Сабақ тақырыбы: Ұңғымаларды штангілі терең сорапты қондырғылармен пайдалану Мақсаты



Дата26.12.2022
өлшемі175,26 Kb.
#164433
түріСабақ
Байланысты:
такырып
2-лекция, Тақырып№5 2, Сайтта тіркелу нұсқаулығы - KAZ, El Umiti Talent олимпиадасына тіркелу нұсқаулығы KAZ

Сабақ тақырыбы: Ұңғымаларды штангілі терең сорапты қондырғылармен пайдалану


Мақсаты, міндеттері
Оқыту мақсаттар: Өндірудің технологиялық процесін бақылау
Сабақ мақсаты Ұңғымаларды штангілі терең сорапты қондырғылармен пайдалану жөнінде білім жүйесін меңгерту


Өткен тақырып бойынша үй тапсырмасын тексеру:
Төмендегі сұрақтарға жауап беру

  1. Ұңғыманы меңгеру процесі дегеніміз не?

  2. Ұңғыманы меңгеру кезінде кысымн қалай төмендетеміз?

  3. Көп жағдайда газ ағынын шақыруда қандай әдіс қолданылады?

  4. Ұңғыманы «тербелу» әдісімен қалай меңгереміз?



Жаңа сабақты түсіндіру:
Мұнай өндірудің фонтанды жəне компрессорлы əдістері жеткілікті қабаттық қысымда жəне айтарлықтай газ факторы болғанда ғана тиімді. Кен орнын игеру кезінде, белгілі уақыттан кейін қабат қысымы азайып, өндірілетін сұйықтың сулылығы өседі. Сəйкесінше, қоспадағы газ мөлшері азаяды да, скважинадағы өндіретін сұйық көлемі төмендейді. Мұнай өндірудің фонтанды əдісі мүмкін болмай, компрессорлық əдіс тиімсіз болғанда, олар мұнайөндірудің сорапты əдісімен алмастырылады.
Мұнайды өндіру үшін штангалы жəне штангасыз сораптар қолданылады. Штангалы сораптар жер бетіндегі жетектен, скважина сорабынан жəне металл штангасымен құралған тізбек түрінде жасалған аралық ұзын байланыстан тұрады.
Құрылысы мен əсер ету принциптерінің əртүрлі болуына байланысты терең сорапты қондырғылар мұнай өндіру саласында ғана емес, сонымен бірге су, гидротермалдық жəне т.б. скважиналарды пайдалануда кеңінен таралған. Терең сорапты қондырғылардың көп түрлі болуы оларды топтастыруды талап етеді.
Штангалы скважиналы сорапты қондырғылар (ШҰСҚ) - мұнай өндіру саласындағы ең кең таралған сорапты қондырғылар. Сораптың кең таралуы аз жəне орташа шығынды скважиналарды пайдалануда сəйкесті қарапайымдылығына жəне ыңғайлылығына негізделген.
ШҰСҚ жетектен (тербегіш-қондырғы), сағалық жабдықтан, сорапты штангы тізбегінен, СКҚ тізбегінен, скважиналы сораптан жəне қосымша жер асты жабдықтарынан тұрады.
Жетек қозғалтқыш энергиясын ілгері-кейінді қозғалатын сорапты штангы тізбегіне механикалық энергияға айналдырып беру үшін арналған. Жетек ретінде тербегіш-қондырғы төрт звеномен бірге (теңгергіш, шатун, кривошип жəне қозғалмайтын тірек) редуктор білігінің айналу қозғалысын теңгергіш басының ілгері-кейінді қозғалысына айналдырады.
Сорапты штангы тізбегі (1-сурет) бір-бірімен резьбалы қосылыспен қосылған жеке штангалардан тұратын серіппе түрінде дайындалады, жəне механикалық энергияны жетектен скважина сорабына береді.

Сурет 1 – Сорапты штангы жəне жалғағыш муфта
Скважина сорабы қозғалатын штанганың механикалық энергиясын айдалатын қабат сұйығының механикалық энергиясына айналдырады.
СКҚ тізбегі айдалатын қабат сұйығын жер бетіне көтеруге арналған канал ретінде қызмет атқарады жəне скважина сорабының цилиндрін ұстап тұруды қамтамасыз етеді.
СКҚ тізбегінің төменгі бөлігін шектейтін якорь, қабаттық сұйықтан скважина сорабына келетін газ жəне құмды бөліп тұратын газ жəне құм якорлары, кейбір жағдайларда клапан - ажыратқыштар.
Қосымша жер асты жабдықтары əр скважиналардың ерекшеліктеріне байланысты орнатылады, оларға төмендегілер жатады:
ШҰСҚ принципиалды ерекшеліктері - орындаушы механизм (сорап) жəне жетек (тербегіш-қондырғы) арасында ұзын механикалық байланыстың болуы. Орындаушы механизмге энергия осы механикалық байланыспен беріледі. Берілген байланыс диаметрі бойынша СКҚ ішкі өлшемдеріне байланысты шектелген, яғни оның диаметрі үлкейген сайын салмағы да өседі.
Штангы тізбегінің үлкен ұзындығы жəне сəйкесті кіші диаметрі сорапқа берілетін қуатты азайтады.
ШСҚ пайдалы қуаты аз тереңдікте 28 кВт жəне орташа тереңдікте 23кВт. ШҰСҚ-ны қолданудың тиімді облысы 100÷120 м3/тəу беріліспен жəне1500÷1800 м тереңдікте түсірумен шектелген.
ШҰСҚ жинақ түрінде келмейді, скважинада жекелеген түйіндермен жинақталады.
Зауытқа тапсырыс беретін негізгі бөлшектер: скважина сорабы, штангалар, тербегіш-қондырғы, құбырлар (СКҚ), сағалық жабдықтар.
ШҰС ұзын цилиндр, шарикті клапан жəне ұзын жүрісті плунжерлі сорап түрінде жасалады. Плунжер жоғары көтерілгенде ол цилиндр қабырғасымен жəне штангы арасындағы сұйықты айдайды, ал плунжер астындағы кеңістікте скважинадан сору клапаны арқылы сұйық ағып толады. Плунжер төмен түскенде сораптың айдау клапаны арқылы сұйық жоғары қарай көтеріледі, яғни бұл сорап − дифференциалды.
СКҚ тізбегіне бекітілу əдісі бойынша сораптар салынбайтын (құбырлы) жəне салынатын болып бөлінеді.


Жаңа тақырыпты бекіту:
Төмендегі сұрақтарға жауап беру:
1. Штанга тізбегіне бекітілу əдісі бойынша сораптар қандай түрге бөлінеді?
2. Сорапты штанга тізбегінің қызметі қандай?
3. Сорап плунжерінің қызметі мен құрылысы?
4. Сорап клапандарының қызметі мен құрылысы?


Рефлексия
Білім алушылар берілген қағазға өздерінің жаңа тақырыпты меңгергендігін көрсетіп тақтадағы кестеге стикерлер жапсырады.

Келешекте бәрі керек!



Ақпаратты өңдеймін



Бәрін лақтырамын





Бағалау
Оқытушы сабақты қорытындылап, әр кезеңдегі білім алушылардың жауаптарын талдап, бағаларын айтады.


Үйге тапсырма: Мұнай жəне газ өндіру техникасы мен технологиясы: Оқулық/Т. К. Ахмеджанов, А. Т. Қартабай, Б. Т. Ақашев. – Алматы: ЖСШ РПБК «Дəуір», 2011. – 464 бет.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет