. XIX ғасырдың 20-жылдары ғана ұнтаққа аздап су және микробтарды өлтіретін заттар қоса бастады. Осылайша тіс тазартатын паста пайда болды.

Адамның жеке бас гигиенасы – бұл денсаулықты сақтау мен нығайтуға бағытталған талаптар мен нормаларды орындау. Жеке бас гигиенасын сақтаудың негізгі ережелері: теріні, тісті, шашты күту, киім мен аяқкиімді таза ұстау. Ұқыпсыз жүру – тек өзіңді ғана емес, сонымен бірге айналадағы адамдарды да құрметтемеу болып табылады.


Қазіргі кезеде адамдар жеке бас гигиенасына үлкен мән береді, бірақ ХVIII ғасырдың басына дейін адам бүкіл өмір бойы суға түспей жүре берген. Адамдардың көпшілігі суға шомылу дұрыс емес, ал өз денеңе су, әсіресе ыстық су тигізу әртүрлі аурулардың ағзаға енуіне мүмкіндік береді деп ойлаған. Егер адам шомылатын болса, онда ол суға киіммен түскен.



Қоржында не бар? Сабақты әдеттегіден тыс формада бастаңыз. Оқушыларды ынталандыру үшін оқулықтың бас кейіпкері Ботаның қоржынында не бар екенін табуды ұсыныңыз. Сабын, тіс пастасы, щеткасы, жөке, тарақ туралы жұмбақ жасырыңыз (бөлімге қосымша материалды қараңыз).
Оқушыларға «осы заттар не үшін қажет?» деген сұраққа жауап беруді ұсыныңыз.
Жауабы: Бұл заттар шашты, тісті, теріні күту үшін қажет.
Суреттерді салыстыр. Бұл тапсырма оқушыларға сабақ тақырыбын құруға көмектеседі. Оқушыларға оқулықтағы сұрақтарға жауап беруге тапсырма беріледі. Талқылау барысында тазалық – денсаулық кепілі екенін анықтау қажет. Оқулықтағы мәтінді оқу оқушыларға «гигиена» сөзінің лексикалық мағынасын өз бетімен құруға
көмектеседі.
Гигиена ережелері. Оқушыларға жұпта жеке бас гигиенасын құруға және бір-біріне әңгімелеуге тапсырма беріңіз. Бұл тапсырма жеке бас гигиенасын сақтаудың өмірлік дағдыларын бекітуге, шығармашылық ойлауды дамытуға көмектеседі. Әр топ оқушылары гигиена ережелерінің біреуін дене қимылымен немесе ымдау тәсілі арқылы көрсетуі тиіс. Оқушыларға бұл тапсырманы орындауға көмектесетін қосымша материалды ұсыныңыз. Жауабы: Күнделікті жылы сумен және балалар сабынымен жуыну қажет.
Шұлықтарды жиі ауыстыру қажет. Шашты таңертең және кешке тара. Таза киім ки.
Тырнағыңды уақытында ал.
Сен білесің бе? Шығармашылық қиялын дамыту мақсатында «Сен білесің бе?» тақырыбы бойынша білімін кеңейту үшін 1-тапсырманы ұсыныңыз.
Бұл айдарды қызықты фактілермен толықтыруға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   153




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет